- •Силлабус Пән: al «Әлеуметтану»
- •Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- •5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
- •6.1.Негізгі әдебиеттер
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қорытынды баға төмендегі формула арқылы анықталады:
- •Глоссарий
- •Тақырып 1 Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- •Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Әлеуметтік топтар
- •Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
- •Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
- •Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
- •Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
- •Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
- •Этносаралық қатынастар
- •Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
- •Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
- •1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
- •2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
- •3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Жалпы әлеуметтану пәні бойынша семинат сабақтарының жоспары
Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
1. Сұрау. Интервью.
2. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.
3. Эксперимент. Бақылау.
Негізгі ұңғымдар: сұрау, анкета, интервью, әдіснама, эксперттік сұрау, респондент, статистика, типология, пилотажды зерттеу, барлау, сынау, фокус-топ, тренинг, сұхбат, іріктеу, жоспар және т.б.
Методология (гректің = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің = logos - ұғым; ой, зерде) - 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) нақты ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы. Осы анықтамалардан жалпы ғылым методологиясының, жеке алғанда социология ғылымының басты екі аспектісін қарастыруға болады.
Бірінші аспект - методологияны ілім ретінде түсіну - ғылыми, ғылыми социологиялық зерттеуді қалай жүргізу керек екендігі жөніндегі түсініктің қалыптасу тарихын зерттеумен байланысты. Ғылым методологиясы зерттеу объектісі - ғылыми танудың “механизмін”, “алгоритмін” білдіреді. Осы жерде мына сұраққа жауап берген жөн: ғылым - абстрактылы теориялық білімдерді, шындық туралы түсініктерді қолда бар білімдер арқылы өндіру процесі. Ал алынған білімдердегі нақтылы шындық екі нұсқасында: сипаттамалық және түсіндірмелік түрінде көрсетілуі мүмкін. Сипаттамалық таным, ең алдымен бір нәрсе шындығында қалай болады деген сұраққа жауап беру мақсатында құрылады. Ал, түсіндірмелік таным неге бір нәрсе солай болады деген сұраққа жауап береді.
Кезінде социология ғылымының негізін қалаушы О.Конт социологтар “неге емес, қалай?” деген сұраққа ғана жауап беруі тиіс деген өсиет қалдырған болатын. Сонда ғана социологиялық зерттеулер Конт кезінде шынайылықты ғылыми танудың үлгілері деп санаған жаратылыстану ғылымдарында істелініп жатқанға ұқсас болады деп есептеді ол. Конттың бұл талабы кейін тек социология ғана емес, сондай-ақ көптеген қоғамдық ғылымдар үшін ең басты талапқа айналды және осындай ұстаныммен шынайылықты қабылдау позитивизм принципі (талабы) деп аталды.
Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);
Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);
сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);
сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);
Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
Зерттеудің соңғы есебін дайындау;
Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;
Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.