Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Суле апайды сабаынан.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
925.7 Кб
Скачать

Ғабиден Мұстафин (1927-1929)

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушының 1927-1929 жылдарды жазған әңгімелері, алғашқы қысқа әңгімелері «Сәрсен мен Мұқаш», «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер Шойын», «Шағатайдың шатағы», т.б. Олардың тақырыбы менидеясы. «Ер Шойын» жинағындағы жыңы өмірдің көрініу, ауылдағы күрес.

Жазушының үлкен эпикалыө жанр саласындағы шығармалары. «Шығанақ» романы (1945). Роман тақырыбының туу тарихы. Шығанақ, Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері.

«Миллионер» романы (1948), ондағы жаңа мен ескі арасындағы тартыс.

Жомарт, Жанат, Жақып, Сатан, Есжан, Ахмет образдарының тартыс үстінде суреттелуі, олардың типтік жірегеже көтерілуі. Жақып бойындағы психологиялық тартыс. Ахметтің жаңашылдық қасиеті. Романның жазылуы тарихи. Жазушының шағыармашылық ой-өзегі, оның игерілу жолдары.

«Қарағанды» романы (1952). Роман тақырыбының туу тарихы. Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шыныдығынан өнер шындығын жасау жолдары. Романның басты кейіпкерлері, олардың өмірлік негіздері (прототиптері).Ескі мен жаңа, әке мен бала арасындағы тартыс. «Өмір мен өлім» (1939) және «Қарағанды» романдарының сюжеттік желісіндегі, оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықтар.

«Дауылдан кейін» романы (1959). Романда суреттелетін оқиғалар тобы. Басты тұлғалар: Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының жетістігі. Аманға ере шыққан жаңа, жас қауым: Ізбасар, Сыздық, Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Майқар болыс, Жақып және Шегел т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты.

Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрылысы. Жазушы шеберлігінің жаңа қырлары. «Көз көрген» (1963). Романда суреттелетін оқиғалар. Шығарманың 1900-1925 жылдар арасындағы қазақ қоғамы бастан кешкен дәуір шындығына құрылған сюжеттік желілері.

Ғ.Мұстафинның жазушылық өнер туралы толғамдары («Ой әуендері»). Жазушы твочествосының қазақ әдебиетіндегі орны.

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Ғ.Мұстафиннің алғашқы қысқа әңгімелері

2. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдары

3. Ғ.Мұстафинның жазушылық өнер туралы толғамдары («Ой әуендері»).

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар:

1.Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

4.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

5.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

Дәріс №27-30 (4 сағат) Қазіргі қазақ әдебиеті

XX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті (1960-2000 ж.Ж.)

кезең әдебиетіндегі көркемдік жаңашылдықтар сипаты

-поэзия

-проза

-драма

Бұл дәуір қазақ әдебиетінде алдыңғы дәуірлерге қарағанда, бірсыпыра өзгешеліктермен ерекшеленеді. Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың ерекшелігі – жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы болды. Олар өмірді боямалап, бір жақты көрсетуден бас тартып, заман қиындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға тырысты. Әдебиет бұл дәуірде күрделі қоғам шындығын бастан кеше отырып дамыды. Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70 жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М. Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет еді. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтың романдары жарық көрді. Мұндай ұлттық оянуды көптеген туысқан халықтар да басынан кешірді.

Негізінен, бұл жылдары дәстүр және дәстүр жалғастығы, сонымен қатар жаңашылдық сарыны да байқалды. Авторлардың туындыларында түр мен жанрдағы ізденістер барынша көрініс тапты. Халқымыздың басынан өткен Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдулиннің “Менің майдандас достарым” (1947), Б.Момышұлының “Төлеген Тоқтаров”, “Біздің генерал” (1963), Ә.Шәріповтың “Ормандағы от”, Қ.Қайсеновтың “Жау тылында” (1967), атты публицистикалық толғаулары, романдары, повестьтері, әңгімелері, партизан ақын Ж.Саинның “Жорық жолдары” (1970), Т.Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” (1973), Ә.Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” (1970), “Ақиқат пен аңыз” (1976), С.Мәуленовтың “Жеңіс жүрек” (1985), Т.Бердияровтың “Оқ пен гүл” (1967), т.б алуан жанрдағы туындыларында бейнеленді. Ұлы Отан соғыс кезінде жастық шағы сол кезеңге дөп келген ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1967), Н.Ғабдулиннің “Жігер” (1983), М.Мағауиннің “Бір атаның балалары”, Д.Исабековтың “Біз соғысты көргеміз жоқ”, С.Мұратбековтың “Жабайы слма” повесть-романдарында, Е.Ибраһимнің “Өмір өлмейді” (1963), Ө.Нұрғалиевтің “Соғыстың соңғы жазы” (1978-1984), т.б поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс тапты.

