Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
генерализация.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
532.99 Кб
Скачать

3.Картографиялық проекция туралы ұғым.

Карталардағы бұрмаланулар және олардың түрлері. Глобус — Жердің моделі. Онда Жер және оның беті біршама дәл, бірақ өте кішірейтілген түрде бейнеленеді. Дегенмен Жер бетін бейнелеудің басты әдісі — географиялық карта. Глобустан картаға, яғни жазықтықта бейнелеуге көшкенде бұрмаланулар пайда болады. Олардың болу себебі — Жердің шар тәріздес беті жазықтыққа жазғанда ыдырамай немесе қыртыстанбай қоймайды. Бірақ географиялық картада бұлай жасауға болмайды: глобустың бетіндегі кез келген нүктеге картада бір ғана нүкте сәйкес келетіндей болып, үзіктерсіз картографиялық бейне берілуі керек. Географиялық картада үзіктер мен қыртыстар болмау үшін оның бір жерлерін біркелкі созып, басқа жерлерін біркелкі қысады.

Бұдан екі түрлі қорытынды туады. Біріншіден — глобустағы кез келген сызық кесіндісі жер бетіндегімен салыстырғанда бірдей кішірейтіліп бейнеленген. Оның масштабы барлық жерде тұрақты болып қалады. Яғни, глобусқа бейнелеудегі тең масштабтылық тән. Жер шарындагы әрбір горизонталь бұрыш глобустағы сәйкес бұрышыңа тең, сондықтан глобустағы кез келген фигураның (форманың) бейнесі оның табиғи пішініне ұқсас болады, демек, глобустың тең бұрыштылың қасиеті бар. Глобуста бейнеленген аудандардың мөлшері олардың Жер бетіндегі шын мәнісіндегі мөлшеріне пропорциялы болып, аудандардың табиғаттағы және глобустағы арақатынасының тұрақтылығы сақталады, яғни глобусқа бейнеленудің тең мөлшерлігі тән. Екіншіден — жер бетін (материктер мен олардың бөліктерін, мұхиттарды, теңіздерді және т.с.с.) картада бейнелегенде сызықтардың ұзындыңтары, аудандар, фигуралар және бұрыштар бұрмаланады. Ұзындық масштабы картаның әр жерінде әр түрлі болып, бас масштабтан айтарлықтай айырма жасайды. Аудан масштабы да тап осылай бұрмаланады. Әсіресе бұрышардың бұрмалануы көзге айрықша түседі, одан объектілер-дің пішіні карта мен глобустағы ұқсастықтарынан айырылады. (Жарты шарлар картасын пайдалана отырып, дәлелдер келтіріңдер.[5]

4. Картографиялық проекциялар және олардың түрлері.

Жердің шар тәріздес бетін картаға көшіргенде ең алдымен белгілі бір әдіспен жазықтыққа меридиандар мен параллельдердің қиылысынан пайда болатын картография торы көшіріледі. Жердің шар тәріздес бетін жазықтықта (географиялық картада) бейнелеу әәісі картографиялық проекция деп аталады. Кез келген проекцияда бұрмалану болады. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекцияларды үш топқа бөледі. Тең бұрышты проекцияларда картадағы бұрыштар жер бетіндегі (глобустағы) сәйкес бұрыштарға тең болады. Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталар жолдың бағытын анықтауга ыңғайлы, бірақ оның есесіне бұларда қашықтықтар мен аудандар бұрмаланады. Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталар, мысалы, кеме жүргізуге, самолеттердің ұшу жолын белгілеуге және навигацияның басқа да мәселелерін шешуге қолданылады. Тең мөлшерлі немесе тең ауданды проекциялар географиялық объектілердің: материктердің, мемлекеттердің, теңіздердің, т. б. аудандарын бұрмалаусыз көрсетеді. Тең мөлшерлі проекцияларда жасалған карталар бойынша террито- риялардың мөлшерлерін өлшейді. Алайда бұл проекцияларда бұрыш пен форма барынша бұрмаланады. Еркін проекциялар. Бұл проекцияларда жасалған карталарда бұрыштар да, аудандар да бұрмаланады, бірақолар аз мөлшерде байқалады. Еркін проекциялардың ішінде тең аралықты проекциялар ерекше бөлінеді. Оларда масштаббасты бағыттардың бірінде не меридиан, не параллель бойында сақталады. Шардың бетін және меридиандар мен параллельдер торын жазықтыққа түсіргенде көмекші геометриялық беттер, мысалы: цилиндр, конус, жазықтық т. б. пайдаланылады. Пайдаланылған қосымша геометриялық беттердің түріне қарай картографиялық проек-циялар цилиндрлік, конустық және азимуттық деп бөлінеді. Тік цилиндрлік проекцияларда параллельдер мен меридиандар картада бірін-бірі 90° бұрыш жасап қиып өтетін түзу сызықтар жүйесі түрінде бейнеленеді. Мұндай торлар дүние жүзі карталары үшін жиі пайдаланылады. Ал СССР-дің және оның бөліктерінің карталары үшін конустық проекциялар қолданылады. Оларда параллельдер — доға тәріздес сызықтар, ал меридиандар — бір нүктеден тарайтын сәулелер түрінде бейнеленеді.[6]

СССР карталарының проекциялары. СССР территориясының географиялық карталары үшін көбінесе конустық тең аралықты еркін проекция қолданылады. Онда конус шардың бетін 47° және 62° с. е. параллельдердің бойымен қиып өтеді. Бұл параллельдер нөлдік бұрмалану сызықтары деп аталады, өйткені бұл сызықтардың бойында бұрмалану жоқ және картада көрсетілген масштаб сақталады. Масштаб оның үстіне барлық меридиандардың да бойында сақталады. Ең үлкен бұрмаланулар биік ендіктерде — Франц-Иосиф Жері мен Солтүстік Жер аралдары аудандарына тура келеді.

Картографиялық тордың арқасында жер бетінің карталарда бейнеленетін объектілері мен нүктелерінің бір-біріне, сондай-ақ экваторға, бастапқы меридианға, полюстерге қарағанда географиялық орны өте дәл көрсетіледі.

Сонымен, картографиялық проекциялар дегеніміз Жердің шар тәріздес бетін жазықтықта (картада) бейнелеу әдісі. Мұның өзінде объектілердің глобустағы бейнеленуімен салыстырғанда картадағы бейнеленуіне белгілі бір мөлшерде өзгеріс еңгізетін бұрмаланудың әр түрі пайда болады.

Картографиялық проекциялар және географиялық карталардың масштабы картаның математикалың негізін құрайды.