Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык лекция.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

19. Қазақстан Республикасы іс жүргізу құқығы негіздері

Тапсырма:

1.Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларына сәйкес күдіктінің, айыптының, куәгердің, жәбірленушінің және өзге де іс жүргізуге қатысушы субъектілердің құқықтық жағдайы туралы мәселе.

2.Азаматтық іс жүргізу бойынша бала ғып алудың және алимент өндірудің, неке бұзудың тәртібіне тоқталу.

3.Іс жүргізу терминологиясына бюайланысты сөзжұмбақ құрастыру.

өткізу түрі:

Пікір талас, сөзжұмбақ.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қылмыстық іс жүргізу сатылары бойынша қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, апелляциялық сатыда іс жүргізу, үкімді орындау сатыларын анықтап қарастырған жөн. Азаматтық іс жүргізу бойынша мынадай сатыларға ерекше мән беру керек: сотта азаматтық істің қозғалуы, істі сотта қарауға әзірлеу, істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау, істі апелляциялық тәртіппен қарау, заңдық күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау және атқару ісін жүргізуге ерекше мән беруге қажет.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 2002

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

  1. Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза тағайындау: Теория және практика мәселелері. Астана: Фолиант, 2002.

  2. Дулатбеков Н.О. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2002.

  3. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. Қарағанды: блоашақ-Баспа, 2003.

  4. Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. А., 2000

  5. Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексі. 2002 ж.

  6. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық атқару құқығы. Оқу құралы / Т.К. Биятов, Г.Н. Вардаев, А.С. Нұралиева... Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: __Құқық негіздері________ Кредит саны:_2__________

Дәріс № 1______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет және құқық теориясы негіздері Факультет_____________

Оқытушы _Танатарова З.Л.__ Академиялық жыл__2009/2010_________

Курс ___2_____________________ Семестр____2______

  1. Дәрістің мақсаты:

пәні мен міндеттерін, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

  1. Жоспары:

1.Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері.

2. Мемлекеттің негізгі ұғымдары, функциялары және нысаны

3.Құқықтың негізгі ұғымдары, қайнар көздері, қағидалары, функциясы.

4. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

  1. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқық теориясы- қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс- тәсілдерін, объективті заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория- мемлекет пен құқықтың өмірге келуі, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.

Сонымен мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың , мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылым мен мақсаты.

Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:

Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары.

Қоғамның , мемлекеттің, құқықтық даму заңдылықтары.

Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи-маңызы, құрылымы, мақсаты.

Мемлекет пен құқық теориясы ілгері- терең ғылым ретінде бірнеше функцияларды атқарады:

Онтологиялық функция – адам қоғамның тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.

Гносеологиялық функция - таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Эвристикалық функция – заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс- тәсілдердің жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

Методологиялық функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми- тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.

Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі- сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.

Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

Тәжірибелік - ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыру қажет.

Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.