Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normativ.kz_view_85400.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

3. Алдын ала сараптама жасау

7. Алдын ала сараптама жасау барысында ұсынылған өтiнiм құжаттарының және оларда қамтылған мәлiметтердiң жинақтылығы мен осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталады. Өтiнiм беру төлемi осы Ереженің7-тармағы3) тармақшасына сәйкес тексерiледi. Тауарлардың және қызметтердiң тiзбесiн тексеру мен түзету ТҚХС-тың қолданыстағы редакциясына сәйкес жүргiзiледi.       Алдын ала сараптама өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi. Өтiнiм берушiге сұрау жiберiлген кезде бұл мерзiм ұзартылады. Өтiнiм факс арқылы келiп түскен кезде алдын ала сараптама жасауды жүргiзу мерзiмi өтiнiмнiң түпнұсқасы келiп түскен күннен бастап есептеледi.       Алдын ала сараптама жасаудың нәтижелерi бойынша оның аяқталған сәтiнен бастап он күн iшiнде өтiнiм берушi не болмаса өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы, не болмаса өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарландырылады.       8. Өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы хабарлама өтiнiм осы Ереженің2-тарауындабелгiленген талаптарға толық сәйкес болған жағдайда жiберiледi және мынадай мәлiметтер қамтылады:       өтiнiмнiң нөмiрi, оның берiлген күнi;       өтiнiм берушiнiң аты-жөні немесе атауы;       мәлiмделген белгiнiң бейнесi;       ТҚХС-тың сыныптарын көрсету;       басымдық сұратылған кезде - басымдық күнi, конвенциялық басымдық сұратылған өтiнiмдер үшiн бiрiншi өтiнiмнiң нөмiрi, оның берiлген күнi мен ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды.       9. Өтiнiлетiн кескiндеменi тiркеуге және тауарлар мен қызметтердің тiзбесiн, өтiнiм берушiнiң аты-жөнiн/атауын атап отырып, тауар таңбасы тiркеу туралы өтiнiшiнiң түскен күнi немесе соңғысының түскен күнi, егер олар бiруақытта берiлмеген болмаса, тауар таңбасын тiркеуге арналған өтiнiмдi беру күнi болып танылады.       10. Егер алдын ала сараптама жасау сатысында өтiнiм осы Ережеде белгiленген оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып, ресiмделгенi анықталса, өтiнiм берушiге орын алған олқылықтар көрсетiлген және жеткiлiксiз немесе түзетiлген мәлiметтердi және/немесе құжаттарды сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде беру ұсынылған сұрау жiберiледi.       11. Сараптаманың сұрауына жауап оның жiберiлген күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы керек. Бұл мерзiм өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Сұратылған құжаттар сараптама талаптарын қанағаттандырмаса өтiнiм берушiге қайта сұрау жiберiлуi мүмкiн. Өтiнiм бойынша алдын ала сараптама сұрауға жауап келгенге дейiн тоқтатылады.       Сұратылған мәлiметтер және (немесе) сараптаманың талаптарын қанағаттандыратын құжаттар дер кезiнде ұсынылған жағдайда өтiнiм берушiге өтiнiмнiң берiлген күнiн белгiлей отырып, өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жiберiледi.       12. Сараптаманың сұрауына жауап болмаған кезде және өтініш беруші белгіленген жауап беру мерзімін бұзса, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап төрт ай өткеннен кейiн өтінімді қараудан бас тартылғандығы жөнінде хабарландырылады.       13. Сараптама жасау ұйымы өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны өтiнiм берушiге өтiнiмде осы Ережеде көзделген мәлiметтер мен өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттар болмаған жағдайда, оның iшiнде өтiнiмдi беру төлемiнiң дер кезiнде төленгенiн және өкiл арқылы iс жүргiзген кезде сенiмхаттың бар болуын растайтын құжат сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде ұсынылмаған жағдайда жiберiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]