Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
35.29 Кб
Скачать

Ойшылдық

Осыдан бір жарым айдай бұрын Оңтүстік Африка Республикасындағы Йоханнесбургте өткен әлем саммиті кезіндегі үзілістің бірінде Елбасы өзіне шақырып алып, сөйлескені бар еді. аз уақыт арасындағы сол бейресми әңгімеде Нұрсұлтан Әбішұлы біраз жайдың басын қайырып үлгерген. « Осы он жылда ел ісінің бел ортасында жүрдің ғой, талай шаруаға атсалысып келесің, бәрін болмағанмен біраз нәрсені сен де көріп қалдың. Тәклсіздік алған тұста біздің ел болып кететінімізге күмәнкелтіргендердің аз емес екенін білесің. Құдайға шүкір, мемелескет құрудың ең қиын белесі артта қалды. Тәуелсіздік жолында өзімізбен қатар түскен елдердің маңдай алдында келеміз. Осының сыр-сипатына терең талдау жасау керек. Кеше қандай едік, бүгін қандаймыз дегенді дәйім оййлану керек.Жоғымызды жоқтай жазу да жөн, барымызды бардай айту да жөн. Бақыт бағасын біленнің ғана басында тұрады», деген еді сонда Президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа еңбегі – « Жасампаздық Стратегиясын » оқып шыққан сәтте ел өмірінің ең көкесті мәселелерін ой елегінен өткізудің үлгісін де Елбасымыздың өзі көрсеткен екен деген ойға қалдық. Жалпы, ел басқарған адамға қойылған басты талаптың, тіпті басты шарттың бірі- ойшылдық. Ой оңды болмайынша, іс оңды болмайды. Назарбаевты әлемдік ауқымдағы саңлақ саясаткер ретінде танытып отырған факторлардың бірі де осы ойшылдықта жатыр. « Жасампаздық Стратегиясы» айқын айғағы, даусыз дәлелі.

Газеттің небәрі бір жарым ғана бетін алып жатқан бұл шағын еңбек – ойға кенен, талдауы терең дүние. « Қазақстан - 2030» Стратегиясының қабылданғанына бес жыл толуына орай жарық көрген бұл толғамда Мемлекет басшысы өзінің тұсындағы жағдайдан да анағұрлым асып, әрңден ойлайтын кемелдік көрсеткен, келешекке кететін, алғы заманға жететін сөзді айтқан. Шығыс ойшылдарының, ел басқарған данагөйлердің үлгісімен бүгінгінің сөзін ертеңгінің биігінен сөйлеу, ертеңгінің сөзін бүгінгімен тиянақты ету тәнті етеді. Егемендіктің елең-алаңында бұрынғының бәрін бірдей тәрк етпекке тырысқандар, нарыққа көшкеннің жөні оыс екен деп жоспарлау атаулыны ауызға алмауға ұмтылғандар да, тіпті бәле біткеннің бәрі сол жоспарлаудан болғандай сөйлегендер де табылғаны есімізде.

Бір жақсысы, Президент ондайларға ырық берген жоқ. Қайта елдің тәуелсіздік жағдайында жаңаша дамуының жай жапсарын алыстан қамдастырып, сонау 1992жылдың өзінде « Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы мен дамуының Стратегиясын» жариялады. « Қазақстан - 2030» - сол Стратегияның жаңа жағдайларды ескере, жаңа биіктен қарай отырып, жасалаған жалғасы, біздің елдің тұрақтылығының тұғыры. Біз бүгін Қазақстанның айдай әлем алдында ішкі- сыртқы саясаты сарабдал, экономикалық қуаты мол, күні ертең дәулетіне сәулеті сай елге айналғалы тұрған мемлекет ретінде мойындалатынының басты бір сырын осы Стратегияның өміршеңдігінен көреміз. Көкірегніде көзі бар, елім дейтін, жерім дейтін, елінің қамын жейтін әрбір азамат бұл еңбектен өзіне мағлұмат алып, мемлекет алдында қандай асқар асулар тұрғанын, сол асуардан абыроймен асу үшін елдік сана қажет екенін еріксіз ұғады. Назарбаевтың бұл еңбегі «орын алған кемшіліктерді жойып, кездесетін қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, ілгерілеу бағытында жаға қадамдар жасауға», « жедел өзгеріп келе жатқан дүниенің ығытына қарай өз күш- қимылымызды қайтадан бағамдауға» тиістігімізді терең түсіндіретіндігімен де құнды. Президент жаһандануға кіпһрпіктей тұра алмайтындығымызды, сондықтан да оның кейбір келеңсіз ықпалын еңсеруімізге әзір болуымызды да ескертеді.

Еліміздің тәуелсіздігі келер күнімізг кемелдік биігінен қарауға, болашағымызды батыл юъболжауға мүмкіндік беріп отыр. Абайдың Пушкиннен жасаған аудармасында « Келер күн келер екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман» деген қос жол болушы еді. қай заманда да уақытынан озық жүретін ойшылдар « үдей басатын, алғыдан асатын» келешекке көз тіккен. «Қазақстан - 2030» Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі сан –салалы жұмыстың осы өткен бес жылда елге не бергенін сарапқа салып, алдағы кезде не бере алатынын, ол үшін не істеуіміз керектігін санаға сіңірген бұл еңбек Нұрсұлтан Назарбаевтың ел бағына біткен ойшыл тұлға екенін тағы да таныта түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]