Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
568.87 Кб
Скачать

Vі.Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма беру. Тақырыпты оқып келу,дәптерге ережелерін түсіру.

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:« Жан қазынасы - адамгершілік негізі»

Орындаған: Дүзелбаев Әбдіхалық

ҚазАТУ- нің студенті: Оңласын Ақерке

Тараз қаласы

2016 жыл

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжі

Ашық сабақ

Тақырыбы:« Windows операциялық жүйелерін баптау»

Орындаған: Дүзелбаев Әбдіхалық

ҚазАТУ- нің студенті: Оңласын Ақерке

Тараз қаласы

2016 жыл

Қосымша

Сабақты талдау

«25»қаңтар 2016 ж.

Тобы: 2ИС-14-2

Пәні: информатика

Оқытушы: Дүзелбаев Әбдіхалық

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйелерін баптау

Сабақтың мақсаты: студенттерге жаңа тақырыпты меңгеру

Сабаққа қатысу мақсаты: Оқытушының сабақ беру әдістерін бақылау. Студенттерме жұмысына назар аудару

1.Сабақты ұйымдастыру

1.1Тізім бойынша білім алушылар саны 25, сабаққа қатысқандары 25,

Сабаққа кешіккендері жоқ.

1.2Дәрістің сабаққа дайындығы,сабаққа қажетті көрнекіліктер және басқа жабдықтар мұғалім сабақты интерактивті тақтамен жүргізді.

1.3Оқытушының күнтізбелік-тақырыптық жоспарының бар болуы бар

1.4КТЖ сабақ тақырыбына сәйкестігі және сынып журналына жазылуы

Оқытушысының журналын толтыруға ұқыптылық танытты

1.5 Сабақты ұйымдастыруға жіберілген уақыты 5 мин

2.Өткен материалдра бойынша студенттерден сұрау

2.1 Сабақты сұрау әдісі: өткен тақырып сұрақтарын студенттерді үш топқа бөліп қызықты жарыс түрінде сұрастыру.

2.2Сұралған білім алушылар саны 15, сұралған уақыты 10 мин

2.3Жауаптарды бағалаудың дұрыстығы, оны хабарлау тәртібі,

білім алушылардың материалды игеруі оқытушы студенттерді жауап беру деңгейіне қарай әділ бағалады, студенттердің материалды игеруі жоғары.

2.4 Сабақ сұрау кезіндегі топтың белсенділігі және жұмыстылығы студенттер сабаққа аса қызығушылықпен қатысты.

3.Жаңа материалды түсіндіруі: оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.1 Ғылымилығы, көрнектілігі, игерімділігі: тәрбиелілігі, танымдылығы, қызықтылығы т.б.

3.2Жаңа материалды түсідіру әдісі: оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.3Көрнекі құралдарды қолдануы, ОТЖ жіне басқа да оқытудың жабдықтарын қолдану, оларды пайдаланудың тиімділігі:оқытушы сабақта мультимедмялық проекторды қолданып, оны аса тиімді пайдаланды

3.4 Оқытушының сөйлегені және сабақты түсіндіруі: оқытушы сабақты нақты, тиянақты, сауатты жеткізді

3.5Топпен байланысы: сабаққа қызығушылығы, оқытушымен байланысы, мәселені шешу кезіндегі оқушының белсенділігі: оқытушы сабақты топпен талқылап, әр студент белсенділік танытты.

3.6 Білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне баулу, конспект жазу:

Әр студент кітаптағы тақырыпты өз бетімен танытты

3.7 Жаңа материалды түсіндіруіне жіберген уақыты 20 мин

4.Жаңа материалды бекіту

4.1 Материалды бекіту әдісі мен түрі: мұғалім студенттермен жаңа тақырыпты сұрақ жауап арқылы бекітті

4.2 Сұраған білім алушылардың саны 9, сұраққа жіберген уақыты 10мин

4.3 Білім алушылардың материалды игеру деңгейі: студенттер жаңа тақырыпты жақсы игерді

4.4Жаңа материалды бекіту кезіндегі білім алушылардың белсенділігі: студенттер жаңа тақырыпты бекітуде барынша белсенді болуға тырысты

5.Үй тапсырмасын беру

5.1Үй тапсырмасын беру тәртібі және оның тәртібі

5.2Үй тапсырмасын беруге жіберілген уақыты 5мин.

6.Оқу журналын толтыру

6.1 Таза және өз уақытында толтыру, бағаның аздығы:оқытушы журналды уақытылы және таза толтырды

7.Қорытынды және ескерту

Ескертулер болған жоқ. Сабақ өзінің мақсатына жетті. Студенттер берілген материалды толық игерді.Өз білімдерін жетілдірді.

8.Ұсынымдар

Ұсыныстар жоқ, сабақ танымды әрі қызықты өтті.

Сабаққа қатысқан студент Оңласын Ақерке

«25» қаңтар 2016 ж.

Сабақтың қорытындысымен таныстым: оқытушы __

Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік негізі»

Мақсаты: 1. Білімдік - танымдық: Студенттердің білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. 2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау. 2. Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру. Түрі: Пікіралысу Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабуыл жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі) Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік. Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі Студенттерге «Балам, мынау не? » атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту. «Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа студенттер топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады. ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру. 1. Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады. 2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады). 3. Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері). 4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе? 5. Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау. 6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап. ІІІ. Қорытынды бөлімі . 1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ). 2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?» Шараның барысы. Сынып жетекшісі Нұрбек Бекбауовтың сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, студенттер және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары! (Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.) Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, мынау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі. Жағдаят: «Балам, мынау не?» ...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі: - «Балам, мынау не? » деп сұрапты. - «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: - «Ол - түйе, түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі: - «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті. (Студенттерден осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.) -«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық. Мұғалім сөзі: Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып, арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)

- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады. «Көргені жақсы көш бастар», - демей ме , «халық айтса- қалып айтпас»-деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермендерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрұлы ағамыздың пікірін білсек. - Кейін студенттер да пікір білдіреді. «Жүректің түріп құлағын , Ойланып тағы қарашы, Кімсің сен? Қайда тұрағың? - Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі). - Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе? Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік. - Осы жерде студенттер мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді. «Өткенім бүгінгінің баспалдағы, Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы » термесі тыңдалады. Осыдан кейін студенттерға логикалық сұрақтар беріледі: 1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм, Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті? 2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз? 3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз? 4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады? Тағы да басқа түрлі пікірлерге байланысты сұрақтар қойылып талқыланады. Қорытынды: Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық . «Білгенге маржан» Студенттерге ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Студенттер сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді: Берілетін сөздер: - Ақиқат, мәдениет,руханият, парасат, ақыл, жүрек тәрбиесі, имани сезім, жан дүние, қасиет, халық көзқарасы

Студенттер осы шарада нені бойына сіңірді? « Мен » атты топтастыру бөлімімен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]