Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк жаластырушы 2015.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Студенттердің өздік жұмыстары

СӨЖ №1

1-тапсырма. «Туған тілім – айбыным» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті сөздерді қойып, мәтінді оқыңыз.

Саяси ................. ең негізгісі өкілді органдарды (аудандық, қалалық, облыстық маслихаттар, парламент) қалыптастыруда азаматтардың тікелей қатысуы. Азаматтар мемлекеттік ................ мен жергілікті ............... органдарын .............. және оларға сайлануға, сондай-ақ ................ референдумға қатысуға ............... бар.

Конституция бойынша азаматтар .............. әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен ..............., шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға ................ Мемлекет органдары .................... заңды мұндай әрекеттеріне .............. жасамауға тиіс.

Азаматтар коғамның саяси өміріне белсенді қатысу мақсатында қоғамдық бірлестіктер ........... құқығынан пайдаланады. Олардың ............... мен бағдарламалары Конституция көлемінде түзілу керек.

Азаматтардың ............... қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызмет ................. кандидатқа қойылатын ......... лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және олар заңмен белгіленеді.

(Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А.

ҚР азаматтарының саяси құқықтары мен

бостандықтары//Құқық негіздері. - Алматы, 2008, - 38-39 б.)

Қажетті сөздер: лауазымына, бейбіт, өзін-өзі басқару, құру, құқығы, демонстрациялар, ережелері, азаматтардың, органдар, сайлауға, республикалық, кедергі, құқықтардың, хақылы, мемлекеттік, талаптар.

3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ тілінің әлемдік деңгейдегі өркениетте эстетикалық, дүниетанымдық, әлеуметтік қуаты, деңгейі қандай?

2. Жалпыхалықтық қазақ тілі даму, қалыптасу, қолданылуына қарай қандай үш түрге бөлінеді?

3. Қазақ әдеби тілінің қандай қызметтік (функционалдық), стильдік тармақтары бар?

4. Қазақ әдеби тілін жасаушы кім және оның қалыптасып, байып, сапалық дамуына үлес қосып, әсер ететін кімдер?

5. «Қоғам тілді дамытады, тіл қоғамдық сананың дамуына ықпал етеді» дегенді қалай түсінесіз?

  1. Қазақ тілінің кемелденген тіл екенінің негізгі белгілері қандай?

  2. Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады, олардың қайсысы қазақ тіліне өте жақын болып келеді?

8. Түркі тілдерінің көбіне ортақ болып келетін аса маңызды тарихи жазба мұраларды қандай дәуірлерге бөлуге болады? Ондағы негізгі шығармаларды атаңыз?

9. Араб жазуы қай кезеңде қолданылып, тілдік жүйемізге қалыптаса бастады. Тілімізге оның өзіндік әсері кандай болды?

4-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы негізгі идеяны анықтаңыз. Мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз. Әр бөлікте не туралы айтылғанын өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. Біз осы тарихқа, мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанын білеміз.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болып табылады. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшыл ғалымдары Ликофрон, Антифон (V-ІV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары бар, оны ешкім жоя алмайды деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған.

Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. және 2007 жылғы Конституцияларында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.

Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік, сонымен қатар позитивтік, бұқаралық және жеке құқық деген түсініктер бар. Мәселен, субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Атап айтсақ, адамның нақты құқықтары: еңбек ету, білім алу және т.б. құқықтар.

Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның негізгі түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық, ақпараттық құқықтар.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар – бұл адамдардың физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктеріне бағытталған.

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түп қазығы болып табылады. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар-ожданымен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты құқықтар.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары өмір сүру (15-бап); жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір қасиетіне қол сұқпау (17-бап); жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар намысы мен абыройын қорғау (18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін таңдап алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, білім алу (30-бап) т.б. құқықтар жатады.

(Ғаламтор материалдарынан)

5-тапсырма. Тіл туралы заңнан бір бапты оқып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіріңіз.

СӨЖ № 2

1-тапсырма. Қазақстанда бұрындары қандай зейнетақы ұйымдары болғаны және олардың міндеттері мен бәсекелестік қабілеттері туралы ақпарат дайындаңыз (үй жұмысы).

