Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

9.6. Сурет. Пернетақтаны баптау диалогтық терезесі

 

3.        Керекті пернелер үйлесімі таңдалғаннан кейін, Тағайындау батырмасын, содан кейін Жабу батырмасын басу керек.

Макростарды жазу

Дайындық жұмысы аяқталған соң, макростарды жазуға кірісініз. Сіз пернелермен немесе құрал-саймандар панелінде макросты тағайындау терезесін жапқаннан кейін, тышқанның нұсқағышы    пішініне айналады. Енді керекті әрекеттерді орындауға болады.

9.1.  Жаттығу. Макросты жазу

Мәтіннің ерекшеленген бөлігіне Arial гарнитурасын, Қаріп өлшемі10  және жартылай қарайтылған пішінді тышқанмен шерту арқылы орнатуға болатын макросты құрайық.

Макростарды жазу панелі пайда болғаннан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.    Басты қосымшадағы Қаріп тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған, бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз (9.7.сурет)

9.7. Сурет. Пішін-Қаріп командасын орындау

 

2.             Қаріп диалогтық терезесінде Arial қаріпін, Жартылай қарайтылған пішінін, 10 өлшемін таңданыз.

9.8. Сурет. Қаріп диалогтық терезесі

3.      ОК батырмасын басып жазуды тоқтатыныз. Лентада Түр қосымшасындағы Макрос тобында Макростар батырмасының астындағы бағыттауышқа шертініз. Жазуды тоқтату командасын таңданыз. (9.9.сурет). Макрос дайын.

9.9. Сурет. Жазуды тоқтату командасын таңдау

Енді әрекетті тексеруге болады. Кез келген құжатты ашып, керекті бөлікті ерекшелеңіз, жылдам іске қосу панеліндегі батырмаларының немесе пернелер үйлесімінің көмегімен макросты шақырыңыз. Байқайсыз, басқа тәсілге қарағанда макросты қолдана отырып мәтінді пішімдеу ыңғайлы.

Макрос терезесі арқылы макросты орындау 

Жылдам іске қосу панелінің батырмалары көмегімен немесе тағайындалған пернелер үйлесімінің көмегімен ғана емес  Макростар диалогтық терезесін пайдаланып макростарды орындаймыз. Осы терезені шақыру үшін лентада Түр қосымшасының Макрос топбындағы Макрос батырмасын немесе Alt+F8 пернелер үйлесімін пайдаланыңыз.

Макрос диалогтық терезесінде (9.10сурет) толық макростар тізімі берілген. Олардың біреун қолдану үшін, тізімнен таңдап Орындау батырмасын басыныз.

9.10. Сурет. Макрос диалогтық терезесі

Макрос диалогтық терезесі макростарды іске қосуғды ғана емес, оларды басқаруға- өзгертуге және жоюға мүмкіндік береді. Егер сізде Microsoft Word бағдарламасы ашылған сайын іске қосатын макростар болса, онда олардың орындалуын автоматты түрде жасауға болады. Ол  үшін макросты AutoExec деп атау керек.

 Microsoft Word бағдарламасының барлық үйреншікті командалары макростар болып табылады, өйткені оларды Макрос терезесі арқылы орындалады . Олардың толық тізімін көру үшін Макростар тізімінен Word командалары пунктін таңдау қажет (9.11.сурет)

9.11. Сурет. Макрос диалогтық терезесіндегі Microsoft Word командалары

9.3. Visual Basic редакторы

Макрос жазылғаннан кейін Normal шаблонына макростың келесі мәтіні қосылады:

Sub Arial_10_bold()

'

' Arial_10_bold Macro

' Arial 10 Полужирный

'

  With Selection.Font

    .Name = "Arial"

    .Size = 10

    .Bold = True

    .Italic = False

    .Underline = wdUnderlineNone

    .UnderlineColor = wdColorAutomatic

    .StrikeThrough = False

    .DoubleStrikeThrough = False

    .Outline = False

    .Emboss = False

    .Shadow = False

    .Hidden = False

    .SmallCaps = False

    .AllCaps = False

    .Color = wdColorAutomatic

    .Engrave = False

    .Superscript = False

    .Subscript = False

    .Spacing = 0

    .Scaling = 100

    .Position = 0

    .Kerning = 0

    .Animation = wdAnimationNone

  End With

End Sub

 

Бағдарламалаумен таныс емес қолданушыларға, мұндай мәтiн өте күрделi болып көрінуі мүмкін, бірақта жақынырақ қарастырғанда бұл орнатылған немесе орнатылмаған параметрлердің қарапайым жиынтығы екендігі байқалады.  Орнатылған параметр – True, ал орнатылмаған парметр- False сөзімен  анықталады.

Microsoft Word бағдарламасында макростарды жазу үшін Visual Basic for Applications (қосымшалар үшiн VBA, Visual Basic) тiлi қолданылады. Макрос VBA тілінде жазылған операторлардың және командалардың жиынын ұсынады.  Microsoft Word бағдарламасындағы әрбір әрекеттер мен командалар VBA форматының жолы түрінде ұсынылады, макросты жазу процессіде осындай жолдардың құрылуын ұсынады. Бұл тәсілде қолданушының барлық процедураларды қайталап орындамай макросты құруға немесе өзгертуге мүмкіндігі бар.   Microsoft Word бағдарламасының көмегімен құрылған макростарға жаңа командалар мен функциялар қосуға болады, сонымен қатар мұндай макростарда VBA тілін үйренуге болады.

Microsoft Office —Visual Basic редакторы жабдықтамасына кіретін арнайы утилиттерді пайдаланып Макростарды редактілеуге болады (9.12. Сурет).