Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Халықаралық қатынастар

Қазақстан мемлекеті егемендік алғаннан бастап, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Өйткені дүние жүзіндегі ірі держава-

лармен байланысты орнықтыру – жас мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісі-

не ықпалы орасан зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен арақатынасында құқықтық пен теңдік сақталады.

Қазақстан үшін республика экономикасы-

на айтарлықтай инвестиция беріп отырған Еуропалық мемлекеттермен іскерлік қатынастар орнату аса қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.

Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Англиямен қатынасы да жоғары дәрежеде.

1992 жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстанның президентін Елисей сарайында Францияның Президенті Ф.Миттеран қарсы алды. Келіссөздер Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.

Қазақстан Венгрия, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатқан.

3 - тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

2. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?

3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.

4. «Инвестиция» терминін сипаттаңыз.

5. Қазақстанның Англия, Германиямен байланысы?

6. Венгрия, Болгария, Чехиямен, Румыниямен достық қарым-қатынастың дамуы туралы айтып беріңіз.

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, ауызша сөйлесіңіз.

- Достым мемлекетіміз егемендік алғаннан бері, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Содан бергі ғылым-білім саласындағы елеулі жаңалықтарды білесің бе?

- ...

- «Болашақ» бағдарламасына қандай мемлекеттер ықпал жасауда?

- ...

- Халықаралық қатынастар нәтижесі экономика саласына «инвестиция» терминін әкелді. Осы термин туралы қарапайым түсінік бере аласың ба?

- ...

- Біздің жастарымыз да дүниежүзіндегі ірі мемлекеттерде білім алуда. Осы жөнінде, яғни олар не үйреніп, қандай дәреже алып келетіндігі жөнінде айтып берші?

- ...

5 - тапсырма. Қажетті үстеу сөздерді аударып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

(Вчера) қаланың көрікті жерлерін араладық. Мен (специально) осы затты сатып әкелдім. Сәбит (быстро) келді. (Вдруг) музыка ойнап кетті. Балалар (вперед) жүгіріп кетті. Біз (постоянно) ақылдасамыз. Ермек бүгін үйден (рано) шығып кетті. (Теперь) өз жайыңды баяндап берші.

6 - тапсырма. Сөйлемдерден туынды үстеулерді тауып, мағынасына қарай жіктеңіз.

Екі мемлекеттің басшылары келіссөз жүргізіпті. Нұрсұлтан Назарбаев Нью–Йоркте БҰҰ Бас Хатшысы Б.Галимен кездесті. Алматыда БҰҰ Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды. Түрлі халықаралық құжаттарға қол қойыпты.

7- тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазіргі уақытта біздің республикамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі 15 ұйыммен танылып отыр. Осы уақыттан бері 100-ден астам жоба жүзеге асырылды. Үкіметке «Қазақстан -2030», Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-әрекеттердің ұлттық жоспары, елдегі әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы, Халықтың тұрақты дамуы мақсатындағы институционалдық нығайту бағдарламасы және басқа да бірқатар стратегиялық құжаттарды жетілдіруде көмек көрсетілді. 2000 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте әлем лидерлерінің саммиті өтті. Саммитте жаңа ғасырда қауіпсіз әлем құру, экономикалық даму, кедейлікті жою, қоршаған ортаны қорғау, адам құқығын қорғау және демократия туралы сөз болды.

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары туралы не білесіздер?

2. Қазақстан мен Германия мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас қандай?

3. Қазақстан мен Араб елдерінің қарым-қатынастары туралы не білесіздер?

4. Пайғамбардың бес парызы саналатын қажылық қайда өтеді?

9-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.

Қытай ... – тылсым ілім. Ол өзі 3000 ... артық тарихқа ие. Ол ежелгі .... арқылы әлемге таралған. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, қазір әлемде 4млрд. адам Қытайдың ... дәрісімен емделеді екен. Бұл әлем ... 80 пайызын құрайды екен. Әлемдік ... ... ұйымының болжамынша, бұл түрдегі ем болашақтағы 10 жыл ішінде бүкіл әлемге тарайды екен.

10-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазыңыздар.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында – Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Ең алғаш 1993 жылғы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

1994 жылғы қарашада Алматыда Еуропалық комиссияның (ЕК) өкілдігі ашылды. Өкілдіктің бас кеңесі 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап Астанаға орналасты. Алматыдағы бюро Қырғызстан және Тәжікстан қарым-қатынастары мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге ЕК әртүрлі өңірлік жобаларын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы толыққанды тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде әлемнің бірқатар елдерімен екі жақты қарым-қатынас орнатқан Азиялық бағытта Қазақстан Республикасының Моңғолия, Корея Республикасы, Сингапур, Пәкістан, Малайзия, Иран, Бахрейн, Израиль, Оман Сұлтандығы, Кувейт, Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Палестина, Ауғанстан, Египет, Иордан Хашимит Корольдігі, Марокко Корольдігі, Сирия, Ливиямен шарттық-құқықтық негізде екіжақты саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатылды.

Қазақстан алғашқылардың бірі болып Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылдың шілде айында ұсынған «Ядролық лаңкестік актілерімен қарсы күрес» жөніндегі Жаһандық бастамаға қосылды. 1992 жылы қаңтар айында Қазақстан Еуропалық қауіпсіздік және өзара көмек ұйымына (ЕКӨКҰ) кірді. Ал 2 наурызда БҰҰ қабылданды.

Қазақстан ықпалдасудың негізгі бес бағытын негізге алады. Олар: көші-қон саясатын, біртұтас көлік-коммуникациялар жолын дамытуды, білім мен ғылым интеграциясын дамыту, мәдени–гуманитарлық ынтымақтастық пен шекаралық қылмыспен күрес.

Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдар мүшесі ретінде Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде ықпалдастық үдерістерді нығайту, өркениеттер мен діндер сұхбатына шақыру, аймақтық, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бағыттарында тиімді әрі нәтижелі жұмыстар атқаруда.

11- тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас қай жылы орнатылды?

2. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде әлемнің қай елдерімен шарттық-құқықтық негізде екіжақты саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатылды?

3. Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдар мүшесі ретінде қандай жұмыстар атқаруда?

1UpRibbonSharp5–сабақ

Ғылым мен техника

Шылау сөздер

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

  1. Ғылым деген не?

  2. Ғалым деген не?

3. Ғылым мен техниканың бір-біріне қандай қатысы бар?

4. Ғылыми жаңалықтар туралы не айтар едің?

5. Техниканың қарыштап дамуына мысал келтір.

6. Ғылымда қандай өзгерістер болуда?

7. Жаңалық ашқан ғалымдардан кімдерді білесіз?

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Ғылыми жаңалық, ғылыми жетістік, ғылыми бағдарлама, ғылыми дәреже, ғылыми атақ, ғылымды жетілдіру, ғылымды игеру, ғылыми-техникалық потенциалын дамыту, қазақтың тұңғыш ғалымы, техникалық жаңалықтар, техника саласында, техника ғылымының докторы.

3-тапсырма. Сұхбатты оқып, екеуара әңгімелесіңіз.

- Ерте заманда үтік орнына нені қолдынылған?

- Азамат үтіктің қажет екенін түсінген соң қарапайым тасты қолданылған. Екі тастың ортасына киімдерін қойып қыртысын жазған.

- Гректер киімдерін қалай үтіктеген?

- Ыстық темір шыбықты қолданған.

- Ресейліктер киімді қалай үтіктеген?

- Олар қыртыстаған киімді оқтаумен ұрып кетірген. Кейінннен 1903 жылы темір үтік ойлап тапқан. Темір үтіктің ішіне ыстық шоқ салып киімді үтіктейтін болған.

- Үтіктің жақсы не жаман екенін қалай білген?

- Үтіктің астыңғы бөлігіне, оның қуатына, сумен жұмыс істеуіне, ыңғайлығына, қыздыру режиміне қарап айыруға болады.

- Қазіргі үтіктің қандай түрлерін білесіңдер?

- Олардың сапасы қандай?

- ....

4–тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықты-

рыңыз.

1. Өркениетті елдерде ... ерекше көңіл бөледі. 2. Қазақстанда ... барлық жағдай жасалған. 3. Ғылымды дамыту үшін ... жоспар жасалған. 4. Тек ғылым арқылы ... төтеп бере аламыз. 5. Ғарышты игеру - ... жетістік.

Қажетті сөздер: білім алуға, жоспар, бәсекеге, үлкен, ғылымға

5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

қуатты – мощный, сильный

қарқынды - интенсивный

сапалы - качественный

ұсыныс - предложение

жарлық – декларация

жетістігі – достижение, успехи

ғарыш - космос

тұңғыш - впервые

ғарышкер - космонавт

жер беті - земля

жұлдыз - звезды

тұзды - соленный

шаң - пыль

тәжірибе - опыт, практика

зерттеулер - исследование

кеңістік - пространство

6–тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Ғылым мен техника

Ғылымның дамуы – мемлекеттің қуатын көрсететін басты көрсеткіш. Сондықтан, болашаққа талпынған, қуатты да күшті державалармен иықты теңестіріп, тең тұруды көздеген Қазақстан мемлекетіне ғылым мен техникалық базаны нығайту қажет.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері, ғылым мен техниканың қарқынды, сапалы дамуына үнемі көңіл бөлінуде. Осыған орай, 1992 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұдан басқа да бірнеше жарлықтар қабылданып, ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанның ғылым мен техникасының дамуын, жетістігін ғарышқа қадам басқан жолдарынан байқауға болады.

