Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отегенов Аманбек отчет.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
42.29 Кб
Скачать

5. Ұйымның сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас жасаудың тәртібі

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ халықаралық серіктестік шеңберінде стратегиялық дамуының мақсаты – халықаралық білім беру және зерттеу нарығына шығу, ұлттық білім беру жүйесін ескере отырып әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау және ұлттық білім беру деңгейінің халықаралық стандарттарға сай келуі болып табылады.

ҚазЭУ білім беру және ғылыми қызметінің білім беру үрдісін ұйымдастырудың халықаралық талаптарына сай дамуына барынша ықпал ету және ғылымды дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарымен, халықаралық білім беру және бизнес-ұйымдармен, фирмалармен және корпорациялармен халықаралық байланыстар мен іскер серіктестікті дамыту және нығайту Халықаралық серіктестік бөлімі қызметінің мақсаты болып табылады.

Халықаралық серіктестік бөлімі қызметінің негізіне ҚР “Білім туралы” заңымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрінің 27.12.2007ж.№661 бұйрығымен бекітілген “Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық серіктестікті ұйымдастыру ережесі” де алынған.

Осы құжаттарға сәйкес ХСБ қызметінің бағыттары мыналар болып табылады:

  • мәтін даярлау, келісу және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік серіктестермен келісімге отыру бойынша ұсыныстар жасау;

  • шетелдік оқу орындарымен серіктестік туралы жасасқан шарттардың шеңберіндегі қызметі және серіктестікке жаңа әріптерді тарту;

  • жасасқан келісімдерді жүзеге асыруға қатысты шараларды ұйымдық қамтамасыз ету;

  • университеттің халықаралық серіктестігін дамыту бойынша стратегиялық және болашақ жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  • ҚазЭУ халықаралық жоба конкурстарына қатысуға қажетті құжаттарды дайындау;

  • ПОҚ жәнестуденттерді кәсіби дамыту бойынша талдамалық қолдау көрсетужәне ақпаратпен қамтамасыз ету (шәкіртақы бағдарламалары, халықаралық конференциялар және т.б.);

  • рәсімдерге ықпал ету және оқитындардың, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерді шетелге оқуға, жұмысқа жіберу немесе ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында оларға уақытында шетелге шығу құжаттарын беру арқылы қажетті құжаттарын жинау және рәсімдеу үрдісіне ықпал ету және бақылау, сонымен қатар оқуға, жұмысқа немесе ғылыми зерттеу жүргізуге келген шетелдік азаматтарды қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

  • құрылымдық бөлімдер дайындаған шетелге шығу жоспарларын бекіту, шетелге оқу, жұмыс немесе ғылыми зерттеу жүргізуге іссапарға баруға үміткерлерді дайындауды ұйымдастыру;

  • оқу үрдісіне, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнына шетелдік іссапарлардың нәтижелерін енгізу арқылы шетелдік іссапарларының нәтижесі туралы толық есеп беру;

  • жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында оқитындарды, педагогигалық және ғылыми қызметкерлерді шетелге іссапарға жіберілетіндердің резервін құру;

  • оқуға, жұмысқа немесе ғылыми зерттеу жүргізуге жаңадан келген шетелдік азаматтарды қабылдау және тіркеу; оларға ҚР білім беру саласындағы әрекет етушә заңнамасын, ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру; шетелдік азаматтарды емдеуді, профилактикалық медициналық тексеруге ықпал ету;

  • қорытындыларды жинақтау және талдау, оқу жылындағы халықаралық серіктестік бойынша мәліметтер дайындау және ҚР БҒМ уақытында тапсыру;

  • шетелдік азаматтарды дайындау бөлімін жалпы бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар оларды оқыту, жұмыс беру және ғылыми зерттеу жүргізуін бақылау.

ХСБ сонымен қатар ғылыми-педагогикалық магистратураның халықаралық модулін ұйымдастыруға және үйлестіруге, РһD докторантурасы бағдарламасының халықаралық модулін ұйымдастыруға ықпал ету арқылы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын үйлестірумен айналысады. Университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі стратегиясына, бағдарламаны жүзеге асыруға сәйкес, оқу үрдісіноңтайландыру мақсатында, “Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ” АҚ директорлар кеңесі шешімінің (30.05.2011ж.) және 30.06.2011ж. №30.06.2011ж. №11-06/227 бұйрығының негізінде ағылшын тілді оқу бөлімінің және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының негізінде “Халықаралық білім беру бағдарламалары” факультеті құрылды.

Мемлекеттік үлгідегі диплом. Халықаралық серіктестіктер: Пьер Мендес Франс Университеті (Франция), Халықаралық бизнес мектебі (Будапешт қаласы, Венгрия), Каннам Университеті (Оңтүстік Корея), Отто Фридрих Бамберг Университеті (Германия), Цукуба Университеті (Жапония), Рицумейкан Азиаттық-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Ататүрк Университеті (Түркия), Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері менеджментін дамыту ассоциациясы (CEEMAN) (Словения), Кеймунг Университеті (Корея) және т.б. ерекшеліктері: Оқуда қашықтан оқыту технологияларды қолданылады; Тілдік ортаға ену; Бағдарламалық-модульдік бағыт. Білім беру үрдісіне ҚазЭУ серіктестері болып табылатын оқу орындары мен білім беру орталықтарының шетелдік оқытушылары тартылуда.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген шешімдерің орындалуын қадағалайтын бақылау жүйесі

Кафедра қызметінің сұрақтарын талқылау үшін барлық профессорлық – оқытушылық құрамының қатысуымен болатын, сәйкесінше шешімді қабылдайтын кафедра отырысы жүргізіледі (екі аптада бір рет).

