Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Күн тәртібі және денсаулық

Адамның барлық өмірі уақытты бөлуден құралады, кейбіреулер оны қоғамның талабымен жасаса, ал кейбіреулері жеке басының ыңғайына қарай орындайды. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз ұйқының тамақтанудың, еңбектің, және т.б. дұрыс ұйымдастырылуы. Күн тәртібін жасау адамды тиянақты болуға, жұмысын уақытында тындыруға және көп нәрсеге үлгеруге тәрбиелейді. Оның дұрыс қойылуы адам денсаулығының көрсеткіші болып та табылады.

Күн тәртібінің негізгі элементтерін анықтаған кезде адамның жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін биологиялық ырғақты да есепке алған жөн.

Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады, және өз шырқау шегіне сағат 10 мен 12 және 16 мен 18 аралықтарында жетеді. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді, әсіресе 1 мен 5 аралығында. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында, ал түстен кейін оқитындар төрт пен алты аралығында орындағандары абзал. Бұл уақыт сонымен қатар спортпен айналысу үшін де өте қолайлы.

Күнделікті тынығудың ең маңыздысы ұйқы болып табылады. Жеткілікті жақсы ұйқысыз адамның денінің саулығын елестету мүмкін емес.Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес, жеті сағаттан кем емес уйықтауы керек.

Адам ағзасы үшін ең маңызды шарттардың бірі ол тамақтану. Дұрыс тамақтану дегеніміз ағзаға қажетті қаттарды қалыпты мөлшерде алу деген сөз.

Дұрыс тамақтану тәртібі адам ағзасы үшін аса қажетті. Тамақтанудың ең оптималды тәртібі төрт фазалы тамақтану. Олардың әрбіреуінің арасы төрт бес сағаттан аспауы қажет. Сол кезде ағза қабылдаған тамақ денеге қалыпты таралады.

Төрт фазалы тамақтануда таңғы ас күндік тамақтың 25%-ын, түскі ас – 35%, түстік – 15%, кешкі ас – 25%. Кешкі асты уйықтардың алдында 3 сағаттай бұрын ішкен абзал.

Алайда өкінішке орай, күніне төрт мезгіл тамақтану барлық адамның қолынан келе бермейді. Көп адамдар күніне үш мезгіл тамақтанады. Бұл жағдайда әр тамақтанудың арасы алты сағаттан аспағаны жөн. Ал күніне бір екі рет қана тамақтануға мүлдем жол берілмейді. Күн сайын белгілі бір уақытта ғана тамақтанып отырған дұрыс.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Адам өміріндегі уақыттарын қалай орындайды?

  2. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз не?

  3. Күн тәртібін жасау адамға қандай пайдасы бар?

  4. Күнделікті тынығудың ең маңыздысы не?

  5. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

  6. Тамақтанудың оптималды тәртібінің қанша фазасы бар?

Жазылым.

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

  1. Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады, .... .

  2. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді, ... .

  3. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында, ... .

  4. Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес, ... .

  5. Алайда өкінішке орай, ... .

тапсырма.Мәтіндегі етістіктің бұйрық рай түрін анықтаңыз.

1. САБАҚҚА УАҚЫТЫНДА КЕЛІҢІЗ: студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. 2. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. 3. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын өзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз. 4. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды өшіріп қоюды ұмытпаңыз. 5. Сабақ үстінде бөгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сөйлеу, музыка тыңдау сабақ өтуге кедергі келтіреді. 6. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса, қол көтеріп сұрай беріңіз. 7. Есіңізде болсын, оқытушы 8. Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! 9. Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Уақыт мезгілін есептейтін оны анықтайтын жүйені көрсетіңіз.

а) Күнтізбе

б) Сағат

в) Жылнама

г) Құмсағат

2. Ерте замандағы халықтар күнтізбелерді қалай пайдаланған?

а) табиғи құбылыстарға

б) аспан денелерінің қозғалыстары

в) алдын-ала болжаумен

г) жануарлардың әрекетінен

3. АлғашқыКүнтізбелер қай елдерінде шықты?

а) Ежелгі Грекия

б) Ежелгі Рим

в) Ежелгі Шығыс

г) Ежелгі Македония

4. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді қанша топқа бөлген?

а) 2 топқа бөлген

б) 3 топқа бөлген

в) 6 топқа бөлген

г) 9 топқа бөлген