Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по лаб.работам каз.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Indie тобы – Индикаторлық құрылғылар

Вольтметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты тоқ өзгеруінің тәртібі, АС – айнымалы тоқ).

Амперметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты тоқ өзгеруінің тәртібі, АС – айнымалы тоқ).

Құрылғылар шегіндегі кері клемма осы құрылғыларды қосуға арналған.

Бақылау-өлшегіш құрылғылар.

Бақылау-өлшегіш құрылғылардың панелі EWB бағдарламасының жұмысшы терезесі мәзірінің асытнада орналасады және оның құрамына сандық мультиметр, функциалы генераторлар, екі арналы осциллограф, амплитудалы-жиілікті және фазажиілікті сипаттағы өлшегіш кіреді. Құрылғылармен жалпы жұмыс жасау тәртібі: құрылғының иконкасы курсормен жұмыс үстеліне апарылып, зерттелетін сүлбеге қосылады. Құрылғыны жұмыс күйіне әкелу иконкаға екі рет тышқанды басумен орындалады.

Әрбір құрылғыны жеке қарастырамыз.

Мультиметр

Мультиметрдің бет жақ панелінде өлшеу нәтижелерін көрсететін дисплей, сүлбеге қосатын клеммалар және басқару батырмалары орналасқан:

-тоқ, кернеу, кедергі және әлсізденуді өлшейтін тәртіптер;

-тұрақты тоқ және ауыспалы кернеуді өлшеуге арналған тәртіптер.

Генератор

Г енератормен келесі мүшелер басқарылады:

-шығатын сигналдың формасымен таңдалады: синусоидалды, үшбұрышты және тік бұрышты;

  • шығатын дабыл жиілік қондырғысы;

  • шығатын дабыл амплитудасы қондырғысы. Келесіні ескеру қажет, генратордың кірісінде амплитудатылқ мән беріледі, сондықтан есептеу жұмыстары үшін әсер ететін кернеу мәндерін есептеген жөн.

Осциллограф

Осциллографтың вертикал бойынша орын ауыстыруы реттелетін(Y POS) және 10 мкВ/дел (mV/Div) ден 5 кВ/дел (kWDiv) дейінгі жеке сезімталдық А және В екі арнасы бар (CHANNEL). Тәртіпті таңдау екі DC , А батырмаларын басумен орындалады.

Ұңғылау тәртібі келесі батырмалармен орындалады:

Ұңғылау тәртібі келесімен орындалады:

Вертикал бойынша -кернеу дабылы, горизонталь бойынша - уақыт;

В/А тәртібіндегі: вертикал бойынша - В арнасының дабылы, горизонталь бойынша - А арнасының дабылы;

А/В тәртібінде: вертикал бойынша - А арнасының дабылы, горизонталь бойынша - В арнасының дабылы.

Осциллографтың жерге тұйықталуы құрылғының оң жоғарғы бөлігінде орналасқан GROUND клеммасының көқмегімен орындалады.

ZOOM батырмасын басу кезінде – экран мөлшері ұлғайтылады, бұл сүлбені айналдыруға, және оны экранның кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Зертханалық жұмыс 2. Тақырыбы: Electronics Work­bench-те электрлік сүлбелерді құру

Жұмыстың мақсаты Electronics Workbench-те электрлік сүлбелерді құрып үйрену.

Жұмыстың орындалу реті

1.Нұсқаға сәйкес сүлбе параметрлерін таңдап алу. (2.1, 2.2 кесте) Кесте2.1.

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

R1, Ом

5

10

15

20

25

50

10

5

15

10

R2, См

10

5

50

10

10

25

25

15

15

5

Кесте2.2

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

E1, B

100

50

80

20

40

70

25

80

75

50

E2, В

80

40

100

40

25

50

50

70

50

50

2. EWB бағдарламасын қосу (Іске қосу - бағдарламалар- Electronics Workbench - Electronics Workbench)

3. 2.1 суретке сәйкес сүлбені таңдау.

4. Нұсқаға сәйкес сүлбеде R1, R2 мәндерін қою, мультиметрді қосу және көрсеткіштерін жазып алу

2.1-сурет

5.Кедергілерді тізбектей қосу кезінде есептеуді жүргізу

6.Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.

2.2-сурет

9. Кедергілерді паралелль жалғау кезінде есептеуді жүргізу

10. Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.

11. 2.3 суретке сәйкес сүлбені жинау

12.Сүлбеде Е1 және Е2 мәндерін нұсқаға сәйкес қойып, вольтметрді қосу