Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аудтит.doc
Скачиваний:
229
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
760.83 Кб
Скачать

4.3 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

1. Курстық жұмыстың теориялық сұрақтарын Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканың қалыптасуындағы ерекшеліктерімен байланыстырылуы керек. Бұл үшін сандық көрсеткіштерді, шаруашылық қорытынды есептілігін пайдаланғаны жөн. Көрсеткіштерді кесте, график, диаграмма, тақырыптық есептеулер түрінде жүйелеу, қорытындылау керек.

2. Алынған білімді зерттеулердіңмазмұнын сауатты, логикалық жүйемен түсінікті баяндалуы керек.

3. Курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс көрсету қажет.

Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылуы керек. Жұмыс машиналық жазба және қолжазба тәсілдермен орындалады.

Курстық жұмыс электронды есептеу машиналарында орындалғанда Microsoft Win Wort (версия 6.0), KZ Times New Roman шрифтымен, №14 кегльда жазылуы керек. Жұмыс машиналық тәсілде 30-35 бет көлемінде болуы керек.

Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында- 30 мм, оң жағында- 10 мм, жоғарғы жағында- 20 мм, төменгі жағында- 20 мм орын қалуы керек.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы: 1.тарау аты

  1. бөлім аты

  2. бөлім аты

Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.

Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:

- титульдік бет;

- мазмұны;

- кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.

Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.

Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.

Әдебиеттер тізімі анықталған ретпен құрылады:

- заңдылықтар мен нормативтік актілер;

- ережелер мен нормативтік актілер;

- статистикалық дерек көздері;

- монографиялар, мақалалар, оқулықтар және басқадақолданылған ақпарат көздері альфавиттік ретпен жазылады;

- кәсіпорынның ведомостволық нұсқаулықтары, нормативтік құжаттары, есептік және жоспарлық құжаттар.

Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.

4.4 Курстық жұмыстың мазмұны

Курстық жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың мәні мен маңызы ашылып, зерттеу объектісі мақсаты, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін бір-екі бетте жазылады.

Бірінші бөлімде жалпы теориялық әдістемелік аспектілер негізінде ішкі бақылау жүйесін оқып-үйрену қарастырылады: элементтер бойынша бақылау ортасы бухгалтерлік есепжүйесі мен принциптері және элементтердің бөлінуі бойынша бақылау процедуралары, клиент бизнесін тану сұрақтары, аудиторлық тәуекелділік компоненттерінің жоспарланған деңгейін және мңыздылықты анықтау. Сондай-ақ статистикалық, статистикалық емес аудиторлық сұрыптау және іріктеу әдістері қарастырылады. Алынған материалдар негізінде аудиторлық бағдарлама құрылады. Материалды статистикалық анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.

Екінші бөлімде есептік деректер негізінде бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастыру тәжірибесіқарастырылып, шаруашылық процестері мен оның ақпарат көздері, құралдардың жеке түрлеріне жүргізілген аудит нәтижесі келтіріледі. Екінші бөлімнің әр параграфтары жұмыс құжаттарын тіркеумен аяқталады және оларға талдау жүргізіліп отырады. Аудиторлық тексерудің жиынтық бағасы оқиға салдарымен байланысты жүргізілген аудиторлық жұмыстың аяқталуы болып саналады. Келтірілген ұсынымдар нақты және негізделген болуы тиіс. Ұсынымдар жекелеген салалар кәсіпорындарда тәжірибе ұштастыру негізінде жасақталып, баспасөз материалдарын немесе кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі мен талдау есебі жағдайын қарастырып, сонымен бірге ондағы жетіспеушіліктерді анықтайды.

Үшінші бөлімде Заң күшіндегі салық заңдылықтары негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері мен шаруашылық субъектінің қаржылық есеп беруіндегі шектеулер келтірілуі тиіс.

Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.

Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Жалпы, қорытынды бөлімде қаржылық есептің ұсынымдық талаптарға сәйкестігіне қысқаша баға беру, тақырыпты ашып көрсету мен бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруде автордың өз ұсынысы жазылады. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Ұсыныстар орынды болғаны жөн..

Қолданылған әдебиеттер тізімі курстық жұмыс жазу барысындағы барлық пайдаланылған ақпарат көздерін қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]