Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать

1) Қышқыл ортадағы контактілі коррозия.

  1. Активтілігі төмен металдардың контактілі коррозия жылдамдығына әсері

  2. Пробиркаға 4-5 мл 2н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, мырыш бөлігін батырыңыз. Сутектің бөлінуін бақылаңыз. Осы пробиркаға мырышқа тигізбей қорғалған мыс сымын салыңыз. Мыста сутектің бөлінуі байқалады ма? Мыстың беткі қабатына сыммен әсер етіңіз. Қай металда сутек бөлінеді? Байқалған құбылысты түсіндіріңіз. Құбылыстың электрондық теңдеуін және гальваножұптың схемасын құрыңыз.

Тәжірибе – 2

Бейтарап ортадағы металдардың контактілі коррозиясы.

a) Фарфорлы ыдысқа 3%-дық натрий хлоридінің ерітіндісін құйыңыз және оған 5-6 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Ерітіндіге наждак қағазымен қорғалған мыс сымын және мырышты салыңыз. 5-7 минуттан кейін ерітіндінің түсі ашық қызыл түске боялады. Түс өзгерісі қай металда байқалады? Ауаның еркін қатысындағы бейтарап сулы ортада мырыш пен мыстың әсерлесуіндегі коррозияның механизмін сипаттаңыз.

  1. б) Тәжірибені 2а тәжірибесіндей етіп жасаңыз, бірақ ерітіндіге қорғалған темір шеге мен мырыш салыңыз;

  2. в) Тәжірибені 2а тәжірибесіндей етіп жасаңыз, бірақ ерітіндіге темір сыммен оралған наждак қағазымен қорғалған мыс сымын батырыңыз. 5-7 минуттан кейін ерітіндінің түсі ашық қызыл түске боялады. Түс өзгерісі қай металда байқалады? Содан соң ерітіндіге 3-4 тамшы қызыл қан тұзын тамызыңыз және көк түстің пайда болуын бақылаңыз. Көк түске қай металл боялады? Ауаның еркін қатысындағы бейтарап сулы ортада темір мен мыстың әсерлесуіндегі коррозия механизмін сипаттаңыз және ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіріңіз. Алдын ала ионына сапалық реакция жасаңыз. Ол үшін пробираға 2-3 мл FeSO4 ерітіндісін құйыңыз және бірнеше тамшы қызыл қан тұзы ерітіндісін қосыңыз. Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңыз.

  3. Тәжірибе – 3

  4. 3) Болаттың аэрациондық коррозиясы.

  5. а) Болат пластинканы наждак қағазымен тазалап, сумен жуып және фильтр қағазымен кептіріңіз. Металдың таза беткі қабатына қызыл қан тұзының тамшысы және фенолфталеин тамшысы қосылған бірнеше тамшы 3%-дық натрий хлориді ерітіндісінен тұратын алдын ала дайындалған ерітіндінің 1-2 тамшысын пипеткамен тамызыңыз. Қай бөліктің көк, қай бөліктің ашық қызыл түске боялатынын бақылаңыз. Ауаның еркін қатысындағы бейтарап сулы ортада өтетін болаттың коррозиясын, процестердің теңдеуін жазыңыз. Болаттың жоғарғы бетіндегі тамшы астындағы анодтық және катодтық бөлікке бөлінуін түсіндіріңіз. Ерітіндінің түсінің өзгерісін түсіндіріңіз.

  6. 4) Металдар коррозиясының жылдамдығына микрогальваникалық элементтердің пайда болуының әсері.

  7. Екі пробиркаға 2-3 мл-ден сірке қышқылының СН3СООН ерітіндісін құйыңыз және әрқайсысына мырыш түйіршігін бір-біреуден салыңыз; пробиркалардың біріне екі тамшы мыс сульфаты ерітіндісін қосыңыз. Қай пробиркада сутектің бөліну жылдамдығы көбірек? Гальваникалық элементтің түзілуін және анод пен катод өтетін процестерді жазыңыз. Мырыш бөліктерін фарфор ыдысқа салыңыз.

  8. 5) Коррозия процесіне анодтық ингибитордың қорғаныштық әрекеті.

  9. Екі пробиркаға 2-3 мл-ден 1н тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Бір пробиркаға мырыш түйіршігін, екіншісіне қорғалған темір шегені салыңыз. Газдың бөлінуін бақылаңыз. Қай металда газдың интенсивті бөлінуі байқалады? Неге? Пробиркаға калий дихроматы ерітіндісінің 1-2 мл қосыңыз. Не болғанын анықтаңыз: газдың бөлінуі артады ма, кемиді ме әлде тоқтайды ма? Тотығу-тотықсыздану реакциясын жазып, анодтық баяулатқыштың әсерін түсіндіріңіз.

  10. 6) Коррозия процесіне органикалық ингибиторлардың қорғаныштық әрекеті.

  11. Үш пробиркаға 2-3 мл-ден 1н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Бір пробиркаға мырыш бөлігін, екінші пробиркаға алюминий бөлігін, үшіншіге темір шегені батырыңыз. Реакция баяу жүріп жатқан пробирканы қыздырыңыз. Барлық пробиркаларға сутек интенсивті бөлінгеннен кейін аздап уротропин себіңіз. Не байқалады? Барлық жағдайларда уротропин эффектті ингибитор болады ма?

  12. 7) Металды катодтық қорғау.

  13. Орташа екі шыны стаканға (1/2 көлемді) 0,5н натрий хлориді ерітіндісін құйыңыз және 3-5 тамшыдан қызыл қан тұзын қосыңыз. Бір стаканға қорғалған және жуылған темір стержен, екіншісіне көмір стерженмен бірге бекітілген осындай темір стержен салыңыз. Темір электродты тұрақты токтың теріс полюсімен, көмір электродын оң полюспен қосыңыз. Нәтижені түсіндіріңіз. Бірінші және екінші жағдайлардағы анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

  14. 8) Металды протекторлы қорғау.

  15. a) Қорғасынды протекторлы қорғау. Екі пробиркаға (1/2 көлемді) 0,4М сірке қышқылының ерітіндісін құйыңыз және әрқайсысына бірнеше тамшы калий иодидінің ерітіндісін қосыңыз. Бір пробиркаға қорғасын таяқшасын, екіншісіне мырышпен байланысқан қорғасын таяқшасын батырыңыз. Қай пробиркада сары түске боялу тезірек байқалатынын бақылаңыз. Бақыланған құбылысты түсіндіріңіз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз және коррозияланған элементтердің схемасын көрсетіңіз.

  16. б) Болатты протекторлы қорғау. Екі пробиркаға (1/2 көлемді) 0,1М күкірт қышқылы ерітіндісін және 2-4 тамшыдан қызыл қан тұзын құйыңыз. Бір пробиркаға болат таяқша, екіншісіне мырышпен байланысқан қорғасын таяқшасын батырыңыз. Бақылағаныңызды жазыңыз және анодтық-катодтық процестердің теңдеулерін жазып, оларды түсіндіріңіз. Екі жағдайдағы коррозияланған элементтердің схемасын келтіріңіз.

Зертханалық жұмыс-15

Комплексті қосылыстар.

Мақсаты: Әртүрлі типтегі комплексті қосылыстарды алу және олардың

қасиеттерін зерттеу;

Жоспары: