Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казы.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
72 Кб
Скачать

Бірлік пен татулық мекені

Бүгінгі күні, қазақ жерін құтты қоныс, мейірімді мекен еткен этнос өкілдері кеңдік пен кемеңгерлік танытқан қазақ халқының қамқорлығына бөленіп отырған тұста, біздер Президенттің барлық Қазақстан халқын бөліп-жармай теңдікте ұстауын жүрегімізбен сезініп, жанымызбен ұғынып, қазақ дегенде ішімізден жалын атуға тиіс. Одан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Қайта қайтарым ретінде бірлігіміз нығайып, ел арасында мәртебеміз көтеріліп, сыйластығымыз артып, мерейіміз жоғары болары хақ. Өз ісімізде қаталдықты, қоғамда адалдықты танытуымыз ләзім. Бұл әсте де өзгені төмендетіп, қазақты асқақтату емес. Шынайы шындықты айтып, сыйластықты қалыптастыру, теңдікті айғақтай отырып, бірлікті терең ұғуға ұмтылдыру. Мұның жаршысы алдымен ҚХА мүшелері болса, нұр үстіне нұр. Яғни, ұлттық қасиетті қадірлеп, құрметтей отырып, әр тасында тарихтың таңбасы бар Қазақ елін танып, туған Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыра, патриоттық сезімді жастар бойына дарыта білсек, ұтарымыз көп болмақ.

Қазақ мемлекет құраушы ұлт екенін қазақ қана сезініп қоймай, барша Қазақстан тұрғындары шын ниетпен шегіншектемей мойындап, бірлікте білікті де пайдалы істер атқара отырып, қазақ ұлтының төңірегіне топтассақ, рухани мәртебеміздің тұғыры биіктейді, сыйластығымыз шырқау биікке көтеріледі. Мұны әркім түсіне білуі қажет десек, бұған да Ассамблея айрықша батыл үн қатуға тиіс. Меніңше, Елбасының о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық. Ендеше, әлемде баламасы жоқ дара ұйымның серпілетін кезі келді.

Қорыта айтқанда, шынайы бақыт пен береке үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр. Өзіме бақыт санап ұстанған бағыт-бағдарым – ең алдымен мемлекет құраушы ұлтқа, қоғамға қызмет ету. Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың адами борышымыз. Елім деген адамға ел ғашық. Жүректеріміз Қазақстан деп соғып, мемлекет мүддесіне адал қызмет етейік. Қазақстан дегенде бойда қан, ойда қайрат, жүректе нұр ойнасын, отандастар! (Асылы ОСМАН, “Егемен Қазақстан”, 7 қазан 2009 жыл).

Әлеуметтану

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

Қазақ театры.

20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.

Қазақ театрының бірінші труппасы студенттік көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінен және белгілі халық өнері кәсіпқой орындаушыларынан құрылды. Бұлар — Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков және т.б. Театр Алматыға көшкеннен кейін труппаға Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебековтер қосылды. 1926 жылы 13 қаңтар күні М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектаклінен үзінді қойылып, одан кейін концерт берілді. Театрдың алғашқы режиссері Жұмат Шанин еді.

1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасы Айман рөлінде Күләш Байсейітова орындады. «Қыз Жібек» операсын халық музыкасы негізінде Е.Брусиловский, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазды. «Қыз Жібектің» мазмұнына ежелгі халық аңызы негіз болса, «Жалбыр» 1916 жылғы тарихи окиғаны арқау етіп алған.

Бірінші қазақ балеті «Қалқаман—Мамырды» сазгер В.В.Великанов М.Әyезовтің либреттосы бойынша жазып, ол 1938 жылы қойылды. Қазақстан балет өнерінің бастауындағы белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өнері жоғары бағаланды.

Қазақ опера және хореографиялық өнерімен бірге қазақ драма өнері де өркендеді.

1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған.   1940 жылы М.Левин М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмін түсірді. Музыкамен көркемдеген сазгер В.Великанов болатын.