Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.75 Mб
Скачать

Кестелерді толтыру және есте сақтау.

Кесте құрлымын конструкциялағаннан кейін Database Desktop-та таблицаны толтыруға болады. Кестені орыс алфавитінде толтыру мүмкін болмауы мүмкін онда латын алфавитін пайдалануға болатынын атап өтейік.

Содан соң D:\MARZHAN каталогында құрылған кесте (Sessia) аты анықтағаннан кейін Sessia файлы құрылады.

Құрылған кесте реструктурлануы.

Егер ДҚ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, File|Open|Table меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте мазмұны көрсетіледі.

Біз DBD-дан(бірнеше жазбаға өзгеріс енгізіп немесе өшіргіміз келсе) тура кестені жаңа жазбамен толтырғымыз келсе F9 батырмасын басуымыз керек.

Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе Table| Restructure меню элементін таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.

С++ Buildеr -де ДББЖ-ны құру

ДББЖ ДБ-ға енгізілетін және ДБ-дан шығарылатын мәліметтерді өңдеу процедураларынан және экрандық және есептік формалар жиынтығынан тұрады. Windows ортасында ДБЖ бағдарламалау кезінде ДББЖ-ны қосымша деп атайды.

Жобалаушы үшін ең ыңғайлы форманың және олардың компоненттерін құрастыру тәртібі келесі болып табылады.

    1. TDataModule компоненті

    2. Бастапқы меню үшін форма;

    3. «Сессия» кестесі үшін форма;

    4. «Предметы» кестесі үшін форма;

    5. «Подчеты» кестесі үшін форма;

С++ Buildеr -де есеп беру формасын құру

С++ Buildеr есеп беруді құру үшін QReport компонентінің палитра беттерінде жиырмадан астам компанент орналасады. "Басты " компонент болып есеп берудің тәртәбән толығымен анықтайтын TQuickRep,, компаненті есептеліненді. Басқа компаненттер есеп берудің қосыша

TQuickRep және TQRBand компоненттер құрамында топтық ақпараты жоқ қарапайым есеп беруді құру үшін жеткілікті болып табылады.

ДҚ PODSCHETY.DB кестесі әр группаның пәндер бойынша мәліметтер құрайды. ТБД құрамына төмендегідей алаңдар кіреді.

  • Wifr – бұл топ шифры

  • Sesia- бұл емтихан аты

  • Do- мезгілден бұрын емтихан тапсырған студенттер саны

  • Vo- мезгілінде бұрын емтихан тапсырған студенттер саны

  • Ves- жазғы емтиханға тапсырған студенттер саны

  • Obw- топтағы жалпы студенттер саны

Сессия тапсырған топтардың мәліметтерінен тұратын қарапайым есептеу құрайық. Есеп беруге сессия тапсырған топтардың барлық фактілер кіреді. Сұрыптау сессия тапсырған топтардың қай пән бойынша тапсырғаны жайлы жүреді.

TTable (Table1 аты) компанентін №3 формаға орналастырып ДҚ Sessia.DB кестесімен байланыстырып ашайық. (Active = True) QReport компонент палитрасы бетінен TQuickRep ( QuickRep1 аты) компонент формасына орналастырамыз. DataSet қасиетіне Table1 мәнін орнатамыз, осылай мәліметтер жиынын есепберуге шақырамыз. Есепберуге TQRBand (аты QRBand1) компонентін қосамыз.

BandType қасиеті QRBandl компонентіне үнсіздікпен rbTitle, мәні орнатылады, яғни QRBand1 компоненті есепберу тақырыбын анықтайды. Есепберу кеңістігіне QRBand1компонентін, TQRLabel (статикалық текст) компонентін QRLabel1 атымен орнатамыз. Осы компаненттің Caption қасиетін 'Сдали досрочно' мәнін орнатамыз, Font қасиетіне 16 пунк биіктіктегі қисық майлы шрифті қоямыз.

Енді есепберуге мәліметтерді Podschety кестесіне сәйкес орналастырамыз. Ол үшін есепберуге жаңа компанент TQRBand (QRBand2 аты) орнатып оған BandType қасиетіне rbDetal мәнін орнатамыз.Содан кейін топқа төрт TQRDBText компанетін QRDBText1 ... QRDBText4 атымен орналастырамыз. Берілген компанеттерді МЖ-ның сәйкес алаңымен байланыстырамыз Wifr, sesia, Do , Vo , Ves, Obw. Ол үшін QRDBText әрбір компанентіне DataSet қасиетінде Table1 мәнін орнатамыз, ал DataField қасиетіне сәйкес келетін алаң атын орнатамыз. Есепберу түрі 6 суретте көрсетілген.

6-сурет. Жуықтап қарау терезесіндегі есепберудің мазмұны

Алған есеп беруді қарау үшін оған тышқанның оң жағын басамын және жылжымалы менюдан Preview элементін таңдаймыз. Осылай есепберудің жуықтап көру терезесін аламыз. (7- сурет).

Фильтрлеу

Жазбаларды іріктеудің неғұрлым тиімді әдісі SQL сұраныстарына сәйкес орындау. Егер іріктеуді компоненттер арқылы орындау қажет болса деректер қорын фильтрлеу арқылы орындау ыңғайлы болып табылады.

Фильтрлеуді 2 әдіспен құруға болады:

  • Filter қасиеті арқылы жеткілікті дәрежеде қарапайым фильтрлеу орындалады.

