Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

Дәріс №5

Тақырыбы: Діннің шығуы және алғашқы түрлері

Қандай бір адам болмасын оның «адам» болып қалыптасуына әлеуметтік қатынас керек. Дінді әлеуметтік құбылыс десек, оның қоғамнан тыс өзіндік тарихы жоқ. Сондықтан, діннің шығуы мен дамуын бүкіл әлемдік тарих контексте қарастыру керек. Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Құдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде). Мұндай түсініктің беделі түсуі, ертедегі діндерді зерттеуден (тотемдік, фётиштік) шығады.

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жатқан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: Көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бұндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін...

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмұны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді. Ерте тас дәуірдегі (палеолит) өмір сүрген адамдарды және одан арғыларын «епті адамдар» деп атайды. Бұл жерде айта кететін жайт, адамзаттың абстрактылы формадағы ойлау қабілетін игерген кезінен бастап діни көзқарастар пайда болды деп есептейміз.

Сонымен, діннің шығуы, қазіргі типтік адамдардың пайда болуына байланысты. Ал, қазіргі типті адамдар «қалай пайда болды?» деген сұраққа діни және ғылыми жорамалдар (гипотеза) бар. Діни адамды - Құдай жаратты.., ғылыми-эволюциялық жолмен жануарлардан адам пайда болды.., адам «ұрығы» космостан келді ... Осы көзқарастардың әрқайсысы өзіндік, жеткілікті жорамалды дәлелдіктеріне сүйене отырып ақиқаттайды. Біздің анық білетініміз, алғашқы адамдардың дүниетанымдық көзқарастары мифтік жолда жүріп жатты деп айта аламыз. Миф - грек, -сөз, әңгіме, хикая, аңыз деген мағына береді. Миф көне қоғамдағы дүниетаным көрінісінің өзгеше формасы немесе табиғатты «санасыз - көркем түрде өңдеу».

Ең ертедегі діни түсінік - өлген адамдардың аруағына табыну. Ол кезде әлі «дербес» Құдай түсінігі болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін Құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұрған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Әр алуан заттар дан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с.. Фетиштік заттардың бойында жасырын күш бар деп ойлау, сол күшті пайдалану. Егер де сол фетиштік зат адамға үлкен сәттілік әкелсе, онда сол затты өзіне сактап отырды. Ал, егер де фетиштік зат арқылы сэтсіздікке үшыраса, онда сол затты лақтырып тастап, басқа фетиштік затты қолданып отырды. Фетиштің келесі бір түрі пұтқа табыну. Ондай заттар адам мүсіні немесе жануарлар мүсіндері болуы мүмкін. Келесі діннің ертедегі түріне -тотемизм жатады.

Тотемизм - өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде ітайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Киелі жануарлардың етін жемей, құрметтеп олар туралы әр түрлі аңыздар айтып, өлеңдер шығарып кұрметтеді. Егер де тотемнің етін жейтін болса, онда үлкен салт-жораларында сойылған тотем етін сол ру мүшелеріне таратып беріп отырады, ал ру адамдары «бұл біздің етіміз» деп санады. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс — сиыр. Сиырды құрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді. Кейбір касталар, тіпті, сиырдың сүтін де ішпейді.

Келесі діннің жабайы түрін магия деп атайды. Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. Оның шығу себебі, ертедегі қауымдағы адамдардың сөз, сөйлем, пікір байлығын игере бастағаннан шығады деуге болады. Ол адамдар сөз байлығын немесе пікірін қолдана білген адамның зор нәрсемен қаруланатынын білген. Сөзбен адамды жұбататын, әлсіз ауру адамдарға дем беріп, оның жазылуына жәрдем беруге болатынын байқаған. Сонымен қатар, сөзбен адам жүрегін жаралауға болатынын байқаған. Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Себебі адам өмір сүру жолы өндірістен басталғандықтан, ол магия бірінші орын алады десек те болады. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сактау магиясы, сүйіспеншілік ма­гиясы, т.с.с. Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар. Магия да басқа ертедегі діндерге ұқсап жойылып кетпейді. Қазіргі күрделі діндер арасында магияның қалдықтары бар.

