Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
218
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1.Ересек адамның электроэнцефалограммасы.

Электроэнцефалограмма - миды зерттеудің қарапайым техникалық мүмкіндіктерінің бірі. Бірақ ЭЭГ сараптамасы – мидың жұмысы туралы жалпылама мәлімет қана бере алады.

2.Гипофиздің алдыңғы (аденогипофиз) бөлімінің эндокриндік қызметі Гипофиздің алдыңғы бөлігі- аденогипофиз үш түрлі,атап айтқанда,ацидофилдік,базофилдік және храмофилік жасушалардан тұрады.Соңғылары- бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп,құрылымдық сипатын жақсартады.Гипофизде самотроптық СТГ (соматотропин),тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин) ,пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.

3.Тыныс алу жүйесінің маңызы, қызметі, құрылысы.Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.Түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Мұрын қуысы қызметі.Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.Көмей қызметі.Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.Кеңірдек және бронхылар қызметі.Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.

Өкпенің қызметі.Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.

14-билет

1.Ортаңғы ми. Құрылысы мен қызметі.Ортаңғы ми (средний мозг); (mesencephalon — грек,гр. mesos — ортаңғы, гр. encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі. Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе- теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт төмпешік,қара зат,қызыл ядро III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.Төрт төмпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (III жұп)ядролары ортаң,ы мидың сырт жағында,ал ішкі жағында қара зат,қызыл ядро және IV жұп шығыршықтың жүйке нейрондары орналасқан.Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар.Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағышыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді(мысалы көздің,бастың,дененің жарық түскен жаққа бұрылуы). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық.Мысалы Миды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу) белгілері пайда болады:мысықтың басы қақшиып шалқаяды,жотасы созылып,тікірие сіресіп қатаяды,құйрығы тік көтеріледі.

Қара зат.Нейрондарынан қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтің маңызы осы күнге дейін анықталмаған.Дегенмен оның қыртыс және қыртыс астындағы түпкі ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.2.Таламус – эфференттік жүйелердің импульстарының коллекторы.

Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы 32жұп құрылым.Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық,алдыңғы,ортаңғы,бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.

3.Өкпе, оның құрылысы, бөлімдері Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б. Өкпе омыртқалылардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты

15- билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]