  • Біршама күрделі және бағдарламалау тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып фильтрлеуді OnFilterRecord әдісі арқылы орындау.

Келесі қасиет көмегімен текстілік өрістерді фильтрлеудің қосымша шарттарын анықтау мүмкіндігін береді:

type TFilterOption = (foCaselnsensitive, foNoPartialCompare);

property FilterOptions: TFilterOptions;

Параметрлер:

  • foCaselnsensitive — әріптер регистрін елемей фильтрлеу;

  • foNoPartialCompare — іздеу толық сәйкестікке негізделіп орындалады.

Филтьрлеуді статикалық және динамикалық деп бөлуге болады:

  • Статикалық фильтр жобаны жасау кезінде, Filter қасиеті және OnFilterRecord әдісі де қолданылады.

  • Динамикалық фильтр фильтр жобаны жасау кезінде, тек қана Filter қасиетін қолданылады.

Жұмысты орындау үшін формаға DataSource1, Table1, DbGrid1, RadioGroup1 компоненттерін орнатамыз. DBGrid1 компонентіне кесте шығару үшін берілген әрекеттерді орындаймыз:

Компонент

Қасиеті

Берілетін мән

DataSource

DataSet

Table1

Table

DatabaseName

DBDemos

TableName

Country

DBGrid1

DataSource

DataSource1

RadioGroup1 компонентінің Items қасиетін шертеміз. Пайда болған StringListEditor терезесіне мәліметтерді енгіземіз.

Мұндай мәліметтерді енгізу себебіміз RadioGroup1-ғы әр компонент шертілген сайын соған сәйкес мәліметтер шығуы қажет.

8-сурет. Емтихан тапсырған топтар бойынша фильтрлеу

property OnFilterRecord: TFilterRecordEvent;

OnFilterRecord оқиғасы Filtered қасиеті Tine болған кезде көрініс табады. OnFilterRecord 2 параметрді құрайды: ДҚ филтірленген аты және ДҚ филтірлеу үшін қажет шартты көрсететін Accept Var (Бұл жағдайда Accept=true). Филтрацияны ұйымдастыруда OnFilterRecord оқиғасы және Filtered қасиеті SetRange және ApplyRange қасиеттерін пайдаланып филтрлеуден тиімдірек болып келеді. Себебі OnFilterRecord оқиғасы және Filtered қасиеті ДҚ филтрациялауды индекссіз аймақта және берілген индексте жатпайтын аймақтарда фильтрлеуді тиімді түрде ұйымдастырады.

procedure TForm8.dbrgrpIDClick(Sender: TObject);

begin

//tbl1.Filtered:=false;

case dbrgrpID.ItemIndex of

0:tbl1.IndexName:='Naimenovanie_gruza';

1:tbl1.IndexName:='ID';

end;

tbl1.SetRange([Edt1.text], [Edt2.text]);

//tbl1.Filtered:=true; //

end;

Мұндағы индекс аттары SQL Explorer терезесінде Predmety кестесіне құрылған индекстердің аттары және реттілігі бойынша да сәйкес келуі керек.

Run/Run немесе F9 пернесін басып тексеруге болады. Edit1-ге мысалға «d» әрпін, ал Edit2-ге «f» әрпін енгіп, Button1 немесе RadioGroup1 компонентінде 'Всего экзаменов' нүктелерін шертетін болсақ, осы аралыққа сәйкес емтихан аттарын көруге болады .

Программаны іске қосқан кезде программаның негізгі беті шығады, ол жерде қолданушы «Войти» батырмасы арқылы , негізгі жұмыс бетке көшеді. (9-сурет)

9-сурет. Басты меню терезесі

Осы басты меню терезесіндегі бөлімдердің бірнешеуіне тоқталып кететін болсақ, солардың бірі емтихан тапсырған топтардың нәтижесін көрсететін бөлім. "Сессия" батырмасын басқан кезде экранда емтихан тапсыратын группалар тізімі, пән атаулары туралы ақпарат шығады. Осы бөлімде группа аты, емтихан тапсырған пәні, қатысқан студенттер саны, ерте тапсырып кеткен, жазға қалып қойған стуенттер тізімі көрсетілген. (10- сурет)

10-сурет. Емтихан тапсыру тізімі

Бұл терезеде жүктердің тасымалдау бағыттарын қосу, өңдеу, жою, сұрыптау, кесте бойынша іздеу және бас мәзірге қайта оралу батырмалары берілген. Бұл батырмалар өз қасиеттеріне байланысты сәйкес іс - әрекеттер орындалады.

Мәзірдегі "Предметы" батырмасын басқан кезде пәндер тізімі шығады. Осы терезе әрбір пәннің атын және қандай түрде емтихан тапсырылатындығы жайлы мәліметтерді қамтиды.

11-сурет. Пәндер тізімі

Басты мәзірдегі келесі “Подсчет ” батырмасын басқан кезде таңдалған топтардың емтихан тапсыру нәтижесін көреміз.

12 –сурет. Есеп беру терезесі.

Отчет батырмасы арқылы “Сведение ” қосымша бетіне өтеміз. Отчет группалардың таңдалған пән бойынша есеп беру формасын шакыруды ұйымдастырады.

13 –сурет. Емтихан тапсырған топтар бойынша есеп беру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]