Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
83.53 Кб
Скачать

2 Қауіпсіздік техникасының ережелері

Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.

Дербес компьютермен жұмыс кезінде жұмыс істеп отырған адамға компьютерден көптеген ағзаға зиянды факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы:

  • Электромагнитті сәуленің әсер етуі

  • Статикалық электртоғының көлемінің ұлғаюы

  • Ауадағы иондардың төмендеуі

  • Көздің тез шаршауы

Студенттің дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады

  • Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.

  2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.

  3. Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.

  4. Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.

Жұмыс бастар алдындағы техника қауіпсіхдік ережелері:

  • Жұмыс орнын дайындау

  • Құрысғының тоқ көзіне дұрыс қосылып тұрғанын тексеру

  • Құрылғы мен тоқ сымдарына назар салу, зақымданбағанын тексеру

  • Жұмыс үстелін тексеру, столда міндетті түрде кактус гүлінің болуы, компьютер экранының дұрыс орналасқанын тексеру жәнеүстел үстіндегі тазалықты тексеру

Жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігінің ережелері

Жұмысшыға компьютермен жұмыс барысында тыйым салынады:

  • Тоққа қосулы тұрған жүйелік блоктың артқы бөлігін ұстауға

  • Компьютер қосулы тұрған кезде жүйелік блокқа, маниторға, тышқанға, пернетақтаға, притер және сол секілді қосалқы құрылғаларға стигізуге

  • Компьтердің сымын тарту арқылы копьютерді өшіруге

Копьютермен жұмыс барысында жұмысшы демалыссыз 2 сағаттан артық жұмыс жасамауы тиіс мүмкіндігінше әр 20-30 минут аралығында үзіліс жасап отыру керек

Үзіліс кезінде жүйке жүйесінің демалуына, көздің шаршамауы үшін және де бел, омыртқа, мойынға салмақ түспеуі үшін арнай комплекстік жаттығуларды жасап тұру қажет

Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережелері

  • Компьтердің зақымданғанын байқаған жағдайда тоқ көзін өшіріп жетекшіге хабарлау қажет

  • Қателктерді жөнге келтіргенше жұмыс жасауға тыйым салынады

  • Жарақат алған жағдайда жетекшіге хабарлап, алғашқы көмек көрсету және жедел жәрдем шақыру

Жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздік ережелері

  • Компьютерді тоқ көзінен ажырату

  • Жұмыс орнын ретке кетіру

  • Бөлмедегі терезелерді жабу және де қолға және көзге арналған жаттығуларды жасауды ұмытпау

Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  • Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету:

1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);

2.Зақымданушыны ток әсерінен (сымнан) босату;

3. Дәрігер шақыру;

4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:

● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;

● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу керек.

2.1 Мекеме жөнінде мәлімет

2002 жылдың 20 ақпанындаҚазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының қызығушылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 100% иесі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ. «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ННК «Қазақойл» ЖАҚ және «НК «Мұнай және Газ тасымалдау» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықытық мирасқоры болып келеді.

«ҚазМұнайГаз» бүгін

Мұнай мен газды өндіру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.

Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.

Тасымалдау

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады.

Өңдеу

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады («Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодарский МӨЗ» ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.

Сату

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта мемлекеттің мүдделерін қорғайды.

Сервистік сектор

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік бағытты дамыту, жаңа бағыттар мен әріптестіктерді іздестіру және дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқаруда.

«ҚазМұнайГаз» тарихының хронологиясы

1991 жыл

1991 жылдың соңында, республиканың мемлекеттік басқару жүйесінің жалпы өзгерістерімен бірге, Қазақстанның энергетикалық секторы өзгерістерге ұшырады. Сала Қазақстан Республикасының энергетика және электрлендіру министрлігі мен ҚР геология мен жер қойнауын қорғау Мемлекеттік комитетіне көшті.

1995 жыл

1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ» атты өндіріс жерінде Қазақстан Республикасы өзінің «Қазақгаз» және «Аджип» (Италия), «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром» (Ресей) арасындағы өндірісті бөлісу туралы келісімшартқа қол қойды.