Ең бір соңғы жабайы діннің түрі - анимизм. Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы: түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елестетудің не екенін білмей, «Жабайы философ» денеде жан бар деп, ұйықтағанда ол жан анда-санда денені тастап шығып келіп отырады деп түсінді. Ондай түсінік өлген соң ол жан дербес өмір сүрер деп ойлайды. Жан дербес өмір сүретін болса, оған да өмір сүретін орын ке­рек болады, осыдан барып ол дүниеде өмір сүреді. Екінші жағынан, анимистік түсінік қоршаған әлемге де тарады. «Жабайы» адам барлық қоршап тұрған дүниенің жаны бар деп түсінеді. Олар да адам сияқты ойлайды, сезінеді дейді. Э.Тайлордың (1832-1917) айтуы бойынша, түземіс аяғын ұрып алған тасты тістеп алуға дайын тұрады, оған да ауыр тигізгісі келеді. Осындай түсінік келе-келе барлық табиғаттың күшіне айналып құдіретті күшке айналады. Әрбір құбылыс жаны бар күшке айналып, эволюциялық даму салдарынан политеистік (коп Құдай) және дами келе монотеистік (бір Құдай) діни көзқарас пайда болады. Анимистік түсінік әрбір дінде бар, қазіргі күрделі діндерде сақталып келеді. Олар: мәңгі жасайтын жан, әр түрлі періште, әруақ, жын-сайтан, домо­вой т.с.с. түсініктер қандай бір дін болмасын олардың негізгі түсініктерінің бірі болып отырады.

Ерте ғасыр заманындағы діннің түрлері осы айтылған түрлермен ғана шектеліп қоймайды. Келесі көне дәуірдегі діннің өкілі - көсем. Алғашқы көсемдердің ұйымдастырушылық, діни ритуалдарды басқарып орындаушылар. Оның негізгі рөлі өзінің қауымымен жасырын күштердің арақатынастарын реттеп отыру. Көсемнің атқаратын функциясы: жауын жаудыру, малдарды көбейту, қауымды аурудан сактау т.с.с. Архаика мәдениетіндегі тағы бір діни өкілдер - абыздар (жрец). Абыздар құрбан шалатын, Құдай мен адамның екі ортасындағы жүретін делдал адамдар. Абыздар болса бірінш і профессионалды діннің өкілдері болды. Олар майда жын, сайтандар, перілермен сөйлеспей, Құдаймен тікелей космостық тәртіппен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол себепте абыздар «жрецтер» мемлекеттің істеріне де араласып, патшалармен дауласып, тек халықтың жалпы руха­ни өміріне емес, күнделікті өміріне де араласып, мемлекетті басқаруға да бой салды.

Политеистік культер мен мемлекеттік діндер. Қоғамның ілгері дамуынан еңбектің бөлініп шығуына байланысгы рулық құрылыс өзгеріп, оның орнына таптық қоғам басталғаннан бері мемлекет пайда болады. Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Құдайдың шығуына алып келеді. Политеизм (көп Құдайлық) генотеизм (бас Құдай) дәуірінің басталу себебінен, бұлар кеңінен монотеистік діндердің шығуына жол ашты. Генотеизм - Құдайлардың Құдайы, монотеизм - жеке Құдайлық — белгілі үлкен халықтардың діндері болды.

Мемлекеттік дін деп белгілі бір діни басшылары бар, діни қауымдардың жүйеге келтірілген догмалық көзқарасы қалыптасқан, ол дінді (белгілі бір халық қана ұстайтын (сенетін), өзінің белгілі бір шекарасы бар және т.с. елеулі діни белгілері болады. Мұндай алғашқы діндер үлкен өзендердің бойында: Ніл, Тигр, Евфрат және Индта шығады.

Көне дәуірде алғашқы мемлекет құрастырған халық Египет саналады. Ол мемлекет Ніл өзенінің жағасында шығып, ең бір биік өр­кениеті дамыған мемлекет болды. Египет мемлекеттің билеушілерді, перғауындарды Құдай деп санады. Ал, Ра Құдайын Құдайлардың Құдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады.

