Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
366
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Дәріс 8 Астықты жармаға өңдеу технологиясы

Жоспар

1. Технологиялық процесс туралы түсінік және оның тиімділігі

2. Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы

3. Жарма зауытының процестерінің жалпы сұлбалары

Ұн және жарма өндірудің арнайы операциялары логикалық бір ізділікпен біріккен күрделі технологиялық процестер - сұлбалар. Осы операциялардың жиынтығы және орны өңделетін дақылға, даяр өнімдердің түріне байланысты, ал ұн және жарма өндірістерінің технологиялық процестерін ұйымдастырып жүргізуге дәннің анатомиялық құрамы көбірек әсерін тигізеді.

Технологиялық процесс туралы түсінік және оның тиімділігі

Технологиялық процесс - ғылыми тұрғыда дәлелденген және практикада тексеріліп, шикізаттан жоғары сапалы өнімдер алатын амал.

Технологиялық процестердегі жеке операцияларды, бір технологиялық операцияны бірлесіп орындау үшін, жеке немесе бір типті машиналар қолданады. Ұн және жарма технологиясы, әр өндірістің өзіндік ерекшелігіне сай, өзара қисынды жүйелілік қатарға бөлінген, этаптарға жіктелген.

Технологиялық процестің тиімділігі алдына қойылған мақсаттың жүзеге асыру дәрежесіне байланысты. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері - даяр өнімдердің шығымы, сапасы және меншікті эксплуатациялық шығымы,сапасы және меншікті эксплуатациялық шығыны.

Өндіріс процесінің соңғы нәтижесін анықтайтын негізгі үш фактор: шикізаттың касиеттері, технологиялық процесті ұйымдастыру мен жүргізу, операцияларды орындайтын жабдықтардың ерекшеліктері.

Қазіргі өндірістердің барлық процестері жеке екі группаға бөлінеді: шикізатты дайындау және даяр өнімдерді өндіру.

Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы

Ұн тартуда ұн тек ұнтақталған эндоспермнен және оның крахмалды (бөлшектерінен топталуы керек. Кебекті қабықтар, алейронды қабат және ұрық кұрайды, кейбір жағдайда ұрықты жеке өндіреді.

Ұн зауыты үш бөлімнен тұрады: дайындау, ұнтактау, қаптау.

Дайындау бөлімінің негізгі мақсаты астықты ұн тартуға дайындау, ол үш этаптан түрады:

  • астықты қоспалардан тазарту және дәннің бетін өңдеу;

  • гидротермиялык өндеу;

  • астықты ақырғы рет тазалау.

Бірінші этапта қоспалардан тазалау үшін сепараторлар, триерлер, тас болгіштер, дәннің бетін өңдеу үшін обойкалы машиналар қолданады.

Астық массасынан басқа коспаларды тазалау үшін сепараторлардан өткізеді. Қоспалардың алғашқы мөлшерлері шектелген: шөп-шалаң - 2,0% (кеп емес), басқа астық қоспасы - 5% (көп емес). Сепараторларда тазаланғаннан кейін, ұнтақтауға жіберер алдында, шөп-шалаң - 0,4%-тен, ал басқа астық коспасы - 4 % -тен көп болмауы қажет.

Сепараторларда (елек және ауа арқылы) ені, қалыңдығы және аэродинамикалық ерекшеліктері бойынша қоспалар бөлінеді; тас бөлгіште физикалық қасиеттері бірлескен ерекшеліктері бар (ауыр заттар), ал триерлерде ұзындығы бойынша қоспалар бөлінеді.

Дәннің беті біркелкі жылтыр болмағандықтан ластануы мүмкін. Сондыктан оның бетін тазалау үшін арнайы операциялар қолданады, ал кейбір жағдайда бетін қауыздап, қабығын және ұрығын алады, кесекті майдалайды.

Дәннің алғашқы структура - механикалық және технологиялық қасиеттерінің қажетті бағытқа өзгерту үшін гидротермиялық өңдеу (ГТӨ) қолданады. Астықтың қасиеттерін тұрақтандырумен қатар ұзак уақыт шынылығы, сағызының мөлшері және басқа көрсеткіштері тұрақты болу үшін тарту партиясын құрайды.

Дайындау бөлімінің операциялары астықты I жармалау жүйесі алдында дәннің қабығын ылғалдаумен бітеді. Бұл дәннің қабығының ұнтақтауға төзімділігін арттырып, сорттауда ұннан тез бөлінетін ірі кебектерді топтауға жағдай жасайды.

Диірменнің ұнтақтау бөлімінде дәнді ұнтактау және ұнтақтау өнімдерін ірілігі және сапалылығы бойынша сорттау операциялары жүзеге асырылады. Крахмалды эндоспермді жіктеп, ұнтақтау талабына сай жоғарыда аталған операциялар бірнеше рет қайталанады. Рассевтерде, електі - желді машиналарда ірілігі және сапалылығы біркелкі заттарды топтап әр жүйеде ұнтақтау процесінің тиімділігін арттыруға болады.

Егер ұнның бірнеше сортын алу қажет болса, онда ұнды сапасы бойынша топтайды, жеке технологиялык жүйелерден алынған ұн ағымын қосып, араластырып ұн сортын жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]