Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Syllabus UMKD -2013-2014.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
744.45 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. Евразийство.// Основы евразийства – М., 2002. – С.280.

2. Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // Основы евразийства – М., 2002. – С.298-299.

3. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана//Европа и человечество. –М., 2000 г. – С.88-90.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

  2. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

  3. Трубецкой Н.С. Об истинном и ложном национализме// 1921. Кн. 2.

Семинар№7

Семинар тақырыбы: «Н.С. Трубецкой еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы»

Мақсаты: Н.С. Трубецкой мен П.И. Савицкийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясын қарастыру.

Сабақ нысаны: ауызша сұрау

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

Өнімді деңгей:

1. Трубецкой Н.С. «О туранском элементе в русской культуре».

2. П.И. Савицкийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:

Өнімді-практикалық деңгей:

  1. «Н.С. Трубецкой еуразияшылдық тұжырымдарының ерекшеліктері» деген тарихи эссе жазу.

  2. Савицкий П.И. О задачах кочевниковедения: (почему скифы и гунны должны быть интересны для русского:) атты еңбегіне аннотация жазу.

Әдебиеттер тізімі:

    1. Савицкий П.Н. Исход к Востоку, 1921

    2. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

    3. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

    4. Трубецкой Н.С. Об истинном и ложном национализме// 1921. Кн. 2.

    5. Трубецкой Н.С. О туранском элементе в русской культуре//1921. Кн. 2.

    6. Трубецкой Н.С. Общеевразийский национализм//Евразийская хроника. 1927. Вып. 9.

Дәріс 8.

КЛАССИКАЛЫҚ ЕУРАЗИЯШЫЛ ҒАЛЫМДАР - Г.В. ВЕРНАДСКИЙ ЖӘНЕ

Н.Я. ДАНИЛЕВСКИЙДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ.

Мақсаты: Г.В. Вернадский мен Н. Я. Данилевскийдің теориялық-тұжырымдамалық еңбектерін қарастыру.

1. Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.

2. Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі.

Негізгі түсініктер: Ұлы Русь, славяншылдық, православие, Батыс пен Шығыс.

1. Вернадский Георгий Владимирович- 1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған. 1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған. 1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған. 1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-Хейвен, Коннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.

2. Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген. 1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.

Негізгі идеялары:

  • Жалпыадамзаттық өркениетті сынау.

  • Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы.

  • Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады.

Құрметті генералдың баласы Данилевский Александровск лицейінде тәрбиеленді. Сондан кейін Санкт- Петербург университетінде білім алып, жаратылыстану факультетінің ерікті тыңдаушысы болды. Ботаникамен айналыса жүріп, Фурьенің социалистік жүйесін зерттеді. Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.

«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.

Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.

Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.

Әдістемелік нұсқаулар: Н.Данилевксий мен Г.Вернадскийдің шығармашылық қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеяның мәніне ден қою қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]