Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр торапты ережелер.pdf
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
435.32 Кб
Скачать

201.Электржелілік компания жабдықты жегімнен шығару жөніндегі шараларды жүзеге асырады және ЖО мен басқа пайдаланушыларды жабдықты жегімнен шығару жөніндегі шаралар солармен жасасылған тиісті желіге кірігу Шарттарының талаптары мен қағидаттарына әсер етуі мүмкін жағдайда хабардар етеді.

202.Электр энергиясын ғана тұтынатын электр энергия тұтынушылары өз электр стансаларын электржелілік компаниядан кез келген уақытта келесі шарттармен ажырата алады:

1) келісілген ажырату шараларын пайдалана отырып ұзақ уақытқа; 2) уақытша, электр тұтыну туралы электржелілік компаниямен не ЖО-мен келісім негізінде; 3) қосалқы қызмет көрсетулер туралы келісім талаптарына сәйкес.

$13. Мәжбүрлік ажырату

203.ЭӨҰ-ның өндірістік қуаттарын электр желілерінен ажыратуға келесі мән-жайлар бойынша электржелілік компания шешім қабылдай не ЖО нұсқау бере алады:

1) апаттық жағдаяттардың алдын алу және жою;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

3) тиісті шарт қағидаттарына сәйкес.

204.Энергоөндіруші ұйымды ажыратудың барлық кездерінде осы шешімді қарау үшін тиісті өкілетті органның басшылығымен комиссия құрылуы тиіс. Комиссия шешімінің нәтижелері тиісті тараптарға тапсырылуы керек.

205.Энергоөндіруші ұйымдарға алдын ала хабарламай мәжбүрмен ажырату кезінде жоғалған табыстар үшін өтемақы келесі мән-жайларда берілмейді:

1) адамдардың денсаулығы мен жабдықтың қауіпсіздігіне төніп келе жатқан қатерді ескерту; 2) электр стансадағы не жалғаным жабдығындағы апаттар; 3) электр стансаның қызметтеу жұмыскерлерінің электржелілік компанияның не ЖО-дың

өкімдерін орындамауы; 4) қайсыбір көзделген іс-әрекеттерден не солардың жағынан келісім-шартты бұзу нәтижесінде

болған, ЖО немесе электржелілік компанияның уәкілеттігінен тыс және жоспарлауға келмейтін басқа мән-жайлар.

206.Электр энергиясын тұтынушыларына талаптар осы Ережелердің 4-тарауында ескерілген келесі мәселелер қақында таралады:

1) тұтынатын қуатты міндетті түрде кеміту;

2) автоматтық жиілікті жүктеме.

207.Электржелілік компания ЭӨҰ жабдығын электр желіге қайта қосуды мына талаптар кезінде кепілдей алуы тиіс, егер:

1) электржелілік компания өндіруші қондырғыны ажыратуды туындатқан апаттық жағдаят толық жойылды деген мән-жаймен толығымен қанағаттанса;

2) электржелілік компания осы ережелердің, Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттарының талаптарына немесе тиісті желіге кірігу Шартына сәйкес ажыратуды туындатқан себептерді жоюмен қанағаттанса;

3) ажырату себебі болған желіге кірігу шартының бұзылуы жойылса және ЭӨҰ не электр энергиясын тұтынушы қайталап бұзылудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаса.

208. Электржелілік компания ЖО-дан қосуды жаңғырту өкімін алған сәтте электржелілік компания бұл әмірді тез арада орындауы тиіс.

4-Бөлім. Энергетика жүйесі жұмысын басқару ережелері 4-тарау. Агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру тәртібі

209.Осы бөлімде электр стансалары агрегаттары мен желілік жабдықтарды сәйкестендіру тәртібі анықталған, баланстық тиесілік бөлігінің шекарасын қоса алғандағы орындарда пайдаланылады. Бұл жаңа телімдерге, сондай-ақ бұрыннан барларға қатысты.

210.Бұл тарау:

1)барлық қосалқы стансаларды, электр стансаларының агрегаттарын және қосу нүктелерін оларға жөнсіз түсіндірілуі мүмкін емес аттар және қысқартылған атаулар беру жолымен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.

2)талаптарды анықтайды, оларға сәйкес электр желісіне кіру Шартына (ЭЖКШ) қол қойылғаннан кейін барлық электр стансалары мен баланстық тиесілік бөлігі шекараларындағы қосалқы стансаларда желілік компаниямен қабылданған электр стансалары мен желілік жабдықтарды сәйкестендіру жүйесі болуы қажет. Электржелілік компания мен пайдаланушы электр стансалары мен тораптық жабдықтарды сәйкестендірудің жалпы жүйесін пайдаланады, бұл жүйені қауіпсіз және тиімді пайдалануға әрі диспетчермен қателіктер жіберу тәуекелін болдырмауға мүмкіндік береді.

