- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •5.7. Пәнді оқытудың жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6. 1 Негізгі әдебиеттер:
- •6.2 Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәнінің саясаты.
- •Глоссаримен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқауы
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс жүйесі. Дәрістің тезистері.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Семинар №2 Семинар тақырыбы: «Еуразия халықтарының тарихы»
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№12
- •Семинар№14
- •Сөж №5.
- •Сөж №12. Шығармашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж №13.
- •Сөж №15. Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж орындау жоспары
- •Сөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.
2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. А. Евразийский экономический союз: теория или реальность // Известия.-2009.-19 марта.
2. Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары // Ақиқат.№2004. 29-31 бб.
Дәріс 15.
КЕДЕН ОДАҒЫ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Мақсаты: Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің еуразиялық ықпалдастықты жүзеге асырудың басты жобалары ретінде мәнін айқындау.
1. Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы.
2. БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.
Негізгі түсініктер: Кедендік Одақ, БЭК, ЕурАзЭҚ.
1. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі рынокты қамтиды. Біздің елдеріміздің өнеркәсібі 600 млрд. долларды, тек мұнайдың жиынтық резервінің өзі 90 млрд. баррельді құрайды. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында да әлемнің алпауыт мемлекеттері есептесетін маңызды ойыншыға айналып отыр.
Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы.
Кедендік одақтың құрылуына халықаралық сарапшылар да елеулі көңіл бөліп отыр. Мәселен, Ресейдегі «Еуразия мұрасы» коммерциялық емес қорының президенті Елена Яценко: «Кедендік одақтың құрылуы үш ел арасындағы экономикалық байланыстардың жеделдеуіне, тауар айналымының өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл экономикалық кедергілерді алып тастаудың сөзсіз әсері. ЕурАзЭҚ сарапшылары үш елдің өзара саудасындағы кедендік кедергілерді жою 2015 жылы «интеграцияланған үштіктің» ІЖӨ өсуін 15-20 пайызға қамтамасыз етеді деп болжамдайды» деген пікірін жеткізді.
Кедендік одақ – бұл біздің ықпалдастығымыздың келесі сатысы. Бұған дейін Беларус, Қазақстан, Ресей арасында еркін сауда аймағы жүзеге асқан болатын. Бұл еркін сауда аймағының мәнісі – үш ел арасында нөлдік, яғни кедендік баждың жоқ екендігін білдіреді, ал басқа елдермен әрбір елдің өзіне тән кедендік баж салығы жүйесі болды. Ал ендігі Кедендік одақ нені білдіреді дегенге келетін болсақ, үш ел арасында ешқандай да кедендік баж болмайды, ал үшінші елдерге қатысты барлық кедендік баж салығы бірыңғайланады.
2. БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабылдап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.
БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді.
2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.
2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі.
БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.
Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.
2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақаласы жарияланып, онда Еуразиялық экономикалық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері нанымды түрде бейнеленді.
ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың бастамасымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті.
Жақында жарық көрген «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь» деп аталатын кітапта тұңғыш рет құжаттық негізде іргелес Еуразия мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері қарастырылды және тиімді жұмыс істеп тұрған әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жобасының жүзеге асуының өзекті құралдарына айналған ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасып келе жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің дамуы талданды.
Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еуразиялық мемлекеттер одағын қалыптастыру идеясын ұсынып, мұндай интеграциялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес мемлекеттердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қатысуымен осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия жобасының табысты болуын қамтамасыз етті.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.