Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р экономикалык стратегиясы Кулдыбаев.A.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
69.45 Кб
Скачать

5. Сыртқы саясат

Қазақстан дипломатиясының басты стратегиясы саяси және экономикалық реформалар негізінде еліміздің орнықты дамуына жағдай жасау болып табылады. Қазақстанның Еуропаның Ресей мен Қытайдың арасында орналасу жағдайы біздің еліміздің сыртқы саясатының басымдықтарын айқындап отыр және дипломатиялық қызметтің көпвекторлығына негіз болуда. Біздің мүддеміз де сан қырлы, онда қандай да бір құрлыққа деген тысқары ой жоқ. Қазақстан Құрама Штаттармен де, Ресеймен де, Қытаймен де, Орталық Азия елдерімен де, еуропалық және азиялық мемлекеттермен де достық қарым-қатынасын дамытып келеді.

Барынша қауіпсіз әлем құру бойынша халықаралық және өңірлік күштерді жұмылдыра отырып Қазақстан әскери, саяси және экономика салаларында маңызды шешім қабылдады.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жаңа алған кезде ең бастысы АҚШ-қа көзделген, қуаты бойынша бұрынғы КСРО-да төртінші құрлықаралық баллистикалық зымырандардар арсеналын мұраға алды. Ядролық қаруды сақтаудағы және тұңғыш мұсылман ядролық қаруы бар мемлекет болудағы қызықтыратын ұсыныстарға қарамастан жетекші ядролық мемлекеттерден өзінің қауіпсіздігіне кепілдік ала отырып, Қазақстан ядролық мәртебеден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Биылғы жылы Вашингтонда өткен «Жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес жүргізу қауіпсіздігі бойынша бастамалар» бесінші мерейтойлық конференцияда Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларын таратпаудың жаһандық тәртібін одан әрі нығайту бойынша елдердің міндеттемелерін растады.

Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) қарай отырып ядролық қаруды таратпаудың негізгі тетігі ретінде ЯҚТШ аясынан тыс әрекет ететін, ядролық қаруы бар мемлекеттерге әсер етудің әсерлі шараларын әзірлей отырып, оны өмірдің жаңа болмысына бейімдеуді және мемлекеттердің Шарттан шығуының алдын алуды ұсынамыз. Карнеги қорының Президенті Джессика Мэтьюздің өзінің басшылығымен осы салада мамандардың қуатты командасын біріктіретінін ескере отырып, біздің сарапшылар осы салада едәуір жақсы ықпалдастыққа қол жеткізген болар еді. Сөз орайында, 2006 жылы Вашингтонда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары аясында АҚШ-та қамқорлық кеңеске Мэтьюз ханым да енетін Nuclear Threat Initiative бірге ұйымдастырылған конференция өткізілгенін айта кеткен орынды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне даярлығы қазақстандық сыртқы саясаттың басты басымдығы болды. Қазақстан 2009-2011 жылдары «Министрлік Үштік» және таяуда құрылған «Квинтет» форматының қызметіне қатысу үшін даярлық жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ, өзінің төрағалық етуінің күн тәртібін әзірлеуде.

Біздер Ұйымның ертеңгі күніне деген жоғары жауаптылықты сезінеміз және оны нығайта түсу үшін әрекет етеміз. Қазақстан ЕҚЫҰ-дың қызметтерін барлық үш өлшем — әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бойынша, олардың бірде-бірінің рөлі мен мәнін кемітпей оның әлеуетін іске қосу қажет, өзінің атауына және барлық қатысушы-мемлекеттердің мүддесіне толық көлемде жауап беретін Ұйым жасау деп санайды.

Біздің ел экономикалық реформалаудың оң тәжірибесіне ие бола отырып, басым мәселелердің бірі ретінде Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буын ретінде Орталық Азияның экономикалық-ресурстық және транзиттік әлеуетін іске асыру деп біледі. Біздер Ұлы Жібек Жолын жаңа сапалық деңгейде қайта жаңғырту бойынша барлық күшті белсенді жұмсауға ниет танытып отырмыз. Осы контексте аяқталуы 2012 жылы жоспарланып отырған, ұзындығы сегіз мың шақырымнан асатын «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта құру бойынша жұмыстардың басталуын атап айтуға болады.

Қазақстанның төрағалық етуі кезіндегі маңызды міндеттердің ішінде Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешу қарастырылады, ол орнықты даму үшін айрықша маңызға ие.

Қазақстан зайырлы мемлекет бола отырып, сонымен қатар, мұсылман өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда біздер ИҰК-пен ықпалдастық арқылы мұсылман әлемімен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған АҚШ-тың іс-қимылын қуаттаймыз.

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту және лаңкестікке қарсы күресті күшейтуде бірігу мақсатында НАТО-мен сындарлы ықпалдастықты жалғастыруда. Қазақстан мен НАТО институциональдық және қорғаныс реформаларын жүргізу мәселелерінде белсенді ықпалдастық жүргізіп отыр, сондай-ақ, басқа да көптеген салаларда іс жүзіндегі ықпалдастықтарды дамытуда.

Мұндай ықпалдастықтың нәтижесі Ирактағы қазақстандық контингенттің әсерлі қызметі болып табылады, біздің әскери жауынгерлер 4 миллионнан астам бірлік оқ-дәрілерді залалсыздандырды. Біздің дәрігерлер шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып 500-ден астам ирактық азаматтардың өмірлерін сақтап қалды.

Қазақстан мен НАТО арасындағы шартқа сәйкес Альянс ұшақтары оның әуе кеңістігін еш кезергісіз қиып өтеді және өте қажет болған жағдайда қона алады. Өткен кезең ішінде 3 мыңнан астам ұшақ елдің әуе кеңістігін қиып өтті.

Қазақстан Үкіметі 2007-2008 жылдарға арналған арнайы іс-қимыл жоспары қабылданды, онда көп қасірет тартқан елге көмек көрсету үшін 3 миллион доллар бөлу көзделген. Қазіргі уақытта 2009-2011 жылдарға арналған қажырлы көмек көрсету жоспарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Таяу уақыттары Қазақстан Премьер-Министрінің Кабулға жасайтын алғашқы сапары жоспарланған.

Қауіпсіздікке жасалатын жаңа әрекеттер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, экономикалық және гуманитарлық бірігулерді кеңейту үшін Қазақстан көптеген халықаралық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастықты жандандыра түсті.

Өңірдегі қауіпсіздік проблемаларын тиімді шешуді біздер еліміз бастамашы болған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨІСШК) қызметімен байланыстырамыз. Соңғы екі жылда АӨІСШК аясында жүргізілген жоғары деңгейдегі кездесулер Азия құрлығындағы және Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздіктің әсерлі тетігін құруға жасаған маңызды қадам болды. Биылғы жылғы тамызда АӨІСШК қатысушы-елдері сыртқы істер министрліктерінің отырысы болып, оның қорытындысы бойынша қазіргі халықаралық саясаттың проблемалары бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды.

АӨІСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты көпжақты институттар біздің өңіріміздегі ықпалдастық және қауіпсіздік мәселелерін барынша тиімді шешуде. Орталық Азия мемлекеттері тұрақтылықты нығайтудағы ниеттерінің бір екендіктерін ескере отырып, қазіргі барлық Еуразия кеңістігіндегі өзекті проблемаларды шешу үшін ЕҚЫҰ және осы құрылымдардың, бірінші кезекте ШЫҰ күштерін біріктіру барынша пайдалы болған болар еді.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар туралы сөз қозғай отырып, Орталық Азиядағы жағдайды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бүгінгі күні біздер өңірді энергетика және су ресурстарымен қамтамасыз етуде күрделі дағдарыспен бетпе-бет келдік. Біздердің көптеген көршілеріміздің негізгі экономикасы әлі күнге дейін ауылшаруашылығы болып отыр. Мұндай жағдайларда су тапшылығы маңызды проблемаға айналып отыр, бейбітшілік пен өңірлік тұрақтылыққа тікелей қатер төндіруде. Қазақстан экономикалық әлеуеті ең дамыған мемлекет ретінде өз көршілеріне, атап айтқанда, ауыр кезеңдерді бастан кешіп отырған Қырғызстан мен Тәжікстанға айтарлықтай көмек көрсетіп отыр. Өңірлік проблемаларды шешудегі біздің ұстанымдарымыздың негізінде бірігу, қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңуде күш біріктіру идеясы жатыр. Мұндай көзқарас өзін Еуропада, Азияда және Латын Америкасында жақсы көрсете білген жаһандық үрдіске жауап береді. Қазақстанның бастамасын Америка Құрама Штаттары мен Еуроодақ қолдап отырғанын айта кеткен орынды.

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздіктері салаларында:

— жаһандық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық атом энергетикасын дамыту үшін жоғары байытылған уранды пайдаға жарату бойынша бірлескен қадамдар жасайды; — Қатерді Бірлесіп Қысқарту бойынша Нанна-Лугара бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз етеді; — «Жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес жүргізу қауіпсіздігі бойынша бастамалар» аясында ықпалдасады. 2008 қаңтарында біздер Қазақстан қарулы күштерінің әсерін арттыру, бейбітшілікті қолдау және Каспий теңізіндегі әскери инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстанның әлеуетін нығайту мақсатында Әскери Ықпалдастықтың екінші бесжылдық жоспарына қол қойдық.

Энергетика салаларында:

— Қазақстан «Chevron», «ExxonMobil», «ConocoPhillips», «Parker Drilling», «Halliburton» бірлесе отырып, көмірсутегі шикізатын өңдеу және Каспий кен орнына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске асырады. — Бұған дейін аталғанындай, «ҚазАтомӨнеркәсіп» американдық «Westinghouse» компаниясының тең иегері болды. Бүгінгі күні біздің мақсатымыз атом энергиясының үлкен әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуде біздің әріптесіміздің қолдауына ие болу болып табылады, өйткені бұл әлеует Қазақстанның мұнай және газ секторымен байланысты.

Экономика салаларында

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде жеке сектордың бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қазақстанның жеке меншік мен мемлекеттік секторларына инвестициялар салу мақсатында Мемлекеттік–жекеменшік экономикалық әріптестік Қазақстан-американ бастамашылығын іскеқосты.