- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •Силлабус
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •І семестр
- •6.Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •А) ұзатылғанда, барғанда, тойларда
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының бюджеті немесе үнемшілдік деген не?
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Тұтыну себеті
- •Таным патшалығы
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Грамматика: Синоним, омоним, антонимдік қатарлар
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •1. Бұл оқиға қай жерде болды?
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібінің денсаулыққа пайдасы.
- •5. Һижра күнтізбесі қай елдерде ресми қолданылады?
2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
Грамматика: Фразеологизмдердің мағынасы мен қолданылу ерекшелігі
6 Сабақ
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Туыстық орта, әлеуметтік тәжірибе, неке, ұя, инабаттылық, бастау бұлағы, ерлі-зайыптылар, іргетас, бірегей, атастыру, жеті ата, құйрық-бауыр жегізу, құдалықтан айну, енші алу, текті, даланың заңы.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
Туыстық қарым-қатынастар адамзат мәдениетінің бір тармағын құрайды. Баяғы ғасырлардан келе жатқан ұлтымыздың рухани-өнегелік дәстүрлері отбасында адам мәдениетінің жанұясыз, махаббатсыз, балаларсыз, жұбайлық және туыстық қатынастарсыз ешқандай маңызы болмайды. Туыстық орта арқылы адам әлеуметтік тәжірибе, салт-дәстүрді қабылдайды. Отбасы – шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік байланыспен өмір сүреді. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар – қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар – қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар. Адам баласының қасиетті борыштары: үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Еркек пен әйел – отбасының екі іргетасы. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Олай болса, отбасының мәні өте зор. Оның екі іргетасы болған ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды.
Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болған. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Балалардың жас кезінен-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қазір де қатаң тыйым салынады.
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, қызға сырға салу, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көреді.
Кей жағдайда, әсіресе, қалада тұратын жастардың ішінде қазіргі заманда үлкендерді тыңдау, сыйлау, құрметтеу сияқты ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі қатынастар ығыстырылып, оның орнына үлкендерге қарсы тұру, ата-аналар мен педагогтардың пікірін менсінбеу кездеседі. Бұл – жақсылыққа апармайтын жол. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игіліктер, отбасы бақытына ие болғысы келсе, асыл дәстүрлерімізді сақтай отырып, неке тазалығына адал, бала тәрбиесіне бекем болуы керек.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Отбасы – қандай топ?
Адамның қасиетті борыштары қандай?
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті қалай болатын?
Енші алу деген не?
Даланың жазылмаған заңы балаға қандай талап қойған?
Жазылым:
1-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз:
1. Туыстық орта арқылы адам әлеуметтік тәжірибе,...
2. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағынан, ....
3. Ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, .....
4. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға...
5. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игіліктер, отбасы бақытына ие болам десе, ........
2-тапсырма. Мәтіннен фразеологизмдерді тауып, синонимдік нұсқасын жазыңыз.
Тыңдалым
Тыңдаңыз:
Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.
A) Базарлықты тек балаларға ғана береді.
B) Кішкентай балалар да базарлық әкеледі.
C) Қазақ дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
D) Қазақтың салт-дәстүрлерін аналар ғана жақсы түсінеді.
Диалог бойынша қате пікірді көрсетіңіз.
A) Базарлықты алыс сапарға кеткен адамнан күтеді.
B) Бұндай жақсы дәстүрлерді сақтап, жеткізетін – үлкендер.
C) Базарлықты алғанда оны кімге беру керек екендігін ойлау керек.
D) Базарлықты үлкен адамдар арнайы тапсырыспен алдыртады.
Әженің көзқарасын анықтаңыз.
A) Балалар базарлықты түсінбейді.
B) Базарлық – ұрпақтарға қажетті жақсы дәстүр.
C) Алыс сапар, саяхаттарға базарлық алу үшін бару керек.
D) Қазақ салт-дәстүрлерін қыздарға ғана айтып отыру керек.
Кішкентай қыз нені ұмытпау керек?
A) Базарлық алуды
B) Үлкендерден базарлық сұрауды
C) Тамаша салт-дәстүрлерімізді жалғастыруды
D) Әжесінің қандай базарлық алатындарын
Анықтама:
Туыстық орта – родственное среда
әлеуметтік тәжірибе –социальный опыт
неке – бракосочетание
ұя – гнездо
инабаттылық – вежливость, почтительность
бастау бұлағы – родник
ерлі-зайыптылар –супруги
іргетас – фундамент
бірегей – уникальный
атастыру – этн. помолвить детей с ранних лет
құйрық-бауыр жегізу – этн. (обрядовая еда, приготовляемая из курдюка и печени, которую едят сваты в знак состоявшегося сватовства)
құдалықтан айну – отказываться от ....
енші – этн. енши (часть имущества, которая выдается сыновьям при отделении)
текті – родовитый, благородный
даланың заңы – закон степи
Тезаурус:
жеті ата – ата-баба, жеті буын
құйрық-бауыр жегізу – құда болғандықты білдіретін рәсім, тамақ түрі
құдалықтан айнуға болмайды – құда болған адамдарға кейіннен бас тартуға болмайтын дәстүр бар, егер бас тартса, үлкен айып төлейді.
енші алу – отбасын құрған ер жігіт әке-шешесінен бөлініп шығады.
текті – ата-бабасынан бері қарай жақсы атақты болып келе жату
даланың заңы – қазақ қоғамының заңы
7- сабақ
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Демографиялық ахуал, орналасу тығыздығы, шаршы метр, кері ықпал, түптің түбінде, адамға шаққанда, ыңғайға қарай, өміршеңдік, нұр үстіне нұр, шарықтау, қанат жаю.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.