Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
an smzh 110.07 diplomdyk zhumysty uiymdastyru.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
730.11 Кб
Скачать

1 Жалпы ережелер

    1. Осы СМЖ құжатында келесі терминдер мен анықтамалар белгіленген:

Дипломдық жұмыс (жоба) – жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған болса, студент оқудың соңғы кезеңінде орындайды.

1.2 Әдістемелік нұсқаулық мамандық бойынша дипломдық жұмысты ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейтін және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (одан әрі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) жүзеге асырылатын жоғары кәсіптік білім беруге дайындау бағыттарының негізгі құжаты болып табылады.

1.3 Дипломдық жұмыс (жоба) мынандай мақсатта әзірленеді:

- мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын жүйелеу, бекіту мен кеңейтуге және оны нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік, сонымен қатар мәдени бағыттағы міндеттерді шешуде қолдану;

- студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік құзырлылық жағдайында өзіндік жұмыс жасауына дайындығын анықтау;

- өзіндік жұмыс жүргізе алу мен дипломдық жұмыстың (жобаның) мәселелерін шешуде эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру.

1.4 Дипломдық жұмыс (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

1.5 Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалады және келесі талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:

- ғалымдармен, сарашылармен, практиктермен, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономисттермен өткізілген жобалық шешімдер мен зерттеулер нәтижелерінің қорытындылануы;

- зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

- нақты міндеттерді шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

2 Нормативтік сілтемелер

Осы әдістемелік нұсқаулықта келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі №389-1 «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2004ж. 9 қарашадағы №603-II«Техникалық реттеу» Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

ҚР МЖБС 5.04.019-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігімен 2012 жылдың 23 тамызында №1080 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2008ж. 18 наурыз №125 бұйрығы өзгертулермен 2011 ж 16 наурыздағы № 94 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2011ж. 20 сәуірдегі № 1526 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі;

МЖМБС 5.04.020-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009ж. 31 шілдедегі №366 бұйрығымен бекітілген.

ҚР СТ 1.5 – 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар.

ҚР СТ 1.12 – 2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СМЖ 01-2011 Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.

ҰС СМЖ 1.1.01-2011 Ұйым стандарты. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу ережесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]