Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика лекция.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
200.19 Кб
Скачать

12 Тақырып. Ақша нарығын талдау.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ақшалай агрегаттар және ақша нарығы: ақша сұранысының факторлары және ақшаны ұсыну ерекшеліктері.

  2. Фишер теңдеуі.

  3. Ақша базасы мен ақша массасы. Ақшалай мультипликатор.

  4. Орталық банктың реттеуші әрекеттері және ҚР Ұлттық банкінің тұрақтандыруының ерекшеліктері.

Ақша төлеу құралы болып табылады, сондай- ақ ол құндылықты өлшеу және сақтау ретінде қолданылады. Айналымдағы барлық ақшаның жиынтығы ақша массасын құрайды.

Ақша сұранысы экономикалық субъектілердің белгілі уақыт кезеңінде өз қолданысында берілген активтың белгілі бір шамасын иелену талпынысын сипаттайды.

Айырбастаудың сандық теңдеуінің екі нұсқасы белгілі: Фишер теңдеуі және кембридждік теңдеу.

Фишер теңдеуі: M* v = P*y

Кембридждік теңдеу: y = (1/k)*(M/P)

Кейнсиандық концепциядағыдай Баумоль-Тобин моделінде де ақшаға сұраныс экономикалық субъектінің ақшалай қорын оңтайландыру көзқарасынан қарастырылады. Бұл модель үй шаруашылықтарының ақшалай сұранысын анық сипаттайды, ал ақшалай табысының шамасы тұрақсыз фирмалар үшін модель тек тұрақсыздық факторын есепке алу барысында ғана қолданылады.

Ақшаға сұраныс нақты ақшаға сұраныс болып табылады, яғни ол бағалар деңгейінің өзгерісіне тура пропорционалды өзгереді. Инфляция жылдамдығының өсуімен нақты кассаға сұраныс төмендейді, ал инфляцияның төмендеуімен керісінше өседі.

Егер банктік жүйемен құрылған барлық ақша мөлшері « халықтың» қолындағы бар ақша түрінде немесе мерзімсіз банктік салымдар түрінде еркін ұсталса, онда ақша нарығында тепе- теңдік орнайды. Ақша нарығында тепе- теңдік тек пайыздық мөлшерлеме мен нақты ұлттық табыс шамаларының белгілі үйлесу жағдайында ғана орнатылуы мүмкін, себебі бұл параметрлер қысқа мерзімді ақша ұсыныстары мен сұраныстарының көлемін анықтайды. Осындай көптеген үйлесулердің графикалық түрі LM қисығымен көрсетілген.

LM қисығы үш ерекше бөлімді қарастырады: кейнсиандық, аралық және классикалық. Нақты ақша мөлшеріне ұсыныстың өсуі және ( немесе) нақты кассаға сұраныстың төмендеуі жағдайында LM қисығы оңға қарай бағытталады; М/Р төмендеуі және ( немесе) l (y, i) өсуі кезінде LM қисығы солға қарай бағытталады.

Неоклассикалық концепция бойынша « халық» ақшаны тек келісім үшін қолданатындықтан, ақша нарығындағы тепе- теңдік шарты ақша теориясының мөлшерлік теңдеу түрін қабылдайды: М/Р = ny = y/VÞ MV = Py. Берілген V және у шамаларына сәйкес тепе- теңдік Р- ң М- ға тура пропорционалды өзгеру есебінен орнатылады. Неоклассикалық пен кейнсиандық концепциялар арасындағы негізгі айырмашылықтарының бірі мынамен айқындалады: біріншісінде пайыздық мөлшерлеме ( капиталды) игіліктер нарығында анықталса, екіншісінде- ақша нарығында анықталады.

13 тақырып. IS-LM моделі.

Дәрістің мазмұны:

  1. Тауар және ақша нарығындағы тепе- теңдік. IS- LM моделі. AD- AS және IS-LM модельдерінің өзара байланысы.

  2. Жоюшы әрекет. Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігі.

  3. IS-LM моделіндегі ақша- несие және салық- бюджет саясаттары

Кейнсиандық модель бойынша игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдікке жету шарты IS және LM қисықтарының қиылысуымен анықталады. Олардың қиылысу нүктесі пайыздық мөлшерлеме мен ұлттық табыстың нақты шамаларын көрсетеді, ал бұл шамаларға сәйкес аталған үш нарықта да сұраныс пен ұсыныс бір- біріне тең болады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігі тұрақты болып табылады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігіне сәйкес игіліктерге сұраныс көлемі Дж. Кейнспен « тиімді сұраныс» деп аталды.

Игіліктер нарығындағы тепе- теңдіктің экзогенді бұзылуы несие нарықтарының күйлеріне әсер етеді, және керісінше. Игіліктер нарығындағы берілген ақша ұсынысына сәйкес автономды сұраныстың өсуі ақша нарығында келісімдерге жұмсалатын ақша сұранысының өсуінен туындаған тапшылықтың пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме өседі, ал инвестициялық сұраныс төмендейді, осыдан жиынтық сұраныстың мультипликатты қысқарулары туындайды. Осылайша ақша нарығы автономды шығындар мультипликаторының қызметін тоқтатады. Ақша нарығында ұсынысты арттыру немесе пайыз мөлшерлемесін төмендету көмегімен сұранысты қысқарту игіліктер нарығындағы жиынтық сұранысты ынталандырады.

IS-LM модель шеңберіндегі бағалар деңгейінің өзгерісі жиынтық сұраныстың шамасына үш тиімділік арқылы әсер етеді: Кейнс (Р­, М/Р¯, i­, I¯, y¯), Пигу (Р­, М/Р¯, С¯, у¯) және таза экспорт (Р­, Е¯, Z­, y¯). Игіліктің жиынтық сұранысының бағалар деңгейіне тәуелділігі жиынтық сұранысының функциясы деп аталады. Аталған үш тиімділіктің қызметі бағалар деңгейінің өсуіне, ал ол өз алдына жиынтық сұраныстың төмендеуіне әкеледі, және керісінше. Жиынтық сұраныстың қисығы IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесіндегі бағалар деңгейінің өзгерісіне ауыспалы проекция ретінде құрылады. IS қисығының бағытына сәйкес yd(P) қисығы дәл сол бағытта ауысады. Жиынтық сұраныстың қисығының жылжу қашықтығы және оның қисығының өзгеруі i, y тең өлшемді шамалардың LM қисығының қай бөлігінде орналасқанына байланысты. Егер LM қисығы ақшаның номиналды ұсынысының немесе нақты сұранысының өзгеру нәтижесінде өзгеретін болса, онда yd(P) да сол бағытта өзгереді.

Жиынтық сұраныс функциясының алгебралық түрі IS қисығының теңдеуіндегі LM қисығының теңдеуінен анықталған пайыздық мөлшерлеме шамасын қою жолымен анықталады.

Жиынтық сұраныс функциясының толық дифференциалы кейнсиандық модельдің игіліктер мен ақша нарықтарының өзара әрекеттесу моделі болып табылады.