Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ 7 Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге биосфера туралы түсінік беру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.

Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Сабақтың материалдары:

1 тапсырма Тарау бойынша терминдердің глоссариін жасаңыздар.

2 тапсырма Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.

Бақылау сұрақтары

1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?

2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.

3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.

4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.

5. Биосфераның шекаралары.

6. Биосфера және космос. Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

7. Тірі заттардың негізгі биогеохимиялық функциялары.

8. Биосфераның энергетикасы.

9. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы. (көміртегі, азот, фосфор, күкірт, оттегі, су айналымы.)

10. Биосфераның эволюциясы. Ағылшын ғалымы Б.Коммонердің 4 заңы.

7. «Ноосфера» деген не, түсініктің пайда болуы.

8. Антропогенді экологиялық дағдарыстар.

9.Биосферадағы биогенді элементтердің айналымы.

10. Аэробты организмдер.

11. Анаэробты организмдер.

СӨЖ тапсырмалары

1.Биосфера және оның тұрақтылығы

2.Биосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы.

3.В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы.

4.Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі.

5.Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. 6.Биосферадағы заттар айналымы.

7.Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. 8.Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы.

Блиц-тест

1. «Табиғатта барлығы бір- бірімен байланысты- табиғат барлығынан жақсы біледі» - заңын кім ашты?

А) Либих

B) Коммонер,3юсс

С) Зюс

D)Олли

Е) Шварц

2. Биосфера глобалъды экожүйе, оның құрылымдық құрамы не?

А) популяциялар

В) өсімдіктердің кластары және бөлімдері

С) экожүйе

D) биогеоценоздар

Е) жануарлардың кластар жэне бөлімдері

3.Тропосфераның жоғары шетінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймагы:

А) Гидросфера.

В) Тропосфера.

С) Литосфера.

D) Мезосфера.

Е) Стратосфера.

4. Гидросфера дегеніміз бұл:

А) Мұхит және теңіз сулары.

В) Тірі организмдер мекендеген жердің беті.

С) Жердің газдық қабаты.

D) Биосфераның газдық қабаты.

E) Жердің сулы қабаты.

5. Биосфераны ластаушы химиялық заттарға жатады:

А)күл

В)қоқыстар

С) Азотты қалдықтар

D) мутагендер

Е) кір сулар

6. Жерден ең алшақжатқан (орналасқан) атмосфера қабаты:

А) Тропосфера.

В) Ионосфера.

С) Мезосфера

D) Стратосфера.

Е) Экзосфер.

7. Биосфераның тұтастылығы - бұл:

А) Табиги тандаулар

В) Ағзалар мен ортаның өзара тіршілікке қабілеттілігі

С) Нақты вертикальды шектер

D) Оның кұрамдас бөліктерінің арасындағы зат пен энергия алмасуы

Е) Өзін-өзі тазалау мүмкіндігі

8. Атмосфералық ауаньщ құрамындағы N мөлшері:

А) 78,08

В) 0,93

С) 60,6

D) 20,95

Е) 88,03

9. Литосфера түсінігі:

А) Жердің жоғарғы қатгы қабаты.

В) Планетамыздың су ресурстары.

С) Жер шарының газ күйіндегі қабаттары.

D) Өсімдіктер және жан-жануарлар дүяиесі.

Е) Адамзат қоғамы жэне оның өндірісі.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.