Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика дип жана.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
70.04 Кб
Скачать

2.3 Экономикалық электэнергия шығару жобасының эффективтілігі

Кесте 3

Экономикалық электэнергия шығару жобасының эффективтілігі

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлік

Қуаттағы көрсеткіштер

40 МВт

80 МВт

1 кВт*сағ өндірілген электрэнергияның өзіндік құны

Теңге

2,5

2,0

1 кВт*сағ қарастырылған аймақта өзіндік құны:

НДС-мен

НДС-сіз

Теңге

Теңге

5,6

4,87

5,6

4,87

Мұнай өндірудің өз қажеттілігіне пайдаланатын 1 кВт*сағ өндірілген электрэнергия пайдасы (4,87-2,5)

Теңге

2,37

1 кВт*сағ өндірілген электрэнергия пайдасы (4,87-0,73(МРЭК)-2)

Теңге

2,14

40 МВт қуаттың жылдық жалпы пайдасы

Млн. Теңге

830,4

80 МВт қуаттың жылдық жалпы пайдасы

Млн. Теңге

1580,2

Инвестиция өтемділігі

жыл

3,5

1,8

Сондықтан 2 (45МВт) газ турбиналық қондырғы (SGT-800) салған ұтымды болады.

Қорытынды

     

 Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу электр энергетиканы дамытуға барлық шығындарды жабу үшiн бiр ғана бәсекелi нарықтың жеткiлiктi бола алмайтынын көрсеттi. Көптеген елдерде электр энергиясын жеткiзушiлерге нарықтық құннан үстеме төлемдер жасаудың тетiктерi ұсынылды: Ұлыбританияда барлық жеткiзушiлерге арналған бiрыңғай үстеме бар, Латын Америкада (Панама, Никарагуа, Гватемала) жеке қуат нарықтары бар, АҚШ-та (PJM нарықтары, Жаңа Англия) қуат нарығында аукциондар 2008 жылдан бастап өткiзiлуде, Ресей де әлемдiк тәжiрибенi үш жылға жуық зерделедi және осы жылы Ұзақ мерзiмдi қуат нарығы туралы тұжырымдама қабылданған болатын және алғашқы бәсекелi қуат iрiктеудi жүргiзу күтiлуде (2010 жылғы қыркүйек). Жасалып жатқан қуат нарығы өзiне шоғырландырушы қуаттарды дамыту мақсатында электр энергетикасы саласын уақытылы инвестициялау үшiн тетiктi бiлдiредi.

Оның пайдасына дәлел споттық сауда-саттық электр энергиясының көтерме сауда нарығының қажеттi сегментi болып табылатынына шетелдiк нарықтар тәжiрибесi кепiл болады. Осылайша, тиiмдi жұмыс iстейтiн энергетикалық биржалар ең алдымен ашық баға реттегiш болып табылады, өйткенi споттық сауда-саттық бағасына қазiргi кезде нарықта бар барлық сыртқы және iшкi факторлар әсер етедi, бұл: маусымдылық, қуаттардың апатты iстен шығуы және тағы басқалар. Қазiргi уақытта, озық шетелдiк электр энергетика нарықтарындағы споттық сауда-саттық электр энергияның сатылу көлемi көтерме нарықта сатудың барлық көлемiнiң 20 %-дан (PJM нарығында, АҚШ) 70%-ға дейiн (NORD POOL, Скандинавия) құрайды. Мысалы, Ресей Федерациясында Үкiметтiң қаулысымен электр энергияны споттық сауда-саттықта кезең-кезеңмен еркiн бағамен мiндеттi түрде сату нормалары 15 % -дан бастап одан әрi ұлғаюмен белгiленген.

Электр энергиясын споттық сауда-саттықта сатып алудың бiрқатар артықшылықтары бар:

1) сауда-саттық биржа қағидаттарымен түсiнiктi де ашық баға белгiлеумен өткiзiледi;

2) мәмiлелер жасау үшiн әртүрлi байланыс жүйелерiн және ең алдымен internet — технологияларды пайдалану;

3) мәмiлелердi орындаудың қаржылық кепiлдiгiнiң болуы;

4) нарық субъектiлерiнiң электр энергиясына қажеттiлiгiн дәл жоспарлау мүмкiндiгi, осылайша екiжақты келiсiмшарттардан электр энергияны тәулiктiк жеткiзу/тұтыну кестесiнiң базалық бөлiгi қалыптасады, ал нарықтың көмекшi сегменттерiнiң көмегiмен (споттық сауда-саттық, теңгермелi нарық) нарық субъектiлерi жүктемелердiң дәлме-дәл 100 %-ға (шарықтау шегi, жартылай шарықтау шегi) жоспарлау мүмкiн емес бөлiгiн жабады, бұл келiсiмшарттық емес көлемнiң шығынын азайтуға мүмкiндiк бередi;

5) инвесторларға салынған қаражатты қайтару бойынша қосымша кепiлдiктер бередi.

Органикалық отынды пайдалану қазiргi уақытта әлемдiк энергетиканың негiзiн құрайды. Халықаралық энергетика агенттiгiнiң (ХЭА) деректерi бойынша 2006 жылы әлемдiк электр энергияны өндiру 16691 ТераВатт құрады. Органикалық отынды пайдалана отырып, өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 66,4 %, iрi гидростанциялардың үлесi 15,9 %, атом энергетикасы 15,8 %, жаңартылатын энергия көздерi 1,9 % құрайды. Сонымен қатар, 21 ғасырдың басында энергетиканы дамытуға энергетика ресурстарын тұтынудың артқан кезiнде қазынды отын ресурстарының шектеулiлiгi мен бөлудiң әркелкiлiгi, елдердiң энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, парник газдардың шығарындылары бойынша экологиялық шектеулерге ұмтылысы сияқты факторлар әсерiн тигiзiп отыр. Осы факторлар энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесiн арттыру қажеттiгiне алып келедi. Халықаралық энергетикалық агенттiктерi мен институттардың зерттеулерi көрсеткенiндей, 2050 жылы әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесi энергияға артып отырған сұранысты қанағаттандыру және атмосферадағы парник газдардың құрамын тұрақтандыру үшiн шамамен 18%-ды немесе одан жоғары құрауы мүмкiн. Дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерiн дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қабылдауда. Осылайша, Еуропалық Одақ 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергияны өндiру үлесiн 20 %-ға дейiн ұлғайту туралы шешiм қабылдады (iрi су электр станцияларын есептеусiз). Қазақстанда iрi су электр станцияларында өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 12% құрайды.

Жаңартылатын энергия көздерiнiң iшiндегi ең серпiндi дамып келе жатқан коммерциялық түрлерiнiң бiрi жел энергетикасы болып табылады. 2009 жылы жел электр станцияларының (ЖЭС) қондырылған қуаты шамамен 160 000 МВт құрады, ЖЭС-те жылына шамамен 340 млрд. электр энергия немесе әлемдiк электр энергияны тұтыну көлемiнiң 2% өндiрiлдi. Жел энергетикасы жылына 20-30% дейiн қуаттың тұрақты артуын көрсетiп келедi.