Көне Египет заманында басты Құдай Радан кейін төменгі Құдайлар да болды. Ол Құдайлардың өздеріне арналған жеке қызметтері болды. Мысалы: өлім Құдайы - Осирис. Ол жер астының Құдайы. Құнарлы жер мен аналықтың Құдайы, Осиристің қарындасы, әрі әйелі - Исида Құдайы. Шындық пен тәртіптің Құдайы - Маат және т.б. сондай Құдайлар. Осындай көп Құдайлыктың басын қоспақ болған Перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400 жж.), діни реформа жүргізді. Ол коп Құдайлық түсінікті жойып бір Құдайга сену керек деді. Ол Құдайдың атын Атон деп қойды. Оның арқасында мемлекеттік монотеистік дін құруға әрекет жасады. Онан кейінгі Аменхотеп IV те бір Құдайлық реформаны жалғастырды. Бірақ ол реформадан ештеңе шықпады, оған қарсы көптеген жрецтер шығып, бұрынғы ескі Құдайлардың түрлерімен біріктірілді.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мұрагерлері десек те болады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.) патшасының тұсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилонның діни мифолологиясы өте бай және әр түрлі болды. Олардың діни мифологиясында бірінші рет «хаоспен» құдайлардың күресін көреміз, әлемнің пайда болуы туралы, бірінші адамды Құдайдың жасауы (оның аты - Адам деген), батырлардың ерліктері, және т.б. аңыздарға толы. Вавилондықтар да көп Құдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн құдайы, Син - Ай құдайы, Адад - жауын-шашын құдайы, Нергал - Олім құдайы, Ирра - соғыс құдайы. Осы Құдайлар адамдарға ұқсап өмір сүреді: ұрпақ жалғастыру, байлық пен мансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т.с.с. Адам тағдыры осы құдайлар қолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі.

Ассирия мэдениетіндегі діни көзқарас. Ассирия мәдениеті Вавилон мэдениетінің әсерімен әрі қарай дамып отырды. Олардың өркениеттік заманы, атақты Ашшурбанапала падшасының (ҮІІг.б.д.д.) кезінде еді. Ашшурбанапала болса өзінің Саргона сарайына мындаған клинопистік (балшықтан жасаған) текстік шығармаларын әр бір елдерден жинақтап, кітапхана жасады. Ол шығармалардың басым көпшілігі зайырлы білім жинағы болды. Бұл жағдай, оның өзінің қатыгездік мінезіне қарамастан білімді және білімге құштар адам болғандығын көрсетеді. Діндерінің негізінде тотемдік сенім басым болды. Олар өздерінің Құдайларын қанатты, тәкапар бұқа мүсінінде салып немесе балшықтан мүсіндерін салып, көшелеріне орналастырған. Бұқадан басқа тотемдік құдайлары: арыстан, түйе, аттар болған.

Ертедегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бұл дін б.д.д.VІІ ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороас­тризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Бұл дін монотеистік мемлекеттік дін болып таралды, себебі бірінші күннен бастап, мемлекет тарапынан үлкен қолдау алып отырды. Зороастризм тек қана діни көзқараспен шектеліп қойған жоқ, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе де болды. Сол себепте, ежелгі заманның философиялық жүйелерінің қалыптасуына байланысты, христиан және ислам діндерінің жорамалық ілімдеріне де зор әсер етті.

Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра гректе «Зороастр» деген сөз, ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің негізгі ілімі бізге жеткен әдеби және мәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Ол кітап арқылы сол кездегі ертедегі Иран елінің оқиғалары туралы терең мағлұматтар береді, сол кездегі Иран тарихынан, тілінен, дінінен көп хабар аламыз. Сол себептен «Авестаны» тарихи ескерткіш есебінде санаймыз. «Авеста» ілімінде ең үлкен орын алатын түсінік - этика. Зороастризм дінін дуалистік дін деп те айтуға болады, себебі дүниеде екі күштің арасында үздіксіз күрес жүріп жатады. Бұл дін тағы да ақырзаман, о дүниелік тозақ, ақтық сот және өлілердің тірілуі туралы, бойжеткеннің болашақ жебеушіні тууы туралы эсхатологиялық идеяларды уағыздайды.

