Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
62.91 Кб
Скачать

17.Кредиттік оқыту жүйесі.

Кредиттік – сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрамы Штатында пайда болды. 1870 жылдан бастап Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот « кредит- сағат» ұғымын енгізген. 1892 жылдан «кредиттік- сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды.

Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-ыншы жылдарының ортасынан қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңда « кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған.

Кредиттік оқыту технологиясы – бұл білім беру технологиясы. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, барлық оқу практикаларының түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа ( минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.

Оқуды ақтау үшін студент міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:

  • міндетті түрде;

  • таңдау бойынша.

Білім алушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер – кеңесші (эдвайзер) – көп тәжірибесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.

Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.

18. Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында.

Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.

Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар. Олардың күшін біріктіріп, қайратты топқа айналдырып отырған «Жас Отан» ұйымы екені де белгілі. Бұл ұйым күні бүгінде біздің жастарымыздың отаншылдық, ұлтжандылық, жауапты азаматтық ұстанымын арттыруда өзіндік міндетін атқарып келеді. «

Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы талай талантты жастарымызға Кембридж, Оксфорд сияқты дүниежүзiлiк бiлiм ордаларының есiгiн ашуға жағдай жасады. Білімді де дарынды жастарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде білімдерін шыңдауда.