1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай аспан әлеміне аттанды. Онда тұңғыш ғарышкеріміз Қазақстан аймағындағы атмосфераны және жер бетін, жұлдызды аспанды бақылады. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен таралуының ғарыштық суреттері алынды.

1994 жылы Байқоңыр ғарышжайынан ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев сапарға аттанды. Онда Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.

Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы – ғылым мен техниканың дамуының баға жетпес жетістігі.

7 - тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай жарлыққа қол қойды?

2. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін ғылымның қажеттілігі бар ма?

3. Ғылымы дамыған ел неге қуатты?

4. Ғарышты игеру мемлекетімізде қандай дәрежеде?

8-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Достым, Қазақстан мемлекеті егемендігін алғаннан бері, ғылым мен техниканың дамуында көзге түсер қандай жетістіктері байқалды? Өзің оқыған деректерге сүйеніп айтып берші.

- ......................................................

- Қазақстанда машина жасау, оны құрастыру саласы дамыған ба? Республика аймағында қандай техникалар шығарылады?

- .....................................................

- Мемлекетіміз аса маңызды ғарышты меңгеру саласына да қадамдар жасауда. Бұл да ғылыми жетістігіміз. Алғашқы ғарышкеріміз жайлы не білесің?

- ....................................................

- Талғат Мұсабаевтың ғарышқа сапарында қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

- ....................................................

9-тапсырма. Қажетті септеуліктерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

1. Біз саябаққа (?) жүгіріп бардық. 2. Оқытушы бізге мемлекеттік тіл (?) баяндап берді. 3. Емтихан біткен (?) үйге кетеміз. 4. Адам өмір (?) күреседі. 5. Біз көрші (?) хабарластық. 6. Көше (?) жарық шамдар қойылыпты. 7. Кешеден (?) Арман көңілді жүр. 8. Алаңға мыңға (?) адам жиналды. 8. Күзге (?) олар тағы кездеседі.

Қажетті шылаулар: қарай, дейін, туралы, бойы, арқылы, бері, үшін, соң, жуық

10-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударып, демеуліктердің қызметін ажыратыңыз.

Оны кейін айтып беремін ғой. Қазір келсе ше? Ғылыми конференцияға тек қана үздік студенттер қатысады. Бір ғана тақырыпты таңдадық. Баяғыда бір батыр болыпты-мыс. Біз келгеннен-ақ зыр жүгірді. Ол досын көрейін деп барғанды. Сенің басың қатып кетті-ау.

ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 – сабақ

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің, ғылымның, ресми іс қағаздарының тілі. Туған жердегі елді мекен атаулары өзінің ежелгі атауларына ие болды.Туған тіл тұғырына қонды. Қазақ тілі-бай тіл.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол –атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.

2 – тапсырма. Синоним сөздердің астын сызыңыз.

1) Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық.

2) Әкесі өз ісінің тәжірибелі, білікті маманы болатын.

3) Ауладағы қар көктем басталғалы, езіліп, еріп жатыр.

4) Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар.

5) Өзіне тиесілі, тиісті ақысын санап алды.

6) Балаларға арналған кітаптың тілі жеңіл, ұғымды, түсінікті болғаны дұрыс.

3 – тапсырма. Төмендегі шағын мәтінге тақырып қойып, синоним сөздерді ажыратыңыз. Кейбір сөздердің антонимдік жұбын тауып, сөйлем жазыңыз.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге талпынған басқа ұлт өкілдерінің саны артып отыр. Әсіресе, Қазақстандағы шетел азаматтарының құлшынысы ерекше. Өйткені шетелде бірнеше тілді білген адам жан-жақты білімді, көп қырлы азамат ретінде бағаланады. Екінші жағынан, шетел азаматтары өзге ұлттың мәдениетін, әдет-ғұрпын терең білу үшін, сол елдің ана тілін меңгеруді бірінші орынға қояды. Сол арқылы ортамен тіл табысып, халықтың тарихы мен дәстүрін зерттейді.

4 – тапсырма. Жағдаятқа ойланып, жауап беріңіз.

Сіз шетелге дем алуға бардыңыз. Мұнда Қазақстан мемлекеті туралы жақсы біледі. Қазақстан туралы сізден тағы біраз жайды сұрағысы келеді. Сізге төмендегідей сұрақтар қойылды, қазақша қалай жауап бересіз?

  • Қазақстанда қандай тіл мемлекеттік тіл ретінде бекітілген?

  • «Родина» сөзі қазақша қалай айтылады?

  • «Государственный язык» тіркесін қалай айтасыздар?

  • «Статус» сөзін қазақша қалай айтамыз?

5 – тапсырма. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.

2 – сабақ

1 – тапсырма. «Қазақтың өнері мен мәдениеті» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.