Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК ТЗН ЖАА.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
294.1 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1.Туркәсіпорынды басқарудың әдіснамалық негіздері қандай?

2.Модельдердің басқарушылық типтерінің қандай түрлерін білесіз?

3.Басқарушылық модельдер не үшін құралады?

4.Маркетингті не үшін басқару технологиясы ретінде қарастырады?

9.Туркәсіпорындағы басшы мен қызметкер алдында қандай тапсырмалар қойылған?

10.Туркәсіпорын құрылысының кәсіпкерлік қызметіндегі мағынасы қандай?

11.Турөнімді нарыққа шығарудың қандай әдістерін білесіз?

12.Туризмде қолданатын қандай арнайы зерттеу әдістерін білесіз?

Қорытынды

Туристтік қызмет нарығында қонақжайлық индустриясында тиімді, пайдаланатын цифрлық технологияладың шексіз мүмкіндіктері пайда болды. Электрондық коммерция нарық қызметіндегі жаһандық талаптарға жауап береді. Коммерция мен байланыс дамуындағы қонақ үйлер мен туристтер арасында интернет маңызды роль атқарады. Оның ролі өнімнің визуалдық презентациясын жасауды жаһандақ ауқымда анықталған. Интернетте сайттар жасау- турөнімді нарық қызметіне шығарудың болашақты әдістерінің бірі. Нарық қызметінде тиімді коммуникацияның негізгі құралы телефондық байланыс болып табылады және болып қалады, сондай-ақ қысқаша мазмұн жіберу, келгендерге алғыс білдіру, жарнамалық материалдар мен ай сайынғы баспасөз хабарламаларын жіберу нарықтық қызметте тиімді компонент болып табылады.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Тақырыпты оқығаннан кейін студент туризм практикасында келесі басқарушылық модель типтері, туркәсіпорынорында қолайлы жағдайды қызметкерлер олардың қызметтерінің ынталандырушы фактор ретінде бағалануын, яғни қызметкерлердің қалыпты қарым-қатынастарын, «басшы-бағынушы» жүйесіндегі қалыпты қарым-қатынастар туралы, оның қандай түрлері мен бағалану категорияларына бөлінуі жайлы толық мағлұмат алулары керек.

Әдебиеттер

1.Басовский Л.Е. Теория экономического анализа. – М.: ИНФРА-М, 2001.

2.Дурович А.П. Маркетинг в туризме. – М.: Экономпресс, 2002.

3.Емельянов Б.В. Экскурсоведение. – М.: Советский спорт, 2004.

Қосымша әдебиеттер

1.Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика. Избранные труды.В 5 т. Т.1: Гуманитарные проблемы развития туризма: история и современность. Т.3: Новые цели и функции туризма: экономика и управление. – М.: Финансы и статистика, 1998.

2.Биржаков М.Б. Введение в туризм: – М.: СПб.: Невский фонд, Олбис, 1999

Дәріс12.Туризмде қолданылатын зерттеудің спецификалық және турөнімді өткізудің әдістері

Дәрістің мақсаты: туризмде қолданатын зерттеудің ерекше тәсілдері мен турөнімді өткізуді жүзеге асыру әдістерін, турөнімге деген сұранысты анықтау кезінде қолданылатын үлгілер түрлерін қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

1. Туризмде қолданатын зерттеудің ерекше тәсілдері

2. Турөнімді жүзеге асыру әдістері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: генерациялық ой, матрица, нарықтық үлес, имитация, статистика.

Нарықтық қызметте белгілі құбылыстар мен мақсаттарды анықтағанда мамандар есеп берулер, баяндаманың анықтамасы, аналитикалық жазбалар дайындайды. Мысалы, аналитикалық баяндамалық жазбалар әдісінің көмегімен сарапшы аналитикалық жұмысты жағдай бағасымен және туркәсіпорынды дамыту жолдарын жеке өзі орындайды.

Қойылған тапсырмалар мен оларды шешудің маңыздылығын айқындауға ранг әдісін қолдануға болады. Бұл әдістерді қолданған кезде сарапшы мүмкін нұсқалардың номерлерін иемденеді, №1 маңызды критерий, №2 маңыздылау емес. Ранг әдісін қолдануда сарапшы қарастырылған нұсқаларды шкала бойымен қарастырады.

Танымал және кеңінен қолданылатын, басшылық көбірек қолданатын әдіс коллективті генерациялық ой мен мәселелерді шығармашылық шешу әдісі. Бұл әдістің түрлерінің бірі «милық шабуыл». Бұл әдісті қолдану әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, басшы қарапайым отырыста қызметкермен әңгімелеседі,кәсіпкерлік қызметіне кері әсер етуші мәселелерді айқындайды. Кемшіліктерді жою үшін менеджердің шығармашылық ойлары мен ұсыныстары сынсыз және бағасыз айтылады. Олардың жақсы нұсқалары қабылданып, жүзеге асырылады. Егер ойлардың талқылауы қиын жағдайда өтсе, онда отырыс кейінге көшіріледі.

