Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
161
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

2 Жук тасымалын жоспарлау.

Жүкті жүрдек, жолаушы және жүк-пошталы поездардың жүк вагондарында тасымалдайды.

Жүк-пошта поездары негізгі стансалар аралығында жүкті өңдеу жұмысының рационалды реттелүін қамтамасыз ететін жоспар бойынша құрастырылады. Жүйелі жоспар әрбір тірек стансасы үшін басқа тірек стансаларына жүк тасымалдау бағытын, қайда және қандай пойыздармен жүкті түсіру, қайта тиеу жұмыстарын анықтайды

3 Жүк-багажбен атқарылатын операциялар.

Жүк-багаж деп жүк багаж тарифы бойынша жекеленген азаматтардан, мекемелер мен кәсіпорындардан тасымалдауға қабылданатын жүкті айтады.

Жүк-багаж жүк-пошта поездармен тасымалданады. Егер жүк вагондары жолаушы жүктерімен толтырылмаған жағдайда жүк-багажды жүк вагондарда тасымалдауға болады.

Азаматтардың бір орыны массасы 160 кг болатын жүгі. Жүк операциялар үшін ашық барлық стансалар арасында тасымалданады. Бөлінбейтін үй-тұрмыс заттары 160-тан 300 кг-ға дейін – жүк-багаж операцияларын атқаратын стансалар арасында тасымалданады. Жүк-багаж поездін бағыт стансасында тұру уақыты 5 минуттун аз болмаған жағдайда ғана тасымалға алынады. Жүктін жеке орнының массасы 80кг нан, бөлінбейтін зат массасы 300кг нан, ұзындығы-3 м –дан аспауф керек.

Үй заттары жүк-багаж үшіпн белгіленген тариф бойынша жолаушы поездарының жүк вагондарында тасымалданады. Тез құртылатын заттарды тасымалдау кезінде жіберуші қабылдаушыға жүк қай поезбен жіберілгенін алдынала хабарлау керек.

Жүкті немесе үй заттарын жөнелту үшін жіберуші станса басшысына өтініш беруі керек. Бұл өтініште жүк орынының саны, массасы және қаптау түрі, белгіленген бағыттыағы стансасы, жіберуші мен қабылдаушы аты-жөні мен мекен жайы көрсетіледі. Тасымал рұқсат етілген жағдайда станса басшысы өтініште жүкті қабылдау уақытын (күні, айы, сағаты) белгілейді. Жүктін әрбір орны жіберүшімен белгіленеді. Үй заттарын тасымалдаған уақытта жіберүшіге жүк квитанциясы беріледі, билет нөмірі орнына онда қабылдаушышның аты-жөні, мекн-жайы көрсетіледі.

Жүру бағытында маршруттуы өзгертүге және қайта жөнелтүге болмайды. Жеке адамдардың мекен жайына келген жүк немесе үй заттары қабылдаушы немесе оның сенімді адамына паспорт немесе куәлігін көрсеткенде ғана беріледі және жол жүру тізімінің артқы жағында паспорт нөмірі мен мекн жайы жазылған қол хат қойылады.

Жүкті алған уақытта қабылдаушы оның массасын тексеруге құқылы. Стансаға келген жүк түсірілген күнін санамағанда 24 сағат тегін сақталынады. Одан көп сақталуы үшін қосымша ақы төленеді. Қабылдаушы жүк келгендігі туралы ескертухат алғаннан кейін 5 тәулік ішінде жүк алынбаса қажетсіз жүк тиісті мекемелерге таратылады. Үй заттары 30 тәулік сақтадады.

Жүк тасымалдау құны «№5 тарифтік басқармамен» анықталады. Және де қосымша тиеу, түсіру, олшеу ақылары алынады.

Жүктін есептелген ең аз мөлшері 10 кг, ал 1000 кг көп жүк тасымалында толық емес 100 кг толық болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

Оқу-әдістемелік әдебіет

С.А. Алпысбаевтың жалпы редакциалануымен«Организация работ по обслуживанию пассажиров на железнодорожном транспорте»Оқу құралы.- Алматы:М. Тынышпаев атындағы ҚазККА, 2005.

В.А. Кудрявцев редакциялануымен«Организация железнодорожных пассажирских перевозок», Мәскеу, «Академия» баспахана орталығы, 2004-256б

З.С. Бекжанов, С.В. Богданович, Н.Ж. Берикбаев «Жолаушы тасымалын басқару» пәні бойынша курстық және дипломдық жобалауды орындау бойынша әдістемелік нұсқама.. Алматы, 1999-35бет.

Р.Х. Хасенова «Организация пассажирских перевозок на ж.д. транспорте» Алматы, 2000-97 бет.