Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amrina_rk2_2.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
111.78 Кб
Скачать

3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.

Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

  • 1-категориялы экскурсоводтар 1 тақырыпты біліп, 2-3 экскурсия жүргізуі керек;

  • 2-категориялы экскурсоводтар 2-3 тақырып біліп, 7-8 экскурсия жүргізу керек;

  • 3-категориялы экскурсоводтар 4-5 тақырып біліп, 15-20 экскурсия жүргізу керек;

  • 4-категориялы экскурсоводтар 10 тақырыптан артық біліп, жеке экскурсияларды жеке ұйымдастырады.

4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.

5. Экскурсанттардың алдын ала жоспарланған маршрутпен жүруі.

6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаты.

7. Экскурсиялық құжаттар:

1) Экскурсиялық маршруттың сызбасы;

2) Экскурсия мәліметтері;

3) Экскурсоводтың портфелі7

8. Экскурсанттардың белсенділігі.

Экскурсия қызметтері:

1. Танымдық;

2. Ақпараттық;

3. Демалыс уақытын ұйымдастыру;

4. Тәрбие, сауықтыру және т.б.

28. Туроператор мен турагент арасындағы келісімшарттық қарым қатынастар.

29. Рецептивті және инициативті туроператорлар арасындағы келісімшарттық қатынастар.

30.Туризмдегі сақтандыру. Туристік сақтандыру түрлері.

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1.      турист пен оның мүлкін сақтандыру;

2.      туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3.      шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4.      шетелдік туристерді сақтандыру;

5.      азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7.      қауіпті жағдайларда  туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес  сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2.      көліктік сапарларды сақтандыру.

Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.

Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.

Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады.

33. Дүниежүзілік туризм бойынша Манильдік деклорацияция.

1980 жылы 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Манилада (Филиппины) болып өткен Дүниежүзілік туристік ұйымның туризм жөніндегі Дүниежүзілік конференциясында 107 мемлекеттің және 91 қадағалаушы делегацияның қатысуымен қарқынды дамып әрі өзгеріп отырған әлемдегі атқарар рөлінің барлық мағынасындағы нақты көрінісін айқындау үшін, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы елдер мен халықтар өмірінің экономикалық саласынан асып кеткен қызмет ретінде туризмді дамытудағы мемлекеттердің жауапкершілігін қарау,халықаралық жағдайды жақсартуға бағытталған барлық мемлекеттердің күш біріктіруінің арқасында халықаралық туризм бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайда дамитындығын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастық пен достықты дамыту, адам құқығын сақтау, құрметтеу және барлық мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік рухында, бүкіл дүние жүзінде әлемдік туризмнің бейбітшілікті қамтамасыз етуге себепкер болатын факторын ескере отырып, әлемдік туризмнің дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттер арасындағы экономикалық айырмашылықты қысқартуға ықпал ететін жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнатуға өзінің үлесін қосатындығына және экономиканың тез және қарқынды дамуын қамтамасыз ететіндігіне сене отырып, әлемдік туризмнің тек қана мемлекеттер арасындағы әділдік, тең тәуелсіздік, ішкі істеріне араласпаушылық және экономикалық және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан олардың түпкі мақсаты барлық халықтардың адами тұрмыс жағдайын жақсарту болып табылса жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, төмендегілерді басшылыққа алуға және жариялауға келіседі:

34 Туризм бойынша Гаага декларациясы.

1989 жылдың 10-14 сәуірінде Гаага қаласында (Нидерланды) өткен Туризм жөніндегі парламентаралық конференция Нидерландтардың парламентаралық тобының шақыруымен Парламентаралық Одақпен (ПАО) және Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ДТҰ) бірлесе отырып,

- жеке, сондай-ақ ұжымдық туристік саяхат, сапарлар және келулерді ұйымдастыру барлық елдердің мүдделеріне жауап береді, халықаралық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен сенімділікті қалыптастыру, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті орнықтыру арқылы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамытуға үлес қоса отырып,

- осы қызметті жүзеге асыру кезінде туризм саласын дамытудағы дамушы елдердің ерекше мәселелерін ескере отырып,

- 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқығының жалпы декларациясын, соның ішінде оның 24 бабын еске сала отырып, яғни: “Әрбір адамның соның ішінде шектеулі жұмыс уақытына және кезеңдік арқылы демалысты қоса алғанда демалуына және бос уақытқа құқығы бар”, сонымен бірге БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған Халықаралық әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактінің 12 бабындағы “Әрбір адам өз елін қоса алғанда, кез келген елден кетуге еркі бар” дегенді ескере отырып,

- Халықаралық туризм және саяхат жөніндегі БҰҰ конференциясы (Рим,1963 жылғы қыркүйек)қабылдаған қарарлар мен ұсынымдарды және соның ішінде әлемнің әртүрлі елдерінде туризмді дамытуға жәрдем көрсету және халықаралық туризмге қатысты үкіметтік рәсімдерді жеңілдетуді ескере отырып,

- туризмнің ізгілік мәнін атап көрсеткен, барлық халықтардың жаңа сапалық қасиеті мен бейбітшілікті және халықаралық түсіністікті нығайтудағы туризмнің рөлін таныған және оны дамытудағы, әсіресе туризмнің мәні туралы әлем халықтарының хабардар болуын және адамзаттың құндылығы ретінде туристік ресурстарды сақтау және байыту, халықаралық экономикалық жаңа тәртіпке жауап беретін мемлекеттердің міндетін айқындап берген Әлемдік туризм жөніндегі Манила декларациясындағы және Акапуьлко құжатындағы,Турист кодексі мен Туризм хартиясында жазылған қағидаттарға сүйене отырып.

36. Туристік қызметтерді көрсетуге арналған типтік келісімшарт

Туристік келісімшарт – бұл екі жақтың да (турфирма мен турист) келісімге келуі, турдың жағдайы туралы мәліметі, сонымен қатар басқа да нақтыланған жағдайлар, оларға құқық, жауапкершілік пен екі жақтың міндеттілігі. Туристік келісім­шартта турфирманың клиент алдында нақты жауапкершілік болуы тиіс, сондықтан көп жағдайда турдағы жоспарланған өзгертулер турфирма қателігінен болмайды. Тур бірнеше өндірушілер қызметтерінен тұрады, олардың кейбіреуі басқа елде немесе басқа аймақта орналасады және бір-бірімен байланысы жоқ. Саяхат­таудың табысты болуы басқа да факторларға байланысты (ауа райы, саяси және елдегі экономикалық, халықаралық ұлттық жағдайларға). Әдетте турфирманың өз типтік келісім­шарты болады, турист оған келісуі немесе келіспеуі мүмкін. Тағы бір айта кететін жағдай, ол турфирма келісімшарты «Құқық, міндеттемелер мен екі жақтың жауапкершілігі» атты пунктіде өздеріне көбірек құқық қалдыруға тырысады, ал туристке барынша көбірек міндеттемелер жүктейді. Көбінесе осы пункт нақты жоспарланбаған және жалпылама болып келеді, сондықтан туристер шағымдарының негізгі көзі болып табылады. Басы­лымдарда, мамандандырылған басылымдарда турфирма мен клиент арасында нақты дұрыс келістірілген келісімшартқа отыру туралы көптеген әңгімелер қозғалған. Бірақ Қазақстан туристі турфирмамен отырған келісімшартқа қол қояр алдында дұрыс назар аудармайды. Шағымдар талдауының көрсетуі бойынша көптеген жағдайларда шағымдар осы жайттар бойынша негіз­деледі. Өзінің құқықтары мен міндеттерін толық білмеген турист келеңсіз жағдайларға душар болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]