Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
585
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.62 Mб
Скачать

27Билет

1. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығыЖеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

2. 1905–1907 жыл­дардағы орыс ре­волю­ци­ясы­на Қазақстан халқының қаты­суы. Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды.Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті.Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды.Мәске­удегі жел­тоқсан қару­лы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 жел­тоқсан­да Ус­пен руд­нигіндегі жұмыс­шы­лар­дың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысын­да орыс жұмыс­кері Петр То­пор­нин мен қазақ жұмыс­шы­сы Әлімжан Бай­шағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрыл­ды. Жұмыс­шы­лар өздерінің жал­пы жи­налы­сын­да қабыл­даған та­лап­та­рын «Пе­тиция» ретінде руд­ник бас­шы­сы Н. Фелль­ге тап­сырды. Оның бірде-бір пункті қабыл­данбаған­дықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыру­ымен руд­никте ереуіл бас­талды. Руд­ник кеңсесі үстіне қызыл жа­лау көтерілді. Ус­пен руд­нигі жұмыс­шы­лары­ның ереуілі 1905–1907 жыл­да­ры Қазақстан­да болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс та­рихын­да көрнекті орын ала­ды. Яғни, ол өлке­де ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тың ең жоғарғы ша­рықтаған кезі деп са­нала­ды.1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді.1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған.1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан.Ұлттық қозғалыс­тың Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов бас­таған же­текшілері ха­лықтың азат­тық қозғалы­сын конс­ти­туци­ялық мо­нар­хия, ли­берал –де­мок­ра­ти­ялық ре­фор­ма­лар жүргізу үшін күрес­ке бағыт­тағысы келді. 1905 жы­лы қазан­да ұлттық ин­телли­ген­ция өкілдері Орал­да бес об­лыстағы қазақтар­дың де­легат­та­рының съезін өткізіп, он­да олар­дың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ре­сейдің конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның фи­ли­алын құрмақшы бол­ды. 1906 жы­лы сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де қазақтар­дың екінші съезі бо­лып өтті.Қазақ еңбекші бұқара­сының 1905–1907 жыл­дардағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы көп жағдай­да ұйым­даспаған түрде өтті.

Қарқаралы петициясыОтаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.

3. Қазақстан халықтарының ассамблеясы 1995 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. Биыл ассамблея алғашқы мерейтойын атап өтпек. Халықтар ассамблеясы барлық ұлттардың мүдделерін нығайтатын Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегіне айналды. бұл ұйымның құрылған кезінен бастап 10 сессия өткізілді. Қазақстан Халықтар ассамблеясының нақты жұмыстары - Қазақстан халықтарының фестивалі, мектеп оқушыларының мемлекеттік және туған тілдерін білу байқауы, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен тілдік саясат мәселелері жөніндегі семинарлар болды. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын Достық үйінің мәдениетін жаңартуға және дамытуға көмектеседі.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]