2-тапсырма. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» қалай тағайындалатынын жайында оқып, түсінгеніңізді мазмұндап беріңіз.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын мәртебесіне ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Ол үшін сол аймақтың кедейлік шек мөлшері тоқсан сайын белгіленеді. Атаулы әлеуметтік көмек мынандай тұлғаларға тағайындалмайды:

– Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;

– Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұлға (өтініш беруші) өз атынан немесе отбасы атынан жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

– отбасы құрамы туралы мәліметтер;

– өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;

– жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.  

Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкес жауап береді.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Отбасының құрамына:

– толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;

– интернат үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;

– мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

– бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.

Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді. Ол үшін учаскелiк комиссия құрылады. Учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың, отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия.

Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығы жайында осы заңның 2-бабында айтылған. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өтiнiш берушiлерден құжаттарды қабылдап, оларды тiркейдi және учаскелiк комиссияның қорытындысымен қоса уәкiлеттi органға жiбередi. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған тиiстi бюджетте көзделген сома шегiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Және ол учаскелiк комиссиялардың қорытындылары мен өтiнiштерді қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде қарайды және атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

(Ғаламтордан алынған деректерді өңдеп берген автор)

3-тапсырма. Мәтінді оқып, онда кездесетін толықтауыштарды анықтаңыз да, ол қандай сөз табынан жасалғанын айтыңыз.

Жәрдемақы – азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 3 түрі бар. Олар: 1) мүгедектігі бойынша; 2) асыраушысынан айырылуына байланысты; 3) жасына байланысты берілетін жәрдемақы. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; арнаулы әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі АӘЖ) мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі болып табылады, ал ондай жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және олардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;

- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);

- соғысқа қатысып қайтыс болған адамдар;

- Кеңес Одағының Батырлары;

- Социалистік Еңбек Ерлері;

- үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері;

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;

- бала туған аналар (қазір тіпті Қазақстанда есепке ерте тұрған (12 аптаға дейін медициналық ереже бойынша есепке тұрса және 9 айдың ішінде дәрiгерлердiң нұсқаулығын толығымен орындаса) жүкті әйелдерге қосымша жәрдемақы төлеу де қарастырылып жатыр).

(Ғаламтор материалдарынан өңдеген автор)

4-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен анықталған тура толықтауыштарды бір бағанға, жанама толықтауыштарды екінші бағанға жазыңыз.

СӨЖ №3

1-тапсырма. Өзіңіз тұратын үйдің аумағындағы дүкен, шаштараз, мейрамханалардың маңдайшасындағы жазулар мен ішіндегі жарнамалардан қателерді суретке түсіріп не жазып алыңыз.

2-тапсырма. Жарнама туралы презентация немесе өз мамандығыңыздың жарнамасын жасаңыз.

СӨЖ № 4

1-тапсырма. Жүсіп Баласағұнның тіл туралы ой толғамдарын қысқаша мазмұндап жазыңыз.

  • Көрінеді тілден ұғым, білім де,

Сен өзіңді «жарылқаушы – тілім», - де.

  • Тіл сыйлы етер, кұтты қылар, өсірер,

Бас та жарар, қадір-құтты ол өшірер.

  • Тіл – арыстан күзететін босаға,

Бас жарады, қуып тастар тасаға.

  • Не деп еді тілден көрген азарды,

Пайдаңа асыр бұ сөзге сап назарды:

«Тіл қинайды – жүрек қанша тілінді, Бас аманда мен кесейін тілімді. Бас кеспесін сөзіңді бақ күзетіп, Tic сынбасын – тіліңді бақ түзетіп».

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ақын тілді неге өнер деп бағалаған?

  2. Тіл өнері қандай жағдайда пайда, қандай жағдайда зиян әкеледі?

  3. Ақын колданған көркем теңеулер мен нақыл сөзді атаңыз.