3)баланстық тиесілік бөлігі шекарларында қолданылатын электр стансаларының жаңа агрегаттарын, қосалқы стансалар және/немесе жабдықтарды сәйкестендіру туралы, сондай-ақ, электр стансаларының бұрыннан бар агрегаттарын, қосалқы стансалар мен жабдықтарды сәйкестендіру жөніндегі өзгерістер туралы хабарландыру тәртібін анықтайды.

211.Электр стансаларының, қосалқы стансалар мен жабдықтарды қосу нүктелерінде сәйкестендіруде осы Ережелердің 3-бөлімінің 3-тарауында сипатталған желіге рұқсат тәртібіне сәйкес баланстық тиістілік бөлігі шекарасынан өз жағында әрбір телім үшін дайындалған жұмыс тәсімі болуы қажет.

212.Бұл тараудың талаптары келесі қатысушыларға таралады:

1)ЖО-ға;

2)электржелілік компанияларға;

3)тарқатушы желіге қосылған ЭӨҰ-н қоса алғанда ЭӨҰ-ға;

4)тікелей қосылған тұтынушыларға.

Ол төмен кернеулі тораптарға қосылған пайдаланушыларға таралмайды (тараудың басына).

$1. Сәйкестендіру тәртібі. Объектілердің, телімдердің атаулары мен олардың қысқартулары

213.Қауіпсіз әрі тиімді жұмыс үшін телімдердің - қосылған немесе электр желісінің бөлігі болып табылатын қосалқы стансалардың, электр стансалары мен электр желілерінің қосу нүктелерінің аттары теріс талқыланбауы өте маңызды.

214.35 kV және одан жоғары кернеулі барлық телімдер жөніндегі негізгі мәліметтер деректер қорының тіркелімінде болуы тиіс. ЖО деректер қоры тіркелімінің жүргізілуіне өзгерістер енгізілуіне жауапты болады.

215. Егер электржелілік компания немесе пайдаланушы жаңа телімді электр желісіне қосқылары келсе шатасуларды болдырмау үшін қысқа мерзімде бұл телімнің аты ЖО-мен келісілуі қажет. Аты келісілгеннен кейін ЖО оған атау беріледі.

$2. Жаңа жабдықтар

216.Егер электржелілік компания немесе пайдаланушы жабдықтарды баланстық тиістілікті жеткізу шекарасында қондырғысы келсе, олар өздерімен шектесуші басқа субъектілерді ұсынылып отырған агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру туралы хабарландыруы тиіс.

217.Тиісті субъектілерді хабарландыру жазбаша нысанда жасалуы қажет және онда жаңа жабдық пен оның сәйкестендірілуі көрсетілген жұмыс тәсімі болуы тиіс.

218.Тиісті субъектілерді хабарландыру болжанып отырған жабдықты қондырудан бұрын сегіз айдан кешіктірілмей жасалуы тиіс.

219.Хабарламаны алушылар оны алғаннан кейін бір ай ішінде өзінің ұсынылып отырған сәйкестендірумен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін көрсете отырып жазбаша нысанда жауап қайтаруы керек, сондай-ақ, оның бұрыннан бар агрегаттар мен жабдықтардың сәйкестендірілуіне шатасулар енгізбейтінін растауы тиіс. Егер ұсынылып отырған сәйкестендіру қолайсыз болса, жауапта қолайлысын көрсету қажет.

220.Егер электржелілік компания және басқа субъектілер келісімге келе алмаса, электржелілік компания мұндай телімдерде қолданылатын агрегаттар мен жабдықтарды дербес сәйкестендіруге құқылы.

221.Тұтынушылар баланстық тиістілікті жеткізу шекарасынан өз жағында өз жабдықтары мен агрегаттарын сәйкестендіруді жоспарлау үшін 254-тармаққа сәйкес агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру жөніндегі толық ақпаратты сұрастыруға құқығы бар.

222.Агрегаттар мен жабдықтардың келісілген толық сәйкестендірілуі деректер қорының тіркеліміне қосу үшін ЖО-мен тапсырылуы қажет.

223.Электржелілік компания және әрбір пайдаланушы кестелердің жасалуы мен жабдыққа сәйкестендірілуі анық көрсетілген жазбалардың жазылуын жүзеге асырады.

$3. Бар жабдықтар

224.Электржелілік компанияны қоса алғанда телімнің әрбір субъектісі басқа субъектінің сұрау салуы бойынша баланстық тиістілікті жеткізу шекарасынан өз жағында агрегаттар мен жабдықтардың толық сәйкестендірілуін ұсынуға міндетті.

225.Электржелілік компания мен әрбір пайдаланушыға баланстық тиістілікті жеткізу шекарасынан өз жағында орнатылған жабдықтарды іс-қимылдағы заңнамаға сәйкес сәйкестендіру талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.