Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геодезия 1-25 жауаптары.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
396.56 Кб
Скачать

18 Билет

  1. Масштаб дәлдігі дегеніміз не?

Жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызықтарын картада кескіндеудің кішірейтілу дәрежесі масштаб д.а. санды және графиктік деп бөлінеді. Санды масштаб алымы бір сан, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес келетін дұрыс бөлшек. Кей жағдайда берілген үлкен көлемді геодезиялық есептеуді жеңілдету үшін графиктік масштабты пайдаланған ыңғайлы. Ол сызықтық және көлденең болып бөлінеді. Сызықтық масштаб қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген. Көлденең масштаб нақты инженерлік құрылыстардың жобалау жұмыстарын үлкен көлемді топографиялық жоспарларда бейнелеп, қашықтық өлшемдерін жүргізу үшін арнайы көлденең масштабты темір сызғышты пайдаланады. яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:

t = cb =А' О=a/m*n

мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді. [1]

  1. Карта және планның шартты белгілерін анықта.

19 емтихан билеті

  1. Карта және планда рельефтің бейнелену тәсілдері.Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады. Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар-бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңкырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрлысының ішінен қойылады . Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады. Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір—біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алые болса онда беткейдің жатық болғаны. іргелес орнапасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын (һ) қима биіктігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) кабылданған.

  2. Сызықтың еңісі (уклон) дегеніміз не? Ответин таппадым

20 емтихан билеті

  1. Құралдың горизонты дегеніміз не?

Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты ГИ д.а. аспап горизонты мынаған тең:

ГИ=НА+а яғни аспап горизонты ГИ нүкте биіктігіне НА сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті “a’ қосқанға тең. Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктігін анықтауға болады.

  1. Дирекциялық бұрышты есептеуді бақылау

Егер АВ сызығының дирекциондық бұрышы αАВбелгілі және В нүктесіндегі оң жақ горизонталь бұрыш βоң өлшенген болса, онда келесі Вс қабырғасының дирекциондық бұрышы αвс былайша анықталады:

αвс=αав+х

мұндағы х=1800- βоң

онда: αвс=αав+1800-βоң

егер В нүктесіндегі сол жақ бұрыш βсол өлшенген болса, онда αвс дирекциондық бұрышы былай анықталады.

αвс=αав-1800+βсол