1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» заң күшіне ие қаулысы қабылданды. Бұл заңның ең негізгі мақсаты – республикамызға мұнай - газ қорларын өңдеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. 1995 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінен газ құбырының экономикалық техникасын негізге ала отырып, «Ақсай-Қостанай-Көкшетау-Ақмола» атты ұзындығы 480 км және көлемі 4,7 млн.куб. құрылысын бекітті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстандағы көмірсутек шығатын жерлерді және оның картасын бекітті.

2000 жыл

2000 жылдың ақпан айында мұнай тасымалдаушы Ұлттық «ҚазТрансОйл» компаниясы, «ҚазТрансГаз» еншілес компаниясын құрды. 2000 жылдың жазында «ҚазТрансГаз» республика бойынша энергетика және газ тасымалдау жүйесін толық иемденді. 2000 жылдың ең жарқын жаңалығы болып, Қазақстанда Солтүстік Каспий шельфінен мұнай кен орны табылды. (Қашаған мұнай кен орны).

2000 жылдың маусымында Қазақстан, «Қазақойл» Ұлттық компаниясы «Шеврон» компаниясына 5 % үлесін 450 млн. долларға сатты, өзінде 20 % акция пакеті сақталынуда. 2000 жылдың шілдесінде «ҚазТрансГаз» Жамбыл облысындағы Амангелді тобымен мұнай кен орнын өңдеу жұмысына кірісті. 2000 жылдың қарашасында Теңіз мұнай кен орнының Новосибирск портымен қосылатын КТК құбыр проводын соңғы құбыры жапсарласты.

2000 жылы Қазақстан Республика Президентінің бұйрығымен, «Ұлттық қор» құрылды. Бұл болашақ ұрпақ үшін, қаржының жиналуы елдің экономикасын ішкі және сыртқы қауіпсіз факторлардан сақтау үшін өте қажет. Қордың активтеры Қазақстан секторындағы ірі шикізат кәсәпорындарынан (ең бастысы мұнай компаниялары) және инвестициялық табыс соммалары есептілінеді.

2004 жыл

2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб-Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді

Батуми мұнай терминалы және теңіз портын иеленуші Batumi Industrial Holdings Limited 100 пайыз акциялары пакетін сатып алу алу бойынша келіссөз аяқталды.

Пайплайн Венчурсқа BP қатысу үлесін сатып алу мақұлданды. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ 50% + 2 дауыс беру акцияларын сатып алу туралы Central Asia Petroleum Ltd-мен келісім-шартқа қол қойылды.

Cooperative KazMunaiGaz PKI U.A. пайдасына KazMunaiGaz Finance B.V. компаниясының 100 пайыздық акционерлік капиталдары жүзеге асырылды.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ 100% акциялар пакетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ арасында «Казмортрансфлот» ҰТКК 50% акциялар пакетіне айырбастау туралы шешім қабылданды.

2010 жыл

27.09.2010 жылғы № 12/2010 хаттама бойынша ҚМГ ДК шешіміне сәйкес БКТУ, ҚМГ акцияларын төлеуге «Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» 100% акциялар пакеті, «А.Б. Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты» АҚ 100% акциялар пакеті берілді.

2010 жылғы 12 шілдеде бекітілген заң тәртібінде ҚМГ ҰК-мен ҚМГ БӨ «Қазахойл Ақтөбе» (КОА) ЖШС-да 50% үлесін, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да (КТМ) 51% үлесін және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100% акциялар пакетін иеленуші Mangistau Investments B.V-да (“MIBV”) 50% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылғы 25 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы - «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

30.11.2010 ж. Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Маңғыстау облысының Толқын және Боранкөл кен орындарында үздіксіз технологиялық үдерістерді қамтамасыз ету мақсатында келісім-шарт аумағын және мүлкін уақытша иеленуге және пайдалануға беру үшін «БейнеуМұнайГаз» ЖШС жаңа жер қойнауын пайдаланушыға уақытында беруге дейін тіркелді.

2012 жыл

Қаңтар айында ҚМГ БӨ өзінің ӨМГ және ЕМГ өндірістік филиалдарын акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру ниеті туралы жариялады. Сондай-ақ, жыл басында Компания Маңғыстау облысының 2 000-ға жуық жұмысшыларын жалдау үшін екі сервистік компания құру туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша жасалып жатқан шаралар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]