Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяси.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.59 Кб
Скачать

Тақырып 9. Х‡ііі-хіх ғғ. Басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

Х‡ІІІ ғасырдағы Франциядағы саяси және құқықтық идеологияның басты бағыттары. Ағартушылықтың саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның дамуы.

Вольтердің саяси-құқықтық кµзқарастары.

Шарль Луи Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімі. Заңнама сипатын анықтайтын факторлар. Биліктің бµліну концепциясының ерекшеліктері.

Жан Жак Руссоның саяси және құқықтық ілімдері. Руссо мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы, мәні және нысандары туралы.  Халық егеменділігі теориясы. «Жалпы ерік» және «барлығының еркі» түсініктері.

Утопиялық социализмнің саяси-құқықтық идеялары (Жан Мелье. Морелли. Габриэль Бонно де Мабли).

ұлы Француз тµңкерілісі кезеңіндегі саяси-құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Жирондистердің саяси және құқықтық идеялары. Жан Бриссо. Жан Антуан Кондорсе. Якобиншілердің саяси-құқықтық идеологиясы. Максимильен Робеспьер. Жан Поль Марат. Робеспьер тµңкерілістік және конституциялықүкімет және тµңкерілістік диктатура туралы.

1789 және 1793 жылдардағы Адам және азамат құқықтары декларациясының саяси-құқықтық идеясы. Утопистік коммунизмнің саяси идеологиясы. Гракх Бабеф.

Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге карағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның зандарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың қүқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

Француз ағартушылары өз еңбектерінде коғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам қүндылықтары сияқты сұрақтарга жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылык пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

 Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-қүқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірак оның шығармаларында мемлекет, саясат, кұкық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық кайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзкарастарынан басты ерекшелігі — бостандык, рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар.

Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға төуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды

Шарль Луи Монтескье — француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Олқұкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

Монтескьенің саяси-кұқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндгі заңшығару принциптері мен бұл зандардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың тендігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуіне тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдаршығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мсмлекеттер үшін деспоттык, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялык түрі тиімді деп есептейді.

Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атапкөрсетсді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандьіқты камтамасыз ететін заңдар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын камтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігітуралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекттік құрылыстың бостандығы бар кұрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

Монтескье сонымен бірге саяси бостаңдық ойына келгеннің бөрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заңмен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы іліміннің құрамды бөлігі оның заңдарының әртүрліразрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдашйшылық құқықтармен (діни құқық) шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойьінша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздікадамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттерінен ғана.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды".

Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар менбилеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл билікті Руссо егемендік дсп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігінбілдіреді.

Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялықбасқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқьілы.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II. - М., 1997.

8.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. II: Европа: V-XVII вв. Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

10.           Монтескье Ш.Л. О духе законов. - М.., 1999.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

2.  История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

3.  История философии в кратком изложении.М.,1991

4.  Кечекьян С.Ф. Политические и правовые взгляды Монтескье. "Сов. гос. право" 1955, №4, стр.41-46

5.  Кечекьян С.Ф. Ж.Ж. Руссо - великий французский просветитель XVIII века. "Вопросы философии" 1967, N 7, стр.55-67

6.  Казарин А.И. Учение Дидро о государстве и праве.М.,1960

7.  Кузнецов В.Н. Французский материализм XVIII века.М.,1981

 

Пысықтау сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]