Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
304.75 Кб
Скачать

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Өсімдік туралы

  • 2 Қолданылуы

  • 3 Апельсин туралы тақпақ

  • 4 Жетекші өндірушілер

  • 5 Сілтемелер

  • 6 Дереккөздер

Өсімдік туралы[өңдеу]

Апельсин – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл жеміс ағашы. Отаны – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін апельсин мандарин мен помеланың гибриді. Еуропаға апельсинді саяхатшылар ХV ғасырда әкелген. Қазіргі кезде апельсин тропикалық және субтропикалық аймақтардың көбісінде өсіріледі. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, ұшы сүйірлеу болып келеді. Гүлінің түсі ақ, жұпар иісті. Жемісінің түсі сұрпына қарай ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін болады, пішіні домалақ. Жемісінің орташа салмағы 100-400 г. Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. -5ºС температурасында жапырақтары түсе бастайды, ал -8ºС, - 9ºС-ге жеткенде, ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.

Қолданылуы[өңдеу]

Сұрпына қарай шырыны тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылтым-ащы болады. Апельсиннің құрамында қант, лимон, аскорбин қышқылдары, С, В1, В2, В6, Р,Авитаминдері, пектинді және азотты заттар, көмірсулар, өзектер, фитонцидтер және минералды заттар бар. Апельсиннің қабығының құрамында 2% -ға дейін эфирмайы болады. Апельсин жемісі аспаздықта, парфюмерияда және медицинада кеңінен қолданылады. Организмдегі зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.

Апельсин туралы тақпақ[өңдеу]

Сіңірген күн жарығын,

Аумайтұғын сары күн . Эфир майы бар онда,

Дәрі дейді қабығын.

Қабығын да аршыдым,

Дәмі қандай бал шырын.

Екінші аты бар оның:

«Алмасы Қытай халқының

16 Қараша 2014, 22:57

Жеміс шырындары денсаулық үшін зиянды - ғалымдар зерттеуі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диетология саласындағы сарапшылар жеміс шырындарының денсаулыққа әсерін  газдандырылған Соса-Соlа-ға теңеді, деп хабарлады Medicinform.

Ғалымдар шырынды күнделікті тамақтану рационының бөлігі  емес, тәтті тағам деп санайды. Мамандар мұндай сусындарды пайдалы азық деп санауға болмайтынын атап өтті.

Жаңа зерттеудің нәтижелері Соса-Соlа-ның 200 мл. порциясында бес шай қасық қант болса, кейбір жеміс коктейльдерінде қант мөлшері сегіз шай қасыққа дейін болуы мүмкін екенін көрсеткен. Балалар үшін пайдалы сусындар ретінде ұсынылатын коктейльдер мен шырындарда қант құрамы көп сынға алынған Соса-Соlа-ға қарағанда 60 пайызға жоғары.

Сарапшылар осындай сусындардың балалар мен олардың  ата-аналарына «пайдалы» деп сатылатыны сұмдық деп санайды. Жеміс шырыны мен коктейльдер денсаулыққа пайдалы, теңдестірілген диетаның бөлігі болмауы тиіс.

Қазірде ғылыми дәлелдемелерде тәтті сусындарды жиі тұтыну дененің салмағына қарамастан диабеттің  2 түрінің және жүрек-қан тамырлары ауруларының арту қаупімен байланысты екені жиі айтылып жүр. Ал басқа бір зерттеулер қанттың тұз қысымына әсер ететінін көрсетіп отыр. 

 Шырын – бұл балалар да, ересектер де жақсы көретін жеміс, не көкөністің суы. Шырынның түсі де, дәмі де әртүрлі болады, пайдалысы да бар, пайдасызы да. Осы жайында адамдар арасында көптеген қауесет жүр. Аңыз бен ақиқатты таразылап көрейік.

Балалар үшін күніне бір стақан шырын жеткілікті.

Шынымен, балалар үшін күніне бір стақан шырын ішу жеткілікті. Көптеген ата-аналар балаларына «Көбірек шырын іш, дәу боласың» деп қинап, қателеседі. Американдық зерттеушілердің пайымынша, күніне 2-3 стақан шырын ішетін балалар өз құрдастарынан толық әрі бойлары аласа болады. Және бұған түсініктеме де бар екен.

Шырын құрамында ағзаға жақсы сіңетін қант мөлшері көп. Сондықтан аз қимылдайтын балалардың толуына септігін тигізеді. Сонымен қатар көп кезде шырын басқа да сұйықтықтардың орнын басып кетеді, мысалы сүттің. Ал сүт баланың өсуіне ықпал ететін өнім. Алайда ағзасы тез дамып, өсетін балаларға 2 стақан да артық етпейді. Жалпы, бұл сұрақ көп талқылауды қажет етеді.

Нектар – бұл нағыз шырын

Көптеген адамдар нектарды таза химия деп есептеп, жаңылысады. Негізінде олай емес. Ол нағыз шырын, тек жемістердің жұмсағымен араласқан. Нектардың неге әдеттегі шырыннан айырмашылығы бар? Өйткені, кейбір жемістердің суын шығару оңай емес. Сол себепті өзіндік пюре қалыптасады. Мұндай «кашаны» ішу қиын. Сондықтан оны таза артезиан суымен араластырады.

Араласқан жеміс шырындары: пайдалы ма, жоқ па?

Оларды басқаша мультижеміс деп те атайды. Егер осы тақырыпты талқылауға салсақ, екі жақ та дұрыс болып шығады. Бірақ ағзаңыз шырынның құрамына енген барлық жемістер мен шырындарды жақсы қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз. Әйтпегенде аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.

Бірақ бір жағынан, шырынның бірнеше түрін араластыру тіпті пайдалы да, өйткені қышқылы аз- және көп шырындарды алмастыру пайдалы заттардың оптималды консистенциясын береді.

Сығылған шырын пайдалы ма?

Бұл да талас тудырарлық сұрақ. Жаңа ғана табиғи таза жемістен сығылып әкелінген шырын, әлбетте, пайдалы. Демек, балаларға барлық ережелерге сай консервіленген шырындар мен нектарлар жарайды. Бірақ бір жағынан, жемісті сыққанша оны жей салған да дұрыс. Бұл тіске де пайдалы.

Табиғи таза шырындар ішіп жүріңіздер!