Ертедегі грек діндері. Ежелгі грек діндерінің политеистік және генотеистік түрлері архаика уақытында қалыптастырылып бітті. Мұнда «діни‑мифологиялық көзқарас бойынша алғашқы кезде Хаос (түпсіз түңғиық) өмір сүрді, одан жер құдайы Гея және жерасты құдайы Тартар шықты. Гея аспан құдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды. Екінші қатар құдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар Құдайына беріп қамап қояды. Бірақ Ти­тандар жер астынан құтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт құдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады. Үшінші қатарлық Құдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын құдайы, өзінің әкесін жеңіп бас құдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты құдайлар Олимп тауында орналасады. Артемида құдайы - жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы. Афина — данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдер тоқыма ісіне үйренген. Гелиос - күн құдайы, Ника (Виктория) теңіз құдайы, Арес - соғыс құдайы, Дионис - шарап құдайы, Гермес сауда-саттық құдайы және т.б. Бұл құдайлар адамдарға ұқсас, әрқайсысының атқаратын міндеттері болған. Құдайлардың адамдардан айырмашылығы: олар өлмейді, мәңгі жасайды, олар мейірімді және әділетті.

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде құдайлардың суреттері мен образдары болмады. Тарихшы Тертуллианның .айтуынша, архаика уақытында Римнің діндері қарапайым, салты кедей жарқырап тұрған құдайлары көрінбейтін, олардың ешбір мүсіндері қаларда қойылмаған деп көрсетті. Римляндар өздерінің ариялық бабаларынан жоғарғы Дьяушпитар құдайын қабылдап алды, кейіннен оның атын Дивус патер деп ат қойды немесе Юпитер деп қойды. Юпитер Құдайы аспанды, жарықты, дауылды басқаратын құдай. Б.д.д. VIII ғасырда Альбан патшасының немересі Ромул қорған салды, оның атын Рома деп қойды. Ол қорған кейіннен әлсіз адамдардан қашып тығылатын «қорғанына» айналып, келе-келе киелі жерге айналды. Юпитер Құдайының беделінің өсуіне байланысты ол жер Капитолий төбесі деп аталып, Құдайлар тұратын киелі жер болды. Рим құдайлары ұзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас тұрде, Map құдайы найза түрде, Веста құдайы от-жалын түрде бейленді.

Б.д.д. III ғасырда Рим құдайлары грек құдайларымен теңесті, айырмашылығы тек аттары болмаса, орындайтын, атқаратын міндеттер бірдей болды. Мысалы, Юпитер - Зевспен, Нептун - Посейдонмен, Плу тон - Айдпен, Марс - Ареспен, Юнона - Геероймен, Вулкан - Геф тпен, Меркурий - Гермесспен, Диана - Артемидпен т.с.с. Аполлонға табынушылық б.д.д.Ү ғасырда гректерден қабылданды.

Б.д.д. I ғасырда Рим империясының дағдарысқа ұшырауынан Рим жерінде көптеген діни қауымдар пайда болды, олардың көбі Шығыс құдайын ұстаушылар болды. Сол кезде Рим жерінде бірінші Христиан секталары пайда болды. Бұл дін басқа діндермен күрескен жоқ, олардың мақсаты мемлекеттің басын қосу болды, соның арқасында кейіннен мемлекеттік дінге айналды.

Ертедегі славян діндері. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген. Славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген. Сондықтан да олар ертедегі аңыздарында тау-таспен, өзен кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Табиғаттың құбылыстарын киелі деп қарастыру, ата-бабаларының аруағына сену, магияға табыну - әртүрлі сиқырлық, тәуіпшілік, ырым т.с.с. Осыған байланысты түрлі магияның түрлері шығады, бақсы, сиқыршы, көзбояушы, арбаушы болжағыш, тәуіп балгер, бал ашқыш т.с.с. Кейін христиан діні тарағанда осы ертедегі діннің қалдықтарын жоюға тырысқанымен ештеңе шыға қойған жоқ. Бірақ олар (христиандар) басқа жолмен кетті. Ол діндер славян халқының әдет-ғұрпына айналдырып, христиан дініне ендірді: жауын сұрау ритуалы, сумен қойларды ұшықтау, христиан дінінің киелі пайғамбарларының туған күндерін жер шаруашылықтың әдет-ғұрып тойларына сәйкес келтіру т.с.с. Көптеген мейрамдар табиғаттық құбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақытын күннің ұзаруына, масленица, Купала, егін тойы откізілді. Олардың барлығы магиялық тұрғьда өтіп жатты. Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбұрыс алып келді.