3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, дара пысықтауыштарды бір бағанға, күрделі пысықтауыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларына қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдыңортасындағы бір сайлауда оныҚарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ҰлжанОрта жүздіңАрғынтайпасынанҚаракесек руыныңшешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасыҰлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түскен. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болысболады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктеріНизами,Сағди, Қожа Хафиз,Науаи,Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынанА. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов,Л.Н. Толстой,И.А. Крылов,Ф.М. Достоевский,И.С. Тургенев,Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете,Дж. Байронсияқты ақындарды оқып, Дрепер,Спиноза,Спенсер,Льюис,Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

(Сайт: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

СӨЖ № 5

1-тапсырма. «Отаным – берік қамалым» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Отан туралы алты-жеті мақал жаттаңыз.

3-тапсырма. Өлеңді жаттаңыз.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан парқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

М.Мақатаев

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөз тіркестерімен толықтырыңыз.

Біз ......, ......, ........ сияқты Еуропалық мемлекеттермен байланыс жасаймыз.

Біз Азиядағы ............, ........... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Қара теңіз жағалауындағы ......, ......, ........ мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Балтық теңізі жағалауындағы ......, ...... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз.

5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

С первых дней независимости страны Нурсултан Абишевич Назарбаев постоянно заботится о повышении статуса и авторитета казахского языка, о расширении сферы его применения, руководит этим процессом. Значительное расширение сферы употребления государственного языка за прошедшие годы стало возможным благодаря настойчивости, требовательности Президента. Крылатыми стали его выражения: «Казах должен разговаривать с казахом по-казахски», «Будущее Казахстана – в казахском языке». Сам он выступил с личной инициативой о создании фонда «Государственный язык». За прошедшие годы Глава государства также выступил с рядом инициатив по исследованию родной истории, развитию культуры и искусства, образования и науки. Лично провел презентацию программы «Культурное наследие», держит под постоянным контролем ход ее реализации. Способствовал реабилитации представителей старшего поколения, боровшихся за свободу народа, возвращению добрых имен безвинно репрессированных.

СӨЖ № 6

1-тапсырма. Орта ғасыр ойшылдары жайлы ақпарат дайындаңыз.

2-тапсырма. Төмендегі ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

А.Байтұрсынұлы.

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ғ.Мүсірепов.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

М.Әуезов.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Н.Назарбаев.

Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

Басқа пәле тілден

Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

Өнер алды –қызыл тіл

Сөйлесе білген – үйлесе біледі

Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

Білім кілті – тіл

Тіл – қылыштан өткір

Піл көтермегенді тіл көтереді

СӨЖ № 7

1-тапсырма. Нобель сыйлығының лауреттары жайында ақпарат дайындап, презентациялаңыз.

2-тапсырма. Өз мамандығыңыз саласындағы атақты адамдар туралы ақпарат дайындаңыз.

СӨЖ №8

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді қалпына келтіріңіз.

«Қазақ даласының сазы мен әні» деген атаумен өткен Қазақстан өнерпаздары концертінің бірінші бөлімі АҚШ астанасы .......... қаласындағы Кеннеди орталығында өтті. Ал концерттің ............ .............. Нью-Йорк қаласында орналасқан Карнеги орталығында қойылды.  Классика өнері және қазақ халық әндеріне арналған концертте ................ ................ Америка жұртшылығының көңілінен шықты. Құрманғазы оркестрі шыққанда ............. таң қалысты. Олар қазақ ................ ................ үлкен мән береді. АҚШ-та өткен Қазақстанның 88 өнерпаз қатысты. Бұл шараға республикалық .............. 95 миллион теңге жұмсалды. Оларға жаңа қойылымдарға тапсырыс беріп отырмыз. Мәдениет және спорт вице-министрі Ермек Аманшаев АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндерінен жас өнерпаздарды әлемге таныту туралы ............ ............ қайтқанын айтты. Мәдениет саласы өкілдерінің айтуынша, АҚШ-та өткен ......... ............ сол елдің "Вашингтон пост", "Вашингтон таймс" және т.б. басылымдарында жарық көрген мақалаларда қазақстандық өнерпаздарға жоғары баға берілген. Қазақстан мәдениетінде мұндай серпіліс 1936 жылы Темірбек Жүргенов бастап барған қазақ өнерпаздарының Мәскеу қаласындағы алғашқы он күндікте болған еді.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: мәдени күндеріне, ой түйіп, ұлттық аспаптарына, Вашингтон, бюджеттен, концерт туралы қазақстандық өнерпаздар екінші бөлімі, американдықтар

2-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып, өзіңіз білетін Тәуелсіз ел өнерпаздары туралы айтып беріңіз.

