Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

Су көтергіш машиналар мен қондырғылар

1. Жұмыстың мақсаты

1.1 Су көтергіш машиналар мен қондырғылардың жіктелуімен танысу.

1.2 Әр түрлі су көтергіш машиналар мен қондырғылардың жұмыс принципін

құрылысын оқып білу.

  1. Жұмыстың мазмұны

Суды жер иеленушілер «Өмір сүру көзі» деп айтады. Су мал шаруашылығында өте маңызды орын алады. Сусыз жануардың өмір сүруі мұмкін емес. Мал фермаларында сиырдың бір басына тәулігіне 100-ден 120 литрге деиін торайлары бар шошқа-95, қойға-15, құсқа-0,5-тен 2 литрге дейін су жұмсалады.

Осыдан сумен қамтамасыз ету фермаларда ең басты технологиялық процесс екені байқалады. Суды үзіліссіз бермей, малды дұрыс суару, азықты дайындауды мехаликаландыру, саууды және басқа технологиялық процестерді ұйымдастыру мұмкін емес. Тазалық, гигиена, еңбек, мәдениеті, өрт қауіпсіздігі бәрі де суды қажет етеді.

Әсіресе, сумен қамтамасыз ету ірі фермаларда және кешендерде маңызды роль атқарады. Құдықтың 1 м3 суын алу үшін арақашықтыққа байланысты 6-10 сағат керек.

Есептеулер сумен жабдықтау мен автоматты суаруды механикаландыру және автоматтандыру 1м3 судың құнын 60 есе, сонымен бірге еңбек шығынын 20 минутқа көтеретінін көрсетеді.

Автоматты суарғыш пайдаланған кезде сүтті сиырлардың сүттілігі 10-15 %-ке деиін, ірі қара малдардың салмағын 3-5%-ке дейін, ал шошқалардың салмағын 14-18%-ке дейін өсіреді.

Ашық су қоймаларынан, құдықтардан (терендігі 40 м-ге дейін) және құбырлы құдықтардан (терендігі 40-тан 200 м-ге дейінгі скуважиналар) суды алып шығу үшін жұмыс принципі және құрылысы бойынша жіктелетін әр- түрлі типті машиналарды қолданады.

Жұмыс процесіне қарай су көтергіш машиналар келесі негізгі түрлерге бөлінеді: қалақшалы насостар; көлемдік су ағынды қондырғылар; инеретциялық ленталы, ауалы, гидросоққылы, күн көзі энергиясын қолданатын су көтергіштер; желдік энергетикалық агрегаттар.

2.1 Қалақшалы насостар

Қалақшалы насостар ортадан тепкіш (құйынды) диагональді және кіндікті болып бөлінеді. Қалақшалы насостар қалақшалары бар жұмысшы доңғалақ арқылы суды жоғарға көтереді.

Ортадан тепкіш насостар келесі түрде жіктеледі:

-жұмысшы доңғалақтардың саны бойынша - бір және көп сатылы;

-қысымы бойынша - аз, (20 м-ге дейін), орташа (60 м-ге дейін) және жоғары қысымды (60 м-ден биік);

-су алу әдісі бойынша - бір және екі жақты су алу;

-біліктің орналасуы бойынша - горизонтальды және вертикальды орналасқан;

-жетегі бойынша - қарапайым және біріктірілген жетекті.

Кіндікті насостарды тек қана технологиялық аппараттарда және вентиляторларда қондырылады.

К және КМ типті ортадан тепкіш насостар

Олардың маркаларындағы сандар мен әріптер мыналарды көрсетеді:

(мысалы, 2К6): бірінші сан - 25 мм есе кішірейтілген кіріс құбыршасының диаметрі (мм); К- консольды; М- моноблокты; әріптерден кейінгі сандар-10 есе кішірейтілген насостың тез жүру коэффициенті.

Ортадан тепкіш насос (2.1-сурет) ішінде суды үздіксіз ағызып тұратын жұмысшы доңғалағы 2 бар корпустан З тұрады. Доңғалақ бір немесе екі дискіден және екі жабык, типті дискіден және бір ашық типті дискіден тұратын доңғалақтың имек қалақшаларынан тұрады. Насостын сору құбыршасына қабылдағыш клапаны 5 бар сору құбыр 4 жалғасады. Айдау құбыршасы; жапқыш бұранда аркылы айдау құбырмен 1 жалғанады. Насосты іске косу үшін, оған корпустағы тесік арқылы су құяды. Жұмысшы донғалақ айналған кезде су қалақшалардың бойымен жылжып өз жылдамдығын, яғни кинетикалық энергиясын өсіреді. Ол өз алдына корпустың спиралды пішініне байланысты қысымдық энергияға ауысады.

Консольды насостардың қатары 19 типті өлшемдерден тұрады. Бұл насостардың өнімділіктері қысымдары 8,8-ден 90 м-ге дейін болғанда 0,45-тен 360 м3/с-қа дейін.

Насос электрқозғалтқыштан да, іштен жанатын қозғалтқыштан қозғалыс ала береді.

Соңғы жылдары КМ типті моноблокты насостар кеңінен қолданылып жүр, К және КМ типті консольды ортадан төпкіш насостар ашық су қоймаларынан және шахталы құдықтардан (сору биіктігі 7 м -ге дейін) су алу үшін қолданылады.

Суды көп алу үшін ( 90 м3/с-тан жоғары өнімділікте және қысымы 130 м-ге дейін болғанда) НД және Д типті ортадан тепкіш насостар қолданылады. Олардың жүмысшы доңғалақтары екі кірісті. Бұл насостар сумен қамтамасыз етуден басқа өсімдіктерді өсіруде және жерді кептіруде (мелиорация) қолданылады.

Мал шаруашылығында суды скважинадан көтеру үшін ЭВЦ және ЭПН типті батырмалы (погружные) ортадан тепкіш насостар қолданылады. Судың температурасы 298° К-нен аспауы керек, ал механикалық қоспалардың (құм ) болуы массасы бойынша 0,01%- ке дейін.

1-айдау құбыры; 2-жұмысшы доңғалақ; 3- корпус; 4-сору құбыры; 5- қабылдағыш клапан: 6- айдау камерасы.

2.1- сурет - Ортадан тепкіш насостың схемасы

Батырмалы насос ортадан, тепкіш насостан және онымен бірге жинақталған электрлік қозғалтқыштан тұрады. Насостың маркасы мыналарды білдіреді: мысалы, ЭЦВ 6-10-140, Э-электрлік батырмалы (электропогружной); Ц-ортадан тепкіш (центробежный); В-жоғары қысымды (высоконапорный); 6-25 есе кішірейтілген скважинаның минималды ішкі диаметрі, мм; 10-енімділік (беріліс), м3/с; 140-қысым, м.

Ортадан тепкіш насостың тағы бір түрі - ол В типті қүйынды насос. Онын өлшем бірліктері кішкентай және ол суды өз бетімен сора алады. Кұйынды насостарда жұмысшы доңғалақтағы қалақшалар радиалды орналасқан.

Батырмалы және құйынды насостар, сондай-ақ автоматтандырылған мұнарасыз су айдағыштарда қолданылады.

Су айдағыш электрлік қозғалтқышы бар насостан, ауалы-сулы қазаннан, қабылдағыш клапаны бар сору қүбырынан, айдау қүбырынан және басқару станциясынан тұрады.