Мынадай нұсқа да мүмкін, отырыс шеңберлік жүйеде өткізілсе, бірнеше мамандар өз ойларын жазу арқылы жүзеге асырылады. Жазбалармен алмасып, кезекпен енгізеді немесе оларды жаңа ойлармен толықтырады. Аяқталуында әр топта шығарылған ойлардың тізімін құрастырады. Содан соң жасалынған жұмыстың ортақ жиыны шығарылады. Бұл жағдай мамандардың белсенділігін арттырады.

Туркәсіпорындағы бірінші кезектегі тапсырманы анықтап, мамандар басқа ұсыныстарды қарастырады. Пікірталасқа қатысушылар ұсынылған ойларға критикалық ескертулерді айтуына болады, әр ойдың осал орнын анықтау үшін, консесус арқылы оларды шеттету жолдарын ұсыну, баса әдістерді олдану жолын анықтау. Кері «милық шабуылдың» мәні осында.

Матрицалық әдіс болжалдау әдісі маркетинг практикасында статистикалық әдістермен бірге қолданылады. Әр әдісті табысты қолдану оның нақты жағдаймен сәйкестілігіне байланысты: болжалдау мақсаттары, бастапқы мәліметтер, мамандардың біліктілігі.

Турөнімді жүзеге асыру- кәсіпкерлік басшылығының маңызды тапсырмасы. Бұл үнемі табысты болмайды. Менеджерлер үнемі сатылым талдауын жасап отыруы қажет.

Бұл мақсаттар үшін нарықта бәсекелестер қатынасына позицияны анықтауға бағытталған нарықтық үлес талдауы өткізіліп тұрады. Егер алдыңғы талдау есеп беру уақытында турпакеттер сатылымы көтерілгенін көрсетсе, онда бұл қызметтің көтерілгенін білдіреді.

Бұндай жағдайда нарықтық үлес талдауы туркәсіпорындағы бәсекелестік позициясының күшейгенін немесе күшеймегенін көрсетеді. Егер бәсекелестер нарықтық бәсекелестік жағдайды өздеріне үлкен пайдамен қолданса, онда мынадай жағдай туындауы мүмкін, сату көлемі өсіп, нарықтық үлес көрсеткіші төмендеуі мүмкін. Демек, тупкәсіптің бәсекелестік позициясы нарықта нашарлады.

Турөнімнің өтімін ұйымдастыруда түрлі әдістер қолданылады, мысалы, фирма басшылығының түйсігіне негізделген қазылар алқасының пікірлерін алу әдісі, оның басымдығы- қолжетімділік және қарапайымдылық, ал кемшілігі- болжамдар нақты фактілерге емес болжамдарға негізделеді.

Өтім қызметкерлерінің жинақтық ойлары әдісі негізінде турөнімнің мүмкін сатылы көлемінің жиынтық бағасы жатыр. Бұл әдісті мамандар нарық конънктурасында жақсы білім шарттарында қолданады.

Әдістің басымдығы бұл өтім жөніндегі агенттер жақын арада дұрыс болжам береді, нарық шарттарын жақсы біле тұра, кемшіліктерге болашаққа болжамдарды сенімді құрастыра алмау болып табылады.

Тұтынушылардың күтудегі тілектері әдісі туркәсіпорынорынның тұрақты клиенттерінің сұрақтарының нәтижелеріне негізделген: олар жеке меншік қажеттіліктерді болашақта жаңа қызметтер алу үшін бағалайды.

Алынған мәлімдемелер басшылыққа тұтынушылық сұраныстың жиынтығын болжалдауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс аз қолданылады, өйткені клиенттер үнемі өздерінің қажеттіліктерін білдіре бермейді.

Менеджерлер өз қызметтерінде әдістердің үйлестіруін қолданады. Турөнімге деген сұранысты анықтау кезінде келесі үлгілер қолданылады:

Аналогтік, ауданда немесе мемлекетте нарықтық жағдайдың жағымды көрсеткіштері қарастырылып жатқанда;

Имитациондық, ақпараттық жүйе көмегімен жасалынған арнайы бағдарламалар;

Нормативтік, жаңа турөнімді құрастыру мақсатында бюджеттен құралды қолданудың тиімді нормаларын анықтау үшін;

Статистикалық,(регрессияның жұптық және көпфакторлық теңестірілуі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]