Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
569.04 Кб
Скачать

Мінездеме

Жамбыл политехникалық колледжінің 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2ИС-14-2 тобында 25 студент білім алуда. Топта 13 ұл,12 қыз бала бар. Жас ерекшелікері 18-19 жаста. Олардың ішінде 2 студент үздік, 13 студент оқу екпінділері, қалғандары қанағаттанарлықтай.Жалпы топтың оқу үлгерімі жақсы. Әлеуметтік құрамы – орташа,эстетикалық тәрбиесі жақсы. 2ИС-14-2 тобында информатика пәндері тереңдетіп оқытылады. Студенттер ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Колледж ішіндегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады.Айта кетсем, студенттер колледждегі «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесінде, «Өзін-өзі басқару» студенттік парламентінде, «Алғырлар» пікір-сайыс клубы мен «Олимп» спорттық клубтарына мүше болып,сабақтан тыс бос уақыттарында өз белсенділіктерін танытып жүр.

Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру негізінде студенттер шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер мен пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Әли Ұлболсын, Досымбет Абдурашид, Исахан Жанболат, Манап Жаңыл, Әмір Гүлсезім колледждің қоғамдық жұмыстарына, байқауларға, конференцияларға, спорттық жарыстарға әрдайым қатысып өз-өздерін жақсы жағынан танытып жүр.

Үйірмелерден студенттер «Жыр жазамын жүрегімнен» поэзия клубына, «Жастар және өнер» клубы, «Олимп» спорттық клубтарына қатысады. Атап айтсам, Тұрсын Аяжан-биге, Исаев Еркебұлан, Барысхан Нұржан -күреске, Манап Жаңыл,Сартай Алтын - волейбол командасының мүшелері, Мансұр Нұрдәулет-шахмат үйірмесіне, Сатыбалды Ботагөз - іс-шараларда ән айтады. Студеттер арасында өзара қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы қалыптасқан. Тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы студенттердің арасында сыйлы да білікті ұстаз.

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің

2 курс студенті Оңласын Ақерке

Қосымша «К»

Мінездеме

Әли Ұлболсын 2ИС-14-2 тобына 17.01.1998 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Топ басшысы қызметін атқарады.

Менің практика өту барысымда ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, көзге түсе білді. Студенттермен, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте жақсы.Оқу жұмысына белсенді араласады, өзіне берілген тапсырманы жүйелі түрде орындайды. Студенттерді бастап, ұйымдастыра алу қабілеті ерекше. Ұлболсынның ерік-жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады,психологиялық сипаттамасы бойынша сангвинник болып табылады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Берілген істі ұқыпты, шапшаң орындайды. Сүйікті ісі – музыка тыңдау. Ұлболсын колледж ішілік байқау-олимпиадаларға және де көптеген іс-шараларға қатысады. «Толғанай» ән сайысынан, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыстарынан үздік жүлдегер атанған. Оқудан тыс ағылшын тілін үйрену курсына қатысады. Себебі, болашақ мамандығында ағылшын тілінің маңызы зор.Болашақта өз ісінен өте жақсы нәтижиелер көрсететініне сенімдімін.

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің

2 курс студенті Оңласын Ақерке

Қосымша «Л»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]