Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кажыбасов Ш.Б-03.06.2014.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать
      1. Android ож-нің 2005-2007 жылдардағы эволюциясы

Android командасында 2006-жылдың бірінші жартысы интерфейс прототипін құрып, Google қызметтерімен байланыстыру жұмыстарына кетті. Бұл уақытта ОЖ қарапайым сенсорлы смартфондарға арналып құрылды (сурет 4).

Сурет 4. Android телефондарға арналған алғашқы интерфейс

Бұл ОЖ интерфейсі ДК-дегі эмуляторларда жұмыс істеді, яғни, нағыз протатиптерде қолданылмады. Жарық көрген Android-тың алғашқы нұсқаларына тоқталайық:

  • Google Sooner – HTC жобасы (сурет 4). Алғаш көзге түсетіні – сенсорлы экранның жоқтығы. Модель Android-тың алғашқы нұсқаларына негізделіп құрылған. Бұл құрылғы референсті болып құрылды, құрылғыда Google ішінде бағдарламалар, ОЖ тестілеу жүргізілді. Стивен Тротон-Смит блогында ОЖ-нің 2007-жылдың 15-мамыр кезіндегі құрылым моделі сипатталады. Android M3 алғашқы нұсқасы 2007-жылдың қарашасында ғана жарияланды. Бұл ОЖ нұсқасы бізге танымал нұсқалардың ішіндегі ең ескісі болып табылады.

HTC компаниясының ішінде модель HTC EXCA 300 деп аталды, ал, Google-да Sooner деген атауға ие болды. Техникалық сипаттамалары толығымен 2006-жылғы Android нұсқасына сәйкес болды. TI OMAP 850 платформасы қолданылды, 64 мб жедел жады, экран 240x320 нүктеден тұрды, 1.3 мегапиксельді камера қолданылды. Wi-Fi, 3G және miniSD-ға арналған орын қарастырылмады.

Сурет 5. Google Sooner

Бұл ОЖ нұсқасы бір жылдан аз уақыт өте құрастырылған ОЖ-сі арасында өте үлкен айырмашылық болды. Google-да жедел іздеу қызметі телефонның негізгі функциясына айналды (сурет 6).

Сурет 6. Google іздеу қызметі

Home батырмасы қосымша жарлықтарынан тұратын жолақты шақыруға жауап берді. Бұл жолға өз қосымшаларымызды қосуға мүмкіндік болды (сурет 7).

Сурет 7. Қосымша жарлықтарынан тұратын жолақты

  • M3 және M5 – Android нұсқалары. Apple iPhone-ның пайда болып, сенсорлы экранды телефондарға сұраныстың көбеюіне байланысты ескі нұсқалармен жұмысты тоқтату қажет болды. 2007-жылдың екінші жартысында M3 нұсқасы жарыққа шықты. 2008-жылдың басында M5 нұсқалары пайда бола бастады.

2008-жылдың қыркүйек айында 1.0 нұсқасын жариялау үшін, тамыз айында 0.9 нұсқасы құрастырылды. 2008-жылдың 22-қарашасынан бастап АҚШ-та T-Mobile операторы сенсорлы экранды алғашқы Android-смартфон HTC Dream сата бастады (сурет 8).

Сурет 8. HTC Dream (T-Mobile G1)

    1. Android ож және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі

Android ОЖ-не арналған қосымшалар негізінде Java бағдарламалау тілін қолданумен құрылады. Компиляцияланған код (барлық файлдық ресурстармен және т.б қажетті ақпараттармен бірге) AndroidPackage арнайы файлдық мұрағатта жинақталады. Бұл файл кеңейтілімі *.apk болып табылады aapttool арнайы утилитасымен жинақталады. Осы файл қосымша түрінде мобильді құрылғыға жүктеледі. Үнсіз келісім бойынша әр бағдарлама Linux ядросымен басқарылады. Осылай қосымша коды балық баска қосымшалардан жекеленіп орындалады. Android процессті қандай да бір кодты орындау қажеттілігі туғанда ғана іске қосып-өшіреді. Үнсіз келісім бойынша әр қосымшаға өзінің бірегей қолданушы ID Linux-сі меншіктеледі. Қолжетімділік құқығы қосымша файлдары осы қолданушыға және берілген қосымшаға ғана көрінетіндей болып орнатылады. Бірақ оларды басқа қосымшаларға экспорттау әдістері бар. Мысалы, бір қолданушы ID-ін екі қосымшаға қолдану мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайда қосымшалар бір-бірінің файлдарын көре алады. Жүйелік ресурстарды үнемдеу мақсатында, бірдей ID-лі қосымшалар арасында бір Linux-процессте, бір виртуалды машинада іске асыруға келісуге болады[4,11,17].