Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ 69-241.docx
Скачиваний:
267
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.23 Mб
Скачать

V бөлім. Тж жағдайларьіна басшы құрамына, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30.09.93 жылы "Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бой­ынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы" № 969 Қаулы қабылдады.

Осы Қауыл негізінде "ТЖ жағдайларына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі" әзірленді.

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу және төтенше жағдайлардың салдарынан қорғану Қазақстан Респуб­ликасы халқының міндеті болып табылады.

Халық үшін негізгі міндет — қалыптасқан тосын жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз-өзіне көмек көрсете білуге үйрену.

АҚ бойынша халықтың әртүрлі санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру

АҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында, біліктілікті көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдістемелік жиындарда (оқу жылы басталар алдында) және тікелей ұйымдарда 15 сағаттық батдарлама бойынша жүргізіледі.

БКОҚ-да АҚ және ТЖ мәселесіне оқу уақытының 10— 15% бөлінеді.

АҚ құрамаларын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 сағат көлемінде, оның ішінде 9 сағат жалпы тақырып және 6 сағат арнайы тақырыптар бойынша практикалық сабақ өткізіледі.

АҚ құрамаларынмен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткізіледі, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлік-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ іс-әрекетке даярлығы тексеріледі.

АҚ құрамаларына кірмейтін жұмысшалар мен қызметшілерді даярлау әрбір оқып-үйренушіге белгілі білім көлемін беруді және төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке және корғаныс әдістеріне практикалық дағдыларды сіңіруді мақсат етеді.

Сабақ күн сайын 12 сағаттық бағдарлама бойынша өткізіледі.

Сабақ барысында "Баршаның назарына!" дабылы бой­ынша және төтенше жағдай қауіпі мен пайда болу туралы ақпарат алған кезде дұрыс іс-әрекет жасауға, өз-өзіне көмек көрсету әдістерін үйренуге баса назар аударылады.

Өндіріс пен қызмет саласына тартылмаған халықты да­ярлау Азаматтық қорғаныс бойынша жаднамаларды, буклеттерді, мерзімді баспасөздегі материалдарды жеке үйрену, телехабарларды қарау мен тыңдау арқылы жүргізіледі.

Жоғары оқу орны студенттері 'Тіршілік қауіпсіздігі" кур­сив, оқиды, ол міндетті пән және арнайы сабақ ретінде оқу жоспарына енгізіледі.

Сабақ жоғары курстарда (3—4) өткізіледі.

АООҚ және КТМ оқушылары 25 сағат көлемінде бастапқы әскери даярлықтың (БӘД) "Азаматтық қорғаныс" курсын игереді.

Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер 1-9 сыныптарының оқушылары "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" (ТҚН) бойынша оқып үйренеді.

ТҚН бойынша сабақ міндетті және оқу уақытында өткізіледі.

Сейсмоқауіпті аумақта орналасқан мектепке дейінгі ба­лалар мекемелерімен оның меңгерушілері мен тәрбиешілері тоқсан сайын ойын түрінде төтенше жағдайлардағы іс-әрекет бойынша сейсможаттығу және жарты жылда бір рет, егер мектепке дейінгі балалар мекемелері сел қауіпі бар аумақта орналасса, сел бойынша жаттығу өткізеді.

Оқып үйрену барысында әдістемелік құралдар, тақырыптық мультфильмдер мен ойындар пайдаланылады.

Ұйымдардағы АҚ мен ТЖ жөніндегі оқу-жаттығу түрлері

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбіт және соғыс уақытынан шыққан мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудын негізгі және аса тиімді түрі болып табылады.

АТО даярлықпен өткізу кезінде АҚ құрамаларын даяр­лау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулықты, бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

АТО созымдылығы 4 — 8 сағат болуға тиіс.

АТО даярлау мен өткізу кезінде мына құжаттар әзірленеді:

  • АТО даярлық пен өткізу туралы бұйрық;

  • АТО даярлығының күн тізбелік жоспары;

  • АТО өткізу жоспары.

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бой­ынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

КШО жиі сайын, егер олар үстіміздегі жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда бір тәуліктсн аспайтын мерзімде, оның ішіде 8 сағат жұмыс уақытында олар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. Ұйымдарда КІІІО-ны өткізу басшы құрамының оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейін ұсынылады.

КШО өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

s ұйымдарда КШО өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

S ұйымдардағы КШО даярлығының күн тізбелік жос­пары;

s оқуға басшылықты ұйымдастыру схемасы; s басшылар орынбасарлары мен дәнекерлерінің жеке жоспары;

S басқа қажетті құжаттар.

Кешенді оқу (КО) Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары комаңдирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салда­рына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және екі тәуліктен аспауға тиіс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешімі бойынша оқу созымдылығы көбейтілуі мүмкін.

КО-ға бүкіл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері, жеке құраммен, техникамен, прибормен және мүлікпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Ұйымдарда КО жүргізу үшін мына құжаттар әзірленеді:

  • ұйым АҚ бастығының бұйрығы;

  • КО өткізудің күн тізбелік жоспары;

  • оқуды өткізу жоспары;

  • басшылар орынбасарларының (көмекшілерінің) дәне-керлерінің жеке жоспары;

  • оқуды қамсыздандыру үшін басқа да құжаттар (материалдық-техникалық, медициналық қамсыздандыру, барлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық).

Объектілік жаттығу (ОЖ) — бұл кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шаралардың көлемі бойынша қысқартылған, жеңілдетілген түрі.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейін.

ОЖ-ға бүкіл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері сондай-ақ құрамаға кірмеген жұмысшылар мен қызметшілер тартылады.

ОЖ өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

S ұйымдарда ОЖ өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

S ұйымдардағы ОЖ даярлығының күнтізбелік жоспары;

S ОЖ өткізу жоспары.

Оқудың барлық түрлеріне (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлықпен өткізудің нақты сұрақтары тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген.

Сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде кемінде тоқсанына бір рет сейможаттығу өткізіледі.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйым-а, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсанына бір рет сел бойынша жаттығу өткізіледі.

Жаттығулардың барлық түрлері ҚР ТЖА әзірлігін нұсқаулықтар бойынша өткізіледі.

Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихаттың рөлі

АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттау — бұл ҚР заңнамалық және өзге нормативтік-құқық актілерін халықты,қоршаған ортаны және ұйымдарды қорғау, адамдардың өмірін, мәдениет және өзге мұра түрлерін құтқару, ықтимал, зілзала, авария мен апаттың әлеуметтік-экономикалық залалын азайту жөніндегі үкімет саясатын тарату және мұқият түсіндіру.

АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттауды ТЖ басқармалары, болімдері мен қызметтері, даярлау және оқыту орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ұйымдар АҚ штабтары, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары жүргізеді.

АҚ мен ТЖ насихаттауға дәрістер баяндамалар, радио мен теледидардағы сөздер, баспасөз материалдары, кино, диа, бейнефильмдер, көрнекі насихат, журнал, бюллетень, жаднама, буклет, кітапша, парақша және т.б. кіреді.

Бұл мәселелер ҚР ТЖА әзірлеген "АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарында" жан-жақты баяндалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]