  • Қызмет түрлерінің сапасына кепіл болатын кафедрада менеджмент сапа жүйесі құрылды;

  • Кафедраның ПОҚ-ң кәсіби біліктілігінжүйелі көтеру;

  • Жоғары білімді жұмыскерлердің біліктілігін көтеру, дайындау және қайта дайындау

  • Абитуриенттерді жинау және тарту жұмыстарына ат салысу;

  • Болашақ бітірушілерге жұмыс беретін ұйымдармен ынтымақтастық;

  • Студенттерді өз отанының азаматы болуға тәрбиелеу, қазіргі заманғы өркениет пен демократиялық жағдайда өмір сүру мен еңбек етуін, өз азаматтық позициясын ұстануын қалыптастыру.

Кафедра оқу – әдістемелік, ғылыми – зерттеу және тәрбие жұмысының мазмұмын бейнелейтін және оларды үйымдастыратын құжаттарды іске асырады. Іс құжаттары мен номенклатура университет ректорымен бекітілген және қалыптасқан тізбекке сай, іс – құжаттарды инструкциясына сәкес жүргізіледі.

Кафедра әрқашан оқыту сапасын жетілдіріп, балық оқы формасы бойынша оқу сабағының барлық түрін өткізеді және келесідей егізгі функцияларды атқарады:

  • Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу жоспарын және оқу жоспарынынң жұмыс бағдарлмамасын, бағдарламаларды, ғылымның техниканың, экономика, мәдениет пен олардың болашақ дамуын бейнелейтін ПОӘК, сонымен қатар аймақтық жағдайды және мамандарды дайындаудағы ерекшелікті ескеретін; мамандарды кәсіби және теориялық дайындауда фундаменталды ғылымның жоғарылау қабілетімен, пәнаралық логикалық байланыс, оқытуды гуманитаризациясын қамтиды;

  • Оқыту формасының жүргізушісі ретінде, дәріс деңгейін теориялық үздіксіз жоғарылатумен қамтамасыз етеді және білімнің тиімді формасында және студентердің теориялық қабілеттерін дамытуда практикалық, семинарлық, СОӨЖ, лабораториялық және өзіндік сабақтарды белсендіру;

  • Кейс – әдіс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, «іскерлік ойындарды» қолдану арқылы оқытудың қазіргі әдістерін енгізеді;

  • Курстық және диломдық жұмыстарға нақты өндірістік және зерттеу қызметінде орындалатын жағдайдың жақындалуын меңгеріп, жетекшілік етеді; курстық емтихандар жүргізеді, олардың нәтижелерін талдайды және кафедра отырысында қарастырады, студенттердің рейтингтік бақылау жүйесін және тестілік білімін іске асырады;

  • Кафедраның оқу пәндерінің кешенді әдістемелік қамтылуы: оқулықтарды, оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу бойынша оқу құралын дайындау сонымен қатар, оқытудың мақсатты бағыттығы әдістемелік формаларын, әдістерін заманауи техника мен лабораториялық құрал – жабдықтарды пайдалану;

  • Аспиранттарды, ізеднушілерді, докторларды және ғылыми – педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату жүзеге асырады, еі үздік оқытушылардың жұмыс тәжірибесімен жас оқытушыларды оқытады және бейімдейді. Сонымен қатар, кафедра экономика саласы және басқару органдарымен сәйкес байланысты кеңейту, тұрақтау мақсатында жұмыс атқарады.

Жекелеп қарастыратын болсақ:

  • Студенттерде кәсіби машықтармен, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың айқын әдістерін үйрету, ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесімен алмасу мақсатында кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекеттік басқару органдарымен біріккен қызмет түрлерін дамытып отырады;

  • Студенттер алдында жетекші ғалымдармен кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамының сөз сөйлеулерін ұйымдастырады;

  • Басқарудың мемлекеттік және жергілікті органдармен бірге болашақ мамандардың жұмысқа орналасуы жөніндегі мәселелерді шешіп отырады;

  • Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс – шараларға қатысып отырады, белгіленген тәртіп бойынша кафедра профиліне сәйкес кадрларды дайындау мен біліктілігін жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұымдастырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі

Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі мен оның мәні. Қоғамдық- экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілері. Нарықтық қатынастар ареалы мен оның шектері. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің рөлі. Мемлекеттік экономикалық рөлі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттары: неоклассикалық және кейнсиандық ағым, монетаризм, институтционализм және т.б. Мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен экономиканың циклдігі, оның объективті және субъективті себептері.Экономика мен әлеуметтік сферадағы дағдарыстан шығудағы мемлекеттің іс-әрекеті.