Бұл жылдары жарияланған экология мәселелері жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастады. Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымдары Т.Ахтановтың “Дала сыры” (1968), “Боран” (1968), Қ.Жұмаділовтың “Саржайлау” (1978), “Сәйгүліктер” (1984), С.Жүнісовтің “Жапандағы жалғыз үй”, Д.Исабековтың “Гауһартас”, С.Шаймерденовтың “Селдің екпіні” (1977), З.Шашкиннің “Сенім”, І.Есенберлиннің “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, т.б шығармаларында көрінді. 1960-1990 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың “Ақбозат” (1962), “Кертолғау” (1973), “Тұлпарлар тағдыры” (1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдыры арқау болды.

Қазіргі прозамен - лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістермен үйлесіп, дерек пен ойдан шығарумен түйіндесіп жатты. Ә.Әлімжановтың “Отырардан келген сыйлық” (1964), “Махамбеттің жебесі” (1960), О.Бөкеевтің “Қамшыгер” (1970), “Ән салады шағылдар” (1978), Т.Әбдіковтің “Ақиқат” (1978), С.Ерубаевтың “Ойсылқара” (1972), Т.Жармағанбетовтың “Соңғы хат” (1974), Д.Исабековтың “Қарғын” (1980), “Тіршілік” (1975), Ә.Кекілбаевтың “Дала балладалары” (1967), “Шыңырау” (1982), М.Мағауиннің “Көкмұнар” (1972) жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістер байқалды.

Ұлттық поэзия арсеналы жаңа көркемдік бояулармен молыға түсті: Ә.Тәжібаев “Таныс дауыстар” (1984), О.Сүлейменов “Әр күн-арайлы таң” (1986), С.Мәуленов “Жапырақтар жанады” (1964), Т.Айбергенов “Арман сапары” (1963), “Аманат” (1975), Ә.Ахметов “Тырау- тырау тырналар” (1974), К.Салықов “Жезкиік” (1973), Ж.Нәжімеденов “Темірқазық” (1982), К.Ахметова “Жапырақ- жаздың жүрегі” (1974), С.Жиенбаев “Іңкәр дүние” (1981), Ж.Жақыпбаев “Саратан” (1979) т. б.

Сонымен қатар, дәл осы жылдары Жамбыл, Кенен ақындарының мерейтойлары дүниежүзі қазақтары мәслихатының құрметіне арналып, республикалық айтыстар өткізілді. Айтыс ақындары М.Көкеновке, Ә.Қалыбековаға, Қ.Әбілевке “Қазақ ССР халық ақыны” деген атақ берілді.

Бұл жылдары сюжетсіз лиркалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай ізденістерге Қ.Бекхожиннің “Сұңқар туралы жыр”, Х.Ерғалиевтің “Аңыз ата”, “Жылдар, жылдар”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, “Байқоңыр баспалдақтары”, “Қыран дала”, Ә.Тәжібаевтың “Портреттер”, М.Әлімбаевтің “Менің Қазақстаным”, Т.Бердияровтың “Жер мен адам”, Қ.Мырзалиевтің “Данышпан”, М.Мақатаевтың “Өмір дастан”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Моцарт”, “Жан азасы”, т. б шығармалары жатады.

Баллада жанрына келетін болсақ, баллада жанрындағы Қ.Жармағанбетовтың үрдісін М.Шаханов дамытты. Оның “Сейхундария”, “Махаббаты қорғау”, “Сенім патшалығы”, “Барселона аэропортындағы сұңқарлар”, “Жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан”, т. б балладаларында жанрдың ішкі қуатының молдығы байқалды.

