- •Халықтық қолөнер. Шылау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Өнер жұлдыздары
- •II апта ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері. Септеулік шылау
- •1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.
- •2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
- •3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.
- •4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Күй атасы -Құрманғазы
- •1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.
- •2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Ііі апта өлең – сөздің патшасы
- •1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.
- •1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •2. Абайға төмендегі мақалдар ұнамайды. Себебін түсіндіріңіз.
- •3.Сұхбаттасыңыздар.
- •Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы
- •2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •М.Әуезов – суреткер
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.
- •4. «Мен Мен м.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыздар.
- •О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •1. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •3. Мәтіннен үстеулерді топтап теріп жазыңыздар. Сұрақ қойып, сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.
- •Адам және табиғат
- •Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау
- •Қызыл кітап
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •VI апта туған жерге саяхат
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •Есептік
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •VII апта
- •Туризмнің даму тарихы
- •6. Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.
- •7. «Әлемдегі туристік орталыққа» саяхат жасаңыз.
- •8. Кестеге жоғарыдағы мәтіннен дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңыз.
- •9. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңыз.
- •1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •Қазақстандағы туризм
- •4. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық талдау жаса-ңыз. Яғни құрамына, мағынасына, сұрағына, атқаратын қызме-тіне қарай табыңыз.
- •6. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келді, қайда апарар едіңіз?
- •7. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастайсыз? Сұхбат құрастырыңыз.
- •8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
- •10. Төмендегі кестені толтырыңыз.
- •Салалас құрмалас сөйлем
- •Университет – білім ордасы
- •Бөж тапсырмасы:
- •IX апта басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас
- •Кемел көшбасшы
- •Ел үміті –қоғам қайраткері
- •Бөж тапсырмасы
- •X апта қоғам және жастар
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Сабақты бекіту сұрақтары:
- •Бөж тапсырмасы
- •XI апта қазақстан - әлемдік кеңістікт
- •Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
- •Қазақстан – Азия барысы
- •Қазақстан – әлемдік кеңістікте
- •Бөж тапсырмалары
- •Сөздік жұмысын жүргізіңіздер
- •Тәуелсіз Қазақстанның дамуы
- •Жаса, Қазақстан
- •Бөж тапсырмалары
- •XIII апта қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Кредиттік оқу жүйесіндегі артықшылықтар
- •Бөж тапсырмалары
- •6. А) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.
- •8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.
- •9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.
- •Ел болашағы – білікті маман қолында
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •6. А) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •50 Елдің қатарына қосылу мақсатын орындау
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Бөж тапсырмалары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •2 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •7. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •Бақылау түрі: коллоквиум
- •Емтихан сұрақтары
Бөж тапсырмалары
«Кредиттік оқужүйесіндегі артықшылықтар з» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.
XIV АПТА
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ
1–сабақ.
ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер?
2) Білім алудың формуласы бар ма?
3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?
4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?
2. Сөздердің мағынасына мән беріңіз-дер:
1) білім мен білік, біліктілік,
2) мамандық пен кәсіп
3) бәсекелестікке қабілеттілік
4) кәсіпкерлік белсенділік
5) әріптестік ахуал
6) әлемдік өркениет
3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?
4. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білімі мен ғылымын да дүние жүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 млн теңгеге жеткізу, ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шетелдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.
Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдар-лама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай мамандарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”.
Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.
Тапсырмалар.
1) Мәтінді әңгімелеңіздер.
2) Сұрақтарға жауап беріңіздер.
а) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба?
ә) Еліміз қазіргі күнде қандай мамандықтарға зәру?
3) Мәтіннің соңғы абзацындағы ойды жалғастырыңыздар.