Табиғи дарындылығы, музыкаға бейімділігі, тембрі жағынан нәзік те шымыр, біркелкі тегіс, күмістей сыңғырлаған ашық даусы К.Байсейітованы аз мерзімнің ішінде-ақ ғажап орындаушы және опералық көрнекті әртіс қатарына қосты.

Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыкалық студияға, кейін Қазақ музыка театрына ауысып, ұлттық опера өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Күләш Байсейітованың жарқын таланты мен зор шеберлігі республикамызда опера өнерінің тууына септігін тигізді. Күләш қазақ халқының тұңғыш опера әншісі болды.

Қыз Жібек бейнесін сахнаға құлпырта шығарған Күләш Байсейітова «асқан таланты арқасында» «қазақтың бұлбұл қызы» атанды. Сондықтан да Күләш жасаған Қыз Жібек бейнесі ұлттық мәдениетіміздің інжу-маржанына айналды.

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажардың, М.Төлебаевтың «Біржан –Сара» операсындағы Сараның бейнелері Күләш шығармашылығынан елеулі орын алды. «Шұға», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» тәрізді спектакльдердегі өзі ойнаған әйелдер бейнелерін шебер бейнелеумен қатар, талай ізденіс, шығармашылық талпыныс арқылы Күләштің қазақтың тарихи ұлттық мұраларындағы қазақ әйелдері бейнелерін одан әрі байытты. Күләш концерттік үлкен репертуарында қазақтың «Ахау, керім», «Шилі өзен», «Жас келін», «Елімай» атты халық әндері әрдайым жарқын және өте мәнерлі нақыш өрнектермен орындалатын. Қазақтың және басқа да халықтардың әндерін, классикалық музыкалық шығармаларды аса көркем орындаушылығының арқасында ол еліміздің сүйікті әншісіне айналды, халық құрметіне бөленді.

Күләш Байсейітова бойындағы профессионалдық алғырлықта да, оның сахнадағы еркіндігінде де, ұшқындаған эмоциялық сезімталдығында да шек болмайтын-ды. Сондықтан да Күләш Байсейітова шеберлік өрісі көркейген, халық құрметіне бөленген, сахна төрінің құдіретті өнер иесі бола білді.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Төмендегі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Алу, мойындау, бәсекелесу, мойындату, жариялау, достасу, дамыту, табыс тілеу, көздеу, жету, төтеп беру.

4-тапсырма. «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбына эссе жазыңыз.

5-тапсырма. Ғаламтор арқылы Қазақстан және әлемдік Жастар ұйымдары туралы ақпаратты тауып, презентациясын жасаңыз.

6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Намысшылдық, адамгершілік, белсенділік, серіктестік, кәсібилік, ең белсенді бөлігі, жастар саясаты, жастар қозғалысы, басты құжаттар, бағдарлама, заңды құбылыс, әлеуметтік топ, жастар ұйымдары, қоғамдық келісім, тұрмыстық - әлеуметтік қозғалыс, құжаттың қабылдануы.

СӨЖ № 9

1-тапсырма. «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына өз еліңіздің соғыс ардагерлері немесе танымал тұлғалар туралы шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты деректерді дәптеріңізге жазып алыңыз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс күндері ретінде белгіленген. Жыл сайын Тәуелсіздік күні мерекесіне орай республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындаушылардың қатарында он жетінші ел болып тұр. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәуелсіз ел ретінде өз қадамын тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

3-тапсырма. «Мен Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайынбын ба?» тақырыбына эссе жазыңыз.

СӨЖ № 10

1-тапсырма. Ғаламтор арқылы өз мамандығыңыздың саласында қандай әлемдік және қазақстандық ғылыми жаңалықтар барын қарастырып, презентация дайындаңыз.

2-тапсырма. «Болашақ Қазақстан» тақырыбына эссе жазыңыз, ғылымға қосар өз үлесіңіз қандай болмақ екенін айтуға ұмытпаңыз.

3-тапсырма. Қазақ елінің даму перспективаларын атаңыз.

Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық экономикада өз тетігін табады. Қазақстанның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жасау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инновациялық экономикаға көшуінің алғышарттары болып табылады.

Инновациялық экономиканың қалыптасуы – Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы. Экономикалық дамудағы жеткен жетістіктер, саяси және әлеуметтік тұрақтылық Қазақстанның әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихи көлемдегі алға жылжудың аз-ақ алдында тұр. Тауарлардың, қызметтердің, еңбек ресурстарының, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік нарығының бөлінбес және динамикалы бөлшегі болуды Қазақстан міндеті деп тануды. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім экономикасы» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану, инновациялық экономиканы дамыту болып табылады. Ол үшін меншікті, адами капиталды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің алдына үлкен міндеттер қояды, оларды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді.

СӨЖ № 11

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

Қазақ халқының мәдениеті – ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

2-тапсырма. «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

СӨЖ № 12

1-тапсырма. «Жастар және экономикалық білім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ой-толғау жазыңыз.

Бір замандарда жер сілкінісі болып, Тынық мұхиттың қақ ортасында бір арал пайда болса керек. Оның қашан, қалай пайда болғаны жайлы жан білмейді. Әйтеуір сыңсыған тоғай, жеміс-жидек. Ауа райы жып-жылы. Жылдың төрт мезгілі де жаз, аң жоқ, жыртқыш жоқ. Сосын бұл мекенде әрі-бері ұшып келе жатып, аялдаған құстар мекен етіп қалады. Бірте – бірте ұшуды да қояды. Келе-келе қанатын май басып, ұшуды бірте-бірте тек жүрумен ғана шектейтін жағдайға жетеді. Сөйтіп, тарихта дронт деген атпен қалған бұл құстар көбейеді. Арада қанша ғасыр өткенін кім білсін, бір күні адамның табаны да осы жерге тиеді. Жерге түскендер өз көздеріне өздері сенбейді. Май басқан семіз құсты таяқпен-ақ ұрып алып, тамақ етеді. Сол топтың басшысы Маврик есімді адам екен, соның құрметіне арал Маврикий деп аталады. Сөйтіп, адам бұл аралға да тола бастайды. Дронт- құс та біртіндеп жоғала бастады. Ал қоқыстан табылған жалғыз дронт-қаңқа бүгінде Ұлыбританиядағы мұражайда сақтаулы тұр.

Су, ауа, топырақ – адамзаттың теңдесі жоқ байлығы. Бұл үш құрылымның арасындағы биологиялық байланыс бұзылған жағдайда үлкен өзгерістер болады. Бір жасушалы балдырдан киттерге дейін, судағы қарапайым шырмауықтан бастап, жердегі қарғаға дейін табиғат физиономиялық және психологиялық кеселге ұшырайды.

3-тапсырма. «Ұлттық мүдде және нарық» тақырыбына ақпарат дайындаңыз.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады. Және соның құрамына кіретіндер:

- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығы көрсетеді.

- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аударуы керек.

- Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.

- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншіліктің молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің бір адамға шаққандағы өсуі. Бұл әдіс халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады. Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді. Экономикалық өсудің типтері:

1. Интенсивті тип – техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Экономика тиімді болу үшін экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті тип – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

- жұмыс күші санының өсуі;

- капитал көлемінің өсуі.

3. Аралас тип – факторлардың өсуімен қатар техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталудың күшеюімен байланыстырылады. Оны сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1) халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2) адамның бос уақытының көбеюі;

3) әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4) адам капиталына инвестицияны өсіру;

5) адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7) еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау. Экономикалық өсудің факторлары – дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына деген процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді. Ол:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді.

Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шетел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 24,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, шағын әңгіме құрастырыңыз.

Еңбек нарығы, халықтың әлеуметтік жағдайы, табыс көзі, қаржы, ақша, зерттеу, алдыңғы қатарлы елдер, қанағаттанбау, бір орында тұрмау, ізденіс, салмақтау, үнемі.