Қазіргі прозада әлеуметтік, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылар бірегей шешуге ұмтылды. Оған Т.Ахтановтың “Боран”, Ә.Әлімжановтың “Көгілдір таулар” (1982), О.Бөкеевтің “Мұзтау” (1975), “Ән салады шағылдар” (1973), т. б жатады.

Колхоздастыру, кулактандыру, тап ретінде жою драмасы кеңінен өріс тапты. 1932- 1933 жылдардағы ашаршылық трагедиясы, сталиндік репрессия Ж.Сыздықовтың “Әли қарттың әңгімесі”, Ғ.Мүсіреповтің “Сөз жоқ соның іздері”, Х.Есенжановтың “Ағайынды Жүнісовтер”,т.б. көркем шығармаларында реалистікпен бейнеленді. Зобалаң шақ шындығы Ш.Мұртазаның “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты”, Қ.Мұхаметжанованың “Біз періштеміз бе?” атты сахналық туындыларында тереңдетіле түсті.

Дәл осы жылдары қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Қатпарлы қалың тарихтың көрінісі Ғ.Мүсіреповтің “Жат қолында” (1984), Ғ.Мұстафиннің “Көз көрген” (1963), І.Есенберлиннің “Қаһар” (1969), “Алмас қылыш” (1971), “Жанталас” (1973), “Алтын орда”, Х.Есенжановтың “Көп жылдар өткен соң” (1963), “Тар кезең” (1965), “Жүнісовтер хикаясы” (1972), Ә.Нұрпейісовтың “Қан мен тер” (1971), Ә.Кекілбаевтың “Үркер” (1981), “Елең- алаң” (1984), Қ.Жұмаділовтің “Соңғы көш” (1974), “Тағдыр” (1989), Д.Досжановтың “Жібек жолы” т. б кеңінен ашылды.

1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов “Оянған өлкенің” екінші кітабын “Жат қолында” деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла суреттеледі. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген- Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алыпсатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал- айласын көз алдыңыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара арласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін алға сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды.

60-шы жылдардың аяғында І.Есенберлин ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған “Қаһар” (1969) романын жазды. Роман әуелдекөп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп - қоғамдағы идеолдогиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды. Патша отаршылдығының күшейіп, халықтың тұрмыс-тіршілігінің ауырлауы жағдайында көтерілген Кенесары қозғалысының алғашқыда халықтық сыпат алғанын, тілектес жұрттың оның соңынан ергенін көрсете отырып, Ілияс Кенесарының хан көтерілгеннен кейін көтерілістің халықтық сыпаты әсірелеп, жеке бастың хандық мүддесі үстем бола бастағанын суреттеді. Кенесары соңынан ергендердің одан қол үзіп, айырыла бастауы да осыған байланысты. Мұндай концепция билеуші идеология саясатына онша қиғаш та келмейтін еді. Олар көтерілістің осылай бағалануына келіскендік білдірді. Негізінен, Кенесары қозғалысының екі жақты сыпаты жайлы осындай пікір ұстана отырып, Ілияс партияның отаршылдық саясатының қазақ халқының өмірін ауырлатып жібергені. Кенесары көтерілісінің туу заңдылықтары, Кененің жеке басының әскери басқарушылық таланты жайлы жазды. Онда халық адамдарының арман-мұраты мен өкініші, күйініш- сүйініші, олармен тілектес ел басшыларының бейнесі жаңаша ұғым- түсінікте жасалды. Бұрын хан, би, жырау сияқты ел билігіне араласқан адамдар тек үстем тап адамы есебінде таріс бағаланып келсе, Ілияс бірінші рет қазақ әдебиетінде олардың ісі, арман- тілегі, ой-пікірі халық тағдырымен байланысты болғанын ашты. Романды Кенесарыға қоса оның батыр інісі Наурызбайдың, сарбаздары Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Бұқарбайдың, т.б ерлік бейнелері жасалған. Жазушы қазғалыстың қайшылығын, жеңілу себептерін де жасырмай, жақсы- жаманды айыра көрсетеді. Кененің өзін көтере көрсетуге тырысуын, кейде өзін қызықтап кететін мінін де, қатыгездігін де ашық айтады.

