- •Тәжірибелік жұмыс № 1 Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Тақырыбы: «Кестелік процессор ms Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 10
- •Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11
- •Тақырыбы: «Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №12
- •Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тақырыбы: «Сұратуларды жасау. Есеп беруді жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Әдебиеттер:
- •Мазмұны
Жаттығу жұмыстары:
1 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.
2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.
3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .
4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.
6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.
7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.
8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.
9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.
10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.
11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
1-кестедан алынады)
D дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.
Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.
Справка.txt файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.
Зертханалық жұмыс тақырыбын, бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .
1-кесте
Нұсқа №
1- тапсырма
2- тапсырма
3- тапсырма
1
D:\Работа_2\Р2\Справка.txt
Р1 бумасына
аты Термины.txt
2
D:\Работа_1\Р2\Справка.txt
Р21 бумасына
аты Сведения.txt
3
D:\Работа_2\Р21\Справка.txt
Р1 бумасына
аты
Понятия.txt
4
С:\Работа_1\
Справка.txt
Р2 бумасына
аты
Сводка.txt
D:\
Работа_1
Работа_2
Р1
Р2
Р21
Справка.txt
5
D:\Работа_1\Р2\Справка.txt
Работа2
бумасына
аты
Список.txt
Бақылау сұрақтары:
1) ДЭЕМ үшін операциялық жүйенің қандай қызмет атқарады?
2) Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады?
3) Объектілермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін көрсетіңіз.
3) Терезелердің түрлерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай?
4) Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады?
5) Қолданбалы стандарт қосымшаларды (программаларды) атаңыз.
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
Мақсаты: Word текстік процессорында текстік құжаттарды құру,
редакциялау және форматтау тәсілдерін меңгерту.
Негізгі түсініктер:
Текстік процессорлар (мысалы, MS Word программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.
Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.
Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..
Құжатты сақтау. Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Файл – Сохранить как командасы көмегімен орындалады.
Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстыру келесі әрекеттерді қамтиды:
Главная ->Найти (немесе Ctrl+f пернелері) командасы орындалады;
Найти тұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;
Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменить жапсырмасының элементтері қолданылады;
Заменить на нұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.