5
.docБекітемін
Философия кафедрасының
меңгерушісінің м.а. ______ Т.М. Садықова
“_____”___________2009 ж.
Хаттама №_______
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
Саясаттану пәнінен қорытынды бақылау бойынша тест сұрақтары
5-нұсқа
1. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?
А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;
В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;
С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;
Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;
Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.
2. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы - ...
А) Л. Фон Борталанфи;
В) [+] Г. Кун;
С) Т. Парсонс;
Д) Д. Истон;
Е) Г. Алмонд.
3. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?
А) Саяси режим;
В) Саяси жүйе;
С) Саяси үрдіс;
Д) Саяси мәдениет;
Е) Мемлекет.
4. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет - ...
А) Экстремизм;
В) Соғыс;
С) Терроризм;
Д) Революция;
Е) Трайбализм.
5. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:
А) Құқықтық мемлекет;
В) Әлеуметтік мемлекет;
С) Конституциялық монархия;
Д) Республика;
Е) Демократиялық мемлекет.
6. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Әлемдік саясат;
Д) Жаһандастыру;
Е) Әлемдік даму.
7. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?
А) Компромисс;
В) Келісім;
С) Мәмілелік;
Д) Консенсус;
Е) Татуласу.
8. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?
А) Д. Истон;
В) А. Бирс;
С) В. И. Ленин;
Д) К. Фримен;
Е) Г. Лассуэл.
9. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?
А) Р. Михельс;
В) М. Вебер;
С) Ш. Л. Монтескье;
Д) Г. Алмонд;
Е) Г. Лассуэл.
10. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?
А) Сиддартха Гаутама;
В) Конфуций;
С) Лао-цзы;
Д) Платон;
Е) Аристотель.
11. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан?
А) Мемлекет;
В) Саясат;
С) Демократия;
Д) Билік;
Е) Қоғам.
12. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған?
А) Ф. Аквинский;
В) Әбу Насыр Әл-Фараби;
С) Н. Макиавелли;
Д) Абай;
Е) Ж.Ж. Руссо.
13. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз.
А) Заң шығарушы;
В) Атқарушы;
С) Сот;
Д) Жергілікті басқару органы;
Е) Сайлаушы орган.
14. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?
А) Мемлекеттің маңыздылығын;
В) Халықтың маңыздылығын;
С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;
Д) Демократияның маңыздылығын;
Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.
15. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?
А) Сыртқы саясатта;
В) Ішкі саясатта;
С) Сайлау кезінде;
Д) Соғыс кезінде;
Е) Реформа кезінде.
16. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім?
А) И. Сталин;
В) А. Гитлер;
С) Б. Муссолини;
Д) Х. Арендт;
Е) К. Маркс.
17. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?
А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;
В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;
С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;
Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;
Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.
18. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім?
А) Ә. Кекілбаев;
В) Н. Ә. Назарбаев;
С) А. де Токвиль;
Д) С. Хантингтон;
Е) К. Хаусхофер;
19. Мемлекеттің тар мағынада қолданылуы:
А) Тұтас жүйе ретінде;
В) Билік құрылымы ретінде;
С) Мемлекет деген – халық;
Д) Саяси институт;
Е) Билік көзі ретінде.
-
Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды?
А) Гносеологиялық;
В) Саяси жүйені рационализациялау;
С) Танымдық қызметі;
Д) Саяси әлеуметтендіру;
Е) Болжам жасау қызметі.
Құрастырғандар: Сайт Ерболат , Шуренбаева Э.А