Сөйтіп, “Қаһар” тарихты қайта қозғаудың басы болған, халықтың отаршылдыққа қарсы азаттық күрестері жайлы елдің есіне салып, оның санасын оятуға көмектескен шығарма боп тарихқа кірді. Қазақ халқының ХV ғасырдан бергі тарихы жайлы жаңа романдар (“Алмас қылыш”, “Жанталас”) жазған Ілияс кейін “Қаһарды” осы серияның үшінші кітабы етіп қосты. Бәрі бірігіп “Көшпенділер” деген трилогияны құрады.

“Алмас қылыш” (1971) Дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайырдың билігінде болған қазақ руларының топтасуын, олардың билікке таласын, Жәнібек, Керей бастаған қазақтардың бөліну үрдісін көрсетуге арналса, “Жанталаста” (1973) қазақ хандығының жоңғарлардың шабуылынан қорғану тарихынан мол мәлімет береді. Онда Хақназар, Тәуекел, Есім, Абылай хандар тұсындағы қазақ елінің жайы суреттеледі. “Алмас қылыштың” идеясы қазақ руларының бірігуі, бөлек ел болуы жайына құрылса, “Жанталаста” қазақ халқының елін қорғау және ұлттық мемлекетті орнықтыру жолындағы күресі негізге алынады. Екі роман да қазақ халқының саяси-экономикалық ахуалы мен көшпелі елдің рухани өмірін кең суреттейді. Халықтың ел қорғаған батырлары мен шешен билерінің бейнелерін жасайды. Роман стилінде халық әдебиетінің, эаостың бейнелеу тәсілдері байқалады. Қазақ елінің ұзақ (ХV-ХVІІІғасырлар) тарихын көркемдікпен танытуға арналған шығармады хроникалық сыпат та мол. Сөйте тұра, “Көшпеділер” қазақ тарихының негізгі кезеңдерін, ондағы дамудың бағыты мен оқиғаларын, тарихи қайраткерлері өмірін кеңірек түсінуге жол ашқан тың шығарма болды. Ол бүгінгі ұлттық әдебиетімізге жаңа леп әкелді.

Ілияс Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған соңғы шығармасы - “Алтын орда” атты үш томдық романы. Мұнда ХІІІ-ХV ғасырларда күшті мемлекет болған Алтын Орданың саяси-қоғамдық, мәдени өмірі суреттеледі. Роман ертедегі тарихқа, аңызға сүйеніп жазылғандықтан, онда аңыз, әңгімешілдік стилі көбірек пайдаланылды. Оның оқиғалық жүйесі тарихи хроникадан, шежіреден тұрады. Жазушы осы материалдарды көркемдік толғамнан өткізіп, әлеуметтік, психологиялық суреттермен байытқан.

Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) Ә.Кекілбаев жазды. Оның “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984) романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің күрделі қарым-қатынасын суреттейді.

Бұл жетістіктермен қоса, қазақ драматургиясы тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсті. Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары ерекше бағаланды. Оның Ш.Айтматовпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” (1972), Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер”, Т.Ахтановтың “Ант”, С.Жүнісовтің, Д.Исабековтың, т. б пьесалары сахналық мәдениетімізді кемелдендіруге үлкен үлес қосты.

Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен бірге тыныстап, талап деңгейінен шығуға үлес қосып жатты. Ондай еңбектер: Ғ.Мүсірепов “Суреткер парызы” (1970), Ғ.Мұстафин “Ой әуендері” (1978), С.Қирабаев “Шындық пен шығарма” (1981), “Талантқа құрмет” (1988), Ә.Нұрпейісов “Жүрегі тола жыр еді” (1978), Т.Ахтанов “Көкейтесті” (1980), З.Қабдолов “Жебе” (1977), Р.Бердібаев “Қазақтың тарихи романы” (1979), Ш.Елеукенов “Замандас парасаты” (1977), “Жаңа жолдан” (1989), Ә.Кекілбаев “Дәуірмен бетпе- бет” (1972), М.Мағауин “Ғасырлар бедері” (1991), Р.Нұрғалиев “Өнердің эстетикалық нысанасы” (1979), “Айдын” (1985), З.Серікқалиев “Ақыл таразысы” (1976) және “Уақыт және қаламгер”, “Стиль сыры”, “Сөзстан”, т. б жинақтар жарық көрді. Бұларда жанр табиғаты, шығарманың көркемдік палитрасы, жазылу тарихы, сюжеті, характер, типтендіру, т. б мәселелері сөз болды.