Ежелгі Қазақстандағы сенімдер. Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Себебі, қандай бір халық болмасын өзінің тарихи өміріне сәйкес өзіндік діндері болады. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың салт-жораларында, дүниетанымдық көзқарастарында үлкен позитивтік қызмет атқарады. Екінші жағынан, сол нақтылы бір халықтардың даму тарихына көз жіберсек, сол халықтың даму этаптарына байланысты діндері де дамып өзгеріп отырды.

Ежелгі Қазақстан жерінде көптеген этностық елдер өмір сүрулеріне байланысты көптеген діндердің түрлері де таралып өмір сүрді. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата‑тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Құдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғашқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Ислам дініне дейін қазақтарда «Тәңір» бас Құдай есебінде қабылданғандықтан, Ислам дініне өткенде қазақ халқы үшін Тәңір мен Алла синоним есебінде қабылданып, бір Аллаға сенушілікке көшу жеңіл өтті.

Көшпенді түркі халқында Тәңірлік діни жағы басым болса, ал мал шаруашылығымен айналысқан түркі халқына тотемдік діни-нанымдар басым болды. Тотемизм қандай да болсын адамдар тобының белгілі бір жануарлар, өсімдіктер, заттар немесе құбылыстар мен ортақ тектестігін және қандас туыстығына нану. Тотемдік түсініктің ерекшелігі - қандай да бір топ адамдарының қандас ағайындығын анықтау. Бұндай айқындаудан келіп рулық түсінігі шығады. Әрбір ру мүшелері бір жануардан тарағанбыз және өлгеннен соң сол бір жануарға ораламыз деп түсінді. Тотем арқылы әрбір адам бауыр және жат болып қарастырылады. Ежелгі қазақтардың космологиялық түсініктеріне келетін болсақ, бұл жерде біркелкілік көзқарас жоқ. Әр түрлі көзқарастардың бастарын қосатындары, ғарыш пен табиғат адамдық мақсатына сәйкес әрекеттің объектісі тұлғалық іске сәйкес болып қабылданады. Ғарыш адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Себебі, адамның өзі сол ғарыштың бір бөлігі ретінде қабылданғандыктан, олардың өмір сүру, хал‑жағдайлары тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп табылады. Мысалы жұлдыздар қазақтардың ойынша асыл тастардан үйілген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта, тіпті нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететініне сенеді. Әрбір жұлдыз жердегі әрбір адамның жанымен сәйкестік тұтастықта, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да жерге ағып түседі.

Қазақтар, белгілі жұлдыздарды ғана танып өздерінше ат қойған. Мысалы: I) Темірқазық (полярная звезда). Қозғалмайтын жұлдыз. Саяхатшылар жұлдызы. Осының қасында алыстан кетпейтін қозғалып тұаратын жұлдызды - ақ боз ат және көк боз ат деп атайды. 2) Жетіқарақшы (большая медведица). Аңыз бойынша - жетіқарақшының рухы, олар өлгеннен соң жеті жұлдызға айналған; 3) Үркер (Плеяд). Жер ұрының тұтқынында Үркердің қызы - ол үнемі жетіқарақшыны өкшелеп жүреді. Үркерге қарап түннің қай сағатын және жылдың мезгілін анықтайды; 4) Бақтағы жұлдыз (Венера). Осы жұлдыз туғанда қазақ малшылары қойды түнемеге, қораға айдап келеді; 5) Шолпан жұлдызы (Утренная звезда) - Таңғы жұлдыз; 6) Құс жолы (млечный путь). Құс жолы жұлдыздарының бойымен жыл құстары үшып кетеді, ұшып келеді; 7) Ай - қасиетті планета. Жаңа Айдың туғанын көріп, тәжім етеді; 8) Күннің Айға қарағанда киелігін байқамаймыз, бірақ қазақтар Күнге қарсы қарап тұрмайды, түзге отырғанда да алдын Күнге бермейді; 9) Аспан, жоғарыда айтқандай , ең құдіретті жаратылыстың жаратушысы; 10) Кемпірқосақ (Радуга) - кемпірдің қосағы. Қосақ деп ұзынарқанмен мойындарынан айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Жаңа дәуірде Қазақстан еліне Христиан сонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістер басталды. Ол жағдай керекті тақырыпта қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]