Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азиза УМК ЭиСАУ-.каз.doc
Скачиваний:
408
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

4 Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақтардың өту тәртібі

  1. Тақырыпқа сәйкес теорияны меңгерген студенттер ғана зертханалық жұмысты орындауға жіберіледі. Жұмысқа дайындық зертханалық жұмыс мазмұнымен және сәйкес оқулықтың бөлігімен алдын-ала жасалынады. Сонымен қатар жасалынатын жұмыстағы құрылғының техникалық сипатымен де алдымен танысу керек.

  2. Жұмыс топтардан құрылған екі-үш студенттермен жасалынады. Электр, электрондық құрылғыларымен жұмыс жасалған кезде қауіпсіздік ережелеріне баса назар аудару керек.

  3. Тізбекті жинаудан бұрын жаттығуда берілген есептеулерді есептеу керек.

  4. Тізбекті жинаған соң, барлық құрылғылардың бойынан минимал ток пен кернеу өтуі керек.

  5. Мұғалімнің рұқсатынсыз тоқты және рубильниктерді қосуға болмайды.

  6. Әр студентте жеке дәптер болуы керек. Онда құрылғының тізімін, эксперименталдық есептеулер мен мәліметтерді жазу қажет. Жазуды тек қана қара сиямен толтырады, қарындашпен қолдануға болмайды. Жұмыс дәптері әрбір зертханалық сабақта болуы керек.

  7. Бірінші алынған өлшеу нәтижелерін мұғалімге көрсету қажет.

  8. Тек қана мұғалімнің рұқсатымен тізбекті жаңадан қосуға, өзгертуге немесе алып тастауға болады.

  9. Экспериментті біртірген соң мұғалім әр студенттің жұмыс дәптерін тексеріп, сәйкес бағаны журналға қояды.

  1. Бірінші сабақта жұмыс дәптерге зертханалық жұмыстың графигін жазу керек.

  2. Әр сабақта студент жасаған жұмысына есеп беру керек.

  3. Есеп бөлек қағаз парақтарына толтырылады.

Толтырылған есеп мынадай бөліктерден тұруы қажет:

а) аты-жөні, топтың номері;

б) жұмыстың аты;

в) жұмыста қолданылған құрылғылардың тізімі мен қосымша құрылғылар;

г) принципиалдық сұлба;

д)есептелінетін формулалар;

е) эксперименталдық және есептеу мәліметтерден тұратын кесте;

ж) графиктер (миллиметрлі қағазда), қисық сызықты және векторлық диаграммалар;

з) жасалынған эксперименттің қорытындысы;

и) жасалынған күні және студенттің қолы.

13. Екі есептелмеген жұмысы бар студенттер келесі зертханалық жұмысқа жіберілмейді.

1 Зертханалық жұмыс

ELECTRONICS WORKBENCH схематехникалық модельдеу

Жүйесінде жұмыс жасау

Жұмыстың мақсаты: Electronics Workbench схематехникалық модельдеу жүйесімен танысу және жұмыс жасауды үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

1. Electronics Workbench жүйесінің мақсаты мен мүмкіншіліктері;

2. Electronics Workbench бағдарламалық комплексінің интерфейсін үйрену;

3. Electronics Workbench схематехникалық модельдеу жүйесінің жұмыс

тәртібімен танысу;

4. Радиэлектрондық құрылғыларды Electronics Workbench бағдарламалық комплексі көмегімен модельдеуді мысал ретінде қарап шығу.

Зертханалық есептің қысқаша мазмұны:

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп дайындаңыз. Есеп төмендегілерден тұрады:

1. Жұмыстың аты жазылған титуль парағы

2. Жұмыстың мақсаты

3. Лабораториялық жұмыстың тапсырмасы

4. Құрылғының схемасы және таңдау негіздемесі.

5. Өткізілген эксперименттің нәтижелер кестесі.

6. Интегралдаушы және дифференциалдаушы RС-тізбегінің шықпасындағы сигналдың көріністерін салыстыру.

7. Жұмыстың қорытындысы.