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. 1960-1990 жылдары қазақ әдебиетінің көркемдік сипаты?

2. Қазақтың қатпарлы тарихи көріністер негізінде жазылған тарихи романдары?

3. Ұлы Отан соғысын басынан өткеріп, осы тақырыпқа қалам тартқан ақын-жазушылар кімдер?

4. Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың тағдыры туралы жазылған шығармалар?

5. Осы кезеңде қандай жанрдағы поэмалар көптеп жазылды?

6. Баллада жанрын ілгері дамытушы?

7. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» туындысының тақырыбы, мазмұныны?

8. І.Есенберлиннің ең бір даулы, қиын беттер тарихына арнап, оқырман қауымын әуелде шошытып, таң қалдырған туындысы?

9. Қазақ драматургиясында қандай жаңалықтар болды?

10. Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен тыныстап, талап деңгейінен шығуға үлес қосып жатты. Ол қандай еңбектер?

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

1. Әбдірахманова Т.Жаңа ғасыр көгінде. Монография.- Алматы:1969.

2. Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын.- Алматы:1973.

3. Егеубаев А. Сыр мен сымбат.- А,.1981; Сөз жүйесі.- А,.1985.

4.Елеукенов Ш. Қазақ романы және қазіргі дәуір.- А,.1968; Замандас парасаты.- А,.1977; Жаңа жолдан.- А,.1989.

5. Кәкішев Т. Дәуір суреттері.- А.,1967; Оңаша отау.- А,.1982; Дәуір дидары.- А.:1985.

6. Қабдолов З. Жебе.- Алматы:1977.

7. Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия.- А,.1970; Қазіргі қазақ поэмасы.- А:1982; Қалижан Бекхожин творчествосы.- А:1983.

8. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. – А., 1968: Күретамыр -А.,1973; Өнердің эстетикалық нысанасы. –А., 1979.; Айдын. – А., 1985; Телағыс. – А., 1986.

Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.- Алматы:1968.

9. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы.- А,:1992.

10. Сыдықов Т. Мұрат пен міндет.- Алматы:1987.

Тұжырымдар:

Қазақ әдебиетінің тарихы қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің жасалу жолдарын, мәні мен мағынасын, тек пен түрге бөлу шарттылықтарын ұғындырады. Сондай-ақ «ақтаңдақ» атанып келген әдебиеттің тарихындағы елеулі тұлғалардың шығармаларын терең зерделей білу қазақ әдебиетінің деңгейін бағдарлауға, өзінен кейінгі әдебиет тарихындағы аталмыш шығармашылық топқа қаншалықты әсері бар екендігін айқындауға мүмкіндік жасайды.

Сондықтан да бұл пәнді оқыту барысында мына мәселелер қамтылмақ:

Біріншіден, қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму арналары жүйелі түрде зерттеледі.

Екіншіден, классик жазушылардың пайдаланатын әдіс-тәсілдері айқындалады.

Үшіншіден, қазақ әдебиетінің даму жолдары, классификациялау принциптері ашып көрсетіледі.

Төртіншіден, қазақ әдебиетінің негізгі ерекшеліктері анықталады. Сөйтіп әдебиеттің жетістіктері мен өсу жолын, байланысын жан жақты терең ұғуға негіз жасалады.

Дәріс тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Қорқыт ата кітабына байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Қорқыт ата кітабы Тақырып бойынша коллоквиум алу

3.ХҮ – ХҮІІІ ғ.қазақ. әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы. Бұқар жырау. (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Оғызнамеге байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Оғызнаме Тақырып бойынша коллоквиум алу

4. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жина

1. Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығына

байланысты материалдар (2 сағ)

2. Интернет материалдар және портреттер Әбу Насыр әл-Фараби

Тақырып бойынша коллоквиум алу

5.Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин (2 сағ)

Лекцияда берілген бағытқа сәйкес қосымша әдебиеттерден мағлұмат алу

1. Сүлеймен Бақырғани шығармашылығына

байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы» Сұрақ-жауап алу

6.Абай Құнанбаев. (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Насреддин Рабғзуи шығармашылығына

2. Интернет материалдар және портреттер Насреддин Рабғзуи. «Рабғзуи қиссалары» Тақырып бойынша коллоквиум алу

7.ХХ ғасырлың І жартысындағы қазақ әдебиеті. Ш. Құдайбердиев (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. «Кодекс Куманикуске» қатысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі

Жазбаша жұмыс

8.А.Байтұрсынұлы шығармашылығы.

М.Дулатұлы шығармашылығы (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Хорезми шығармашылығына

байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Хорезми. «Мұхаббатнаме» Тақырып бойынша коллоквиум алу

9.М.Жұмабаевтың алғашқы шығармашылығы.

М.Сералин шығармашылығы (2 сағ)

1. Ғашықтық дастандарға

байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Құтб. «Хұсрау -Шырын» дастаны Сұрақ-жауап алу

10.С.Торайғыров шығармашылығы (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Сайф Сараи. Гулистан бит-түркиге

байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер Сайф Сараи. Гулистан бит-түрки.

(«Түркі тіліндегі гүлстан») Тақырып бойынша коллоквиум алу

11. Б. Майлин (2 сағ)

1. Ғашықтық дастандарға байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер Дүрбек. «Жүсіп-Злиха» дастаны Тақырып бойынша коллоквиум алу

12.С. Сейфуллин, І.Жансүгіров (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1 Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығына қатысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Мұрат Мөңкеұлы. Тақырып бойынша коллоквиум алу

13. М.Әуезов. (2 сағ)

1. Сал-серілер шығармашылығына байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер

Сал-серілер

Сұрақ-жауап алу

14.С.Мұқанов (2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1. Ақылбай Абайұлы шығармашылығына

байланысты материалдар

2. Интернет материалдар және портреттер Ақылбай Абайұлы

Тақырып бойынша коллоквиум алу

15.Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин(2 сағ)

Лекция тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер жинау

1.Мағауия Абайұлы шығармашылығына

байланысты материалдар (2 сағ)

2. Интернет материалдар және портреттер

Мағауия Абайұлы

Тақырып бойынша коллоквиум алу

______________________________________________________________________

Барлығы: 30 сағ. 15 сағ. 45 сағ.

______________________________________________________________________

Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

1. Практикалық сабақтың тақырыбы: Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиет (1 сағат).

Мақсаты: Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиеті туралы толыққанды мәлімет беру. . «Орхон ескерткіштері» туралы мағлұматтарын кеңейту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. «Орхон ескерткіштері», оның жазылу себебі.

2. Ескерткіштің кілтін тапқан ғалымдар еңбектері.

3. Орхон жазуының мазмұны мен айтар ойы

4. Орхон жазуларының жанры

Тапсырма: «Авеста» шығармасы бойынша реферат жазу, талдау.

1..Күлтегін жыры мен қазақ эпосы. Конспектілеу.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір. Әдебиеті. Оқулық. –А.2005.

2.Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.

3.Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.

4.Жолдасбеков М. Асыл арналар. А,1986.

5.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А. 2001.

2. Практикалық сабақтың тақырыбы:Оғыз дәуіріндегі әдебиет және Қорқыт ата кітабы (1 сағат).

Мақсаты: Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші «Қорқыт ата кітабы» туралы жан-жақты мәлімет беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.

2. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары.

3.Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі.

4.«Қорқыт ата кітабының» құрылысы, мазмұны, көркемдік ерекшеліктері

Тапсырма: Қорқыт атаның ұлағатты өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері бойынша мақала дайындау. Жазба жұмысы.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

  1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір. Әдебиеті. Оқулық. –А.2005.

  2. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. –А.,1976

3 Қорқыт ата кітабы /ауд. Ә.Қоныратбаев, М.Байділдаев/. –А.,1986

4. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А.,1991

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –А.,1987

3. Практикалық сабақтың тақырыбы: Жыраулар шығармашылығы.Сыпыра жырау мұрасы . (1 сағат).

Мақсаты: Жыраулар шығармашылығы және Сыпыра жырау мұрасы туралы жан-жақты мәлімет беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. Жырау және жыршы. Жыраулық дәстүр. Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.

2. Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.

3. Сыпыра жырау мұрасы .

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XY-XYIII ғасырлар). Үшінші кітап. Оқулық. –А., 1992

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Төртінші кітап. Хрестоматия /Құрастырған М.Мағауин/. –А.,1993

3.Сүйіншәлиев Х. ХҮІІІ-ХІХ ғаысрлардағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –А., 1961

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғасыр). Оқулық. –А., 1991

5.Үш ғасыр жырлайды. –А., 1965

6.Бес ғасыр жырлайды. –А., 1993

7.Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы: Жазушы,1991

4. Практикалық сабақтың тақырыбы: Бұхар жырау және жыраулық мұра (1 сағат).

Мақсаты: Бұхар жырау және жыраулық мұра туралы жан-жақты мәлімет беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. Бұхар жыраудың өмірбаяндық дерегі.

2. Бұхар жырау өлеңдерінің тақырыптары.

3.Жыраудың өлең-толғауларындағы пәлсапалық-дүниетанымдық қырлары, көркемдік үлгілер, өрнекті сөздер.

4. Жырау мұрасының зерттелуі, әдебиеттегі орны

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Сүйіншәлиев Х. ХҮІІІ-ХІХ ғаысрлардағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –А., 1961

2.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғасыр). Оқулық. –А., 1991

3.Үш ғасыр жырлайды. –А., 1965

4.Бес ғасыр жырлайды. –А., 1993

5.Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы: Жазушы,1991

6. ХІХ ғасырдағы қазақ оқиғалары. Алматы,1988.

5. Практикалық сабақтың тақырыбы:Ж.Жабаевтың ақындық өнері мен шығармашылығы. (1 сағат).

Мақсаты: Ж.Жабаевтың ақындық өнері мен шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы.

2. Жамбылдың айтыстары.

3. Жамбылдың ірі эпикалық шығармалары.

4. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі.

5. Ж.Жабаев шығармашылығын зерттеудің қазіргі жай-күйі, маңызды мәселелері.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

2.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

3.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

6. Практикалық сабақтың тақырыбы:М.Дулатовтың шығармашылығы.(1 сағат).

Мақсаты: М.Дулатовтың шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

    1. М.Дулатовтың XX ғасыр бас кезіндегі ірі азаматтық тұлға екендігі.

    2. М.Дулатовтың "Азамат" (1913), "Терме" (1915) жинақтарының ақындық тұрғыдан ілгерілеудің белгісі ретінде танылуы.

    3. М.Дулатовтың аудармалары.

    4. «Бақытсыз Жамал» және XX ғ. басындағы романдар.

    5. Романның негізгі идеясы, тақырыптық жүйесі, жазылу тілі, стилі

    6. Дулатовтың көсемсөздік мақалалары

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Бес арыс. Алматы,1992.

2.Дулатов М. Шығармалар жинағы. Алматы,1991.

3.Досжанов Д. Абақты. Алматы,1992.

4.Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. Алматы,1991.

7. Практикалық сабақтың тақырыбы:М.Жұмабаев лирикасының жанрлық, тақырыптық ерекшелігі . (1 сағат).

Мақсаты:М.Жұмабаев лирикасының жанрлық, тақырыптық ерекшелігін меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1.М.Жұмабаевтың шығармашылық жолы.

2. М.Жұмабаевтың аудармашылық еңбегі.

3.М.Жұмабаев – лирик.

4.М.Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Бес арыс. Алматы,1992.

2.Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. Алматы,1991.

3.Досжанов Д. Абақты. Алматы,1992.

4.Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. Алматы,1991.

8-9. Практикалық сабақтың тақырыбы: С.Торайғыровтың өмірі мен қаламгерлік қызметі (2 сағат).

Мақсаты: С.Торайғыровтың өмірі мен қаламгерлік қызметі туралы терең мағлұмат беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, дәлелді эссе, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. С.Торайғыровтың шығармашылық жолы.

2.С.Торайғыровтың шығармаларының тақырыбы, дәуірге, түрге, жанрға жіктеу..

3. С.Торайғыровтың лирикасы.

4. С.Торайғыровтың романдары.

