Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫ ОРАНЫС РЕФЕРАТткн.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
96.77 Кб
Скачать

2. Азаматтық қорғаныс жүйесі, халықты террорлық әрекеттердің зардаптарынан қорғау.

Егемендiк алғалы берi азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргі бар әлеуетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн кең қолданылды. Нарықтық экономика жағдайла рында жеке меншiк иелерi есебiнен азаматтық қорғаныстың қазiргi инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ кәсiпорындарда орнатылған хабарлау жүйелерi ұстау қиынға соқты. Жаңадан салынып жатқан объектiлерде панажайлар салу жүргізiлмей отыр. Халыққа арналған жеке қорғану құралдарын, олардың сандық құрамын тиiмдi caқтaу және облыс бойынша аумақтық бөлу мәселелерi шешiлмеген.

Азаматтық қорғаныс саласындағы түрлi оқыту бағдарламалары (алғашқы әскери дайындық, азаматтық қорға ныс, жол қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздігі, тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерi, медициналық дайындық және басқалар) көбiнесе бiр бiрiмен еш байланысы жоқ жүйесiз енгізiледi. XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.      

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндi рiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шара ларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

3. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен принциптерi

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

      Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:

      1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;

      2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;

      4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

      5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

      6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

      7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

      8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

      9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

      10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Азаматтық қорғанысты жүзеге асыру барысындағы жергілікті атқару органдары, ұйымдарының функциялары:

  • Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;

  • Шаруаылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;

  • Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;

  • Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайын дықта ұстау;

  • Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;

  • Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;

  • Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техно гендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;

  • Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;

  • Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың,

катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;

  • Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін

бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі және олардың зардаптары;

  • Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және

қажет күш-құралдар санын анықтайды;

  • Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік

қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;

  • АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда

іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;

  • Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және

ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;

  • Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды дұрыс бағамдай білуі,

бейбіт мезгілде АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі, бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет.