Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия пні переделанная.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
25.54 Кб
Скачать

18Ғ.Француз материализмі.

Бұл 18ғ. Француз материализмі механикалық, метафизикалық материализміне жатады. Көрнекті өкілдерінің бірі-Ламетри. Еңбегі: «Адам-машина». Адамды машина деп, оның жоғарғы интелект екенін байқамады. Дидро фр. Энциклопедиясын ойластырушы болған. Еңбегі: «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар». Дүниеде мәңгі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе жоқ деп жазды. Уақыт пен кеңістік материяның өмір сүру формасы. Ол сонымен қатар жақсы заңдар мен саналы басқару әдісіне шақырды. Гельвеций еңбегі: «Ақыл туралы», «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі». Ақыл, ойлау қабілеті физикалық сезімталдық пен естен туындайды. Ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі. Гольбах «Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену –қиял» деп айтты.Материяның өмір сүруі қозғалыстың ө.с. Ал саналық – идея мен заттың бірлігі. Ж.Ж.Руссо қоғамдық прогрестің құндылығы мен адам табиғатының жетілуі туралы мәселені қойды.

Неміс филос.

Неміс филос-ң негізін салған-И.Кант. Канттың шығармашылық кезеңін 2-ге бөлеміз. 1.Сынға дейінгі кезеңде астраномия саласымен айн.2.Сын кезеңінде атақты 3 еңбегін жазды. «Таза зердеге сын», «Тұжырым қабілетіне сын», «Практикалық зердеге сын». Канттың «өзіндік заты»-толық тануға болмайтын мәселелер. Фихте Канттың шәкірті. Еңбегі: «Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі».Оның пікірінше нақты ө.с. біздің санамыз. Практикалық істен сана бұрын баст. Шеллинг саналық пен санасыздықтың ара-қатынасын ашқан. Еңбегі: «Жаңалық ашу филос-ясы». Гегель диалектиканың негізін салушы. Филос-ясы 3 бөлімнен тұрады.1.логика.2.табиғат филос.3.рух феноменологиясы. Фейербах-антропологиялық материализмді қараст. Дүниенің материядан тұратынын және табиғат санадан тыс екенін дәлелд.

Орыс филос.

Ресми халықшылдық теориясы 2 бағытта уағыздалды.Словянофильдік бағыт- ұлттық дінді, салт дәстүрді ұстана отырып және Қасиетті Русь идеясы негізінде дамуды қолдады.Өкілдері:Хомяков,Киреевский, Аксаков т.б. Хомяков соборшылдық(еркін қауымдастық) идеясын ұсынды. Діни философияялық бағыттың өкілдері: Соловьев, Бердяев, Достаевский т.б. Соловьев жалпы тұтастық(Құдайда барлығы тұтас) идеясын енгізді. Сонымен қатар софиялогия ілімін қараст. Бердяев филос-ң мәні болмыс мәнін субъект, яғни адам арқ. тану.Еңбегі: «Адам және оның еркіндігі туралы».Батысшылдық бағыт-орыс филос-н батысқа тән үлгіде дамуды қолд. және рев.демократтар, материалистер. Өкілдері:Чернышевский, Герцен, Огарев. Діни филос-ң негізін салушылар:Соловьев, Бердяев,Достаевский.

Қазақ филос.

Қазақ жыраулық поэзияның негізін салушы:Асан Қайғы. Асан Қайғы-«Жер ұйықты» іздген утопист ойшыл. Зар заман ақындары:Дулат, Мұрат, Шортанбай. Ағартушылық дәуірдің негізін салушы: Шоқан, Ыбырай, Абай. Шоқанның еңбегі: «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы». Абай принципі-«адам бол». Шәкәрім еңбегі-«Үш анық», «Мұсылмандық шарттар». «Үш анықта» ар ождан мәселесін көтерді. Ынсап, әділет, мейірім-үшеуі қосылып, ождан ұғымын береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]