5. С.Торайғыровтың поэмалары.

6. С.Торайғыров шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері, Алматы,1986.

2.Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. Алматы,1993.

3.Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы,1986.

4. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі.

5.Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. Алматы,1967

10. Практикалық сабақтың тақырыбы:М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы . (1 сағат).

Мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ прозасының өсіп-дамуына тигізген әсерін ұғындыру .

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1.Романның жазылу тарихы.

2.Романдағы дәуір шындығы. Заман келбеті.

3.Шығармадағы образдар жүйесі, оқиға желісі, тартыс сипаты.

4.Эпопеядағы Абай образы, оның ақындық, ойшыл, азаматтық келбеті. 5.Кейіпкерлер жүйесінің даралануы. Олардың өзара тартысы.

6.Романның көркемдік ерекшеліктері. Жазушының суреткерлігі. Шығарманың маңызы.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3. Нұрғали Р. Әуезов және алаш. Алматы, 1997.

4. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. Алматы,1982.

5. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. Алматы,1991.

6. Нұрғалиев Р. Арқау. Алматы,1992.

11. Практикалық сабақтың тақырыбы:С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. (1 сағат).

Мақсаты: С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру..

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы.

2. С.Мұқановтың прозалық жанрдағы үлкен жетістігі «Ботагөз» романының жазылу тарихы.

3. «Ботагөз» романының идеялық тақырыбы мен көтерген мәселесі.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

4.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

5.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

12-13. Практикалық сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық өмірбаяны. (2 сағат).

Мақсаты: Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру..

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1. Қаламгердің шығармашылық өмірбаяны.

2. Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелерінің мәні. Ана образы. Шығарманың тіл көркемдігі.

3.«Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасының мәні. 1сағ.

4.Ғ.Мүсіреповтың романдары. «Қазақ солдаты» романы. Тақырыбы. Жауынгер өмірінің суреттелуі. Қайрош образы.

5.«Оянған өлке». Өңдіріс орындарының ашылуы. Жұмысшылар образы. Шығарманың сюжеті, тіл ерекшелігі.

6.«Ұлпан» романының оқиғасы. Көтерген мәселелері. Образдар жүйесі. Ұлпан, Есеней, Шынар, Мүсіреп бейнелері. Шығармадағы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып көріністері.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

4.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

5.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

14. Практикалық сабақтың тақырыбы:Ғ.Мұстафин шығармашылық өмірбаяны. (1 сағат).

Мақсаты: Ғ.Мұстафин шығармашылық өмірбаяны туралы жан-жақты мәлімет беру..

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1.Жазушының шығармашылық жолы.

2.30 ж. әңгіме, очерктері.

3.Қаламгердің көлемді жанр саласындағы шығармалары. «Қарағанды» романы. Тақырыбы. Тартыс. Оқиға желісі. Образдар жүйесі. Тілі.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

4.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

5.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

15. Практикалық сабақтың тақырыбы:Қ.Аманжоловтың ақындық шеберлігі. (1 сағат).

Мақсаты: Қ.Аманжоловтың ақындық шеберлігі туралы жан-жақты мәлімет беру..

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, топпен, жеке студентпен.

Жоспары:

1.Жазушының шығармашылық жолы.

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы.

3.Қасымның поэмалары.

4. Қасымның аудармалары

5.Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Абдрахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. Алматы,1976.

2.Қазақ совет әдебиетінің тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

3.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

4.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ СӨЖ көлемі

1. Орхон жазба ескерткіштері табылуы, зерттелуі 3 сағ.

2. Күлтегін жыры мен қазақ эпосы. 3 сағ.

3. Қазтуған жырау 3 сағ.

4.Асан Қайғы 3 сағ.

5.Доспамбет жырау 3 сағ. 6. Шалкиіз жырау 3 сағ.

7.Жиембет жырау 3 сағ.

8.Марғасқа жырау 3 сағ.

9. Ақтамберді жырау 3 сағ.

10.Тәтіқара ақын 3 саг

11.Үмбетей жырау 3 сағ.

12.Бұхар жырау 3 сағ.

13.Шал ақын 3 сағ

14.Дулат Бабатайұлы 3 сағ.

15.Шернияз Жарылғасұлы 3 сағ.