Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций_каз.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.88 Mб
Скачать

Байланыс жүйесін басқару жұмысының негізгі критерийлері.

Шешімді тиімді қабылдау

Байланыс желілерінің тұрақты, сапалы жұмыс істеуі, оларды басқару жұмысының тиімді ұйымдасуына байланысты. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс көлеміндегі жұмыстары, негізгі байлныс саласына тән принциптер арқылы ұйымдастырылады. Олар:

  • Нарық экономикасына сәйкес , байланыс қызметтерін ұсынғанда тұтынушылардың құқығы мен қызығу жағдайларын сақтай білу керек;

  • Телекоммуникация желілері арқылы хабарларды кідіртпей жіберу, почта жолдамаларын дер кезінде қабылдап жіберіп, апарып беру;

  • Жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін пайдалануға бергенде, тепеөтең қарау;

  • Байланыс істерінің көлемінде адал ниетпен бәсекелесу;

  • Желілік технологияның ерекшеліктерін еске ала отырып, Қазақстан бойынша бірыңғай стандартты негізге ала отырып, байланысқа деген сенімділікпен басқарушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • Байланыс көлемінде халықаралық қатынастарды кеңейтуге, әлем байланыс жүйесімен қарым-қатынастарды тығыз байланыстыру жұмыстарына әсер ету принциптері.

Шешімді тиімді қабылдау

Қазіргі кезде кәсіпорынның шешуші факторы болып инженерлік іс емес, басқару ісі табылады. Басқару ісінің нәтижесі – шешім болып табылады. Шешім деп мақсатқа жету мүмкін жолдар мен әдістерді таңдау нәтижесін айтамыз. Бұл жерде шешім ең жақсы көрсеткішпен із жүсінде асу керек және тиімді қолдану керек.

Бұл жерде бірінші, «дұрыс істер» жасалып жатыр дегенді, ал екіншісі «дұрыс істер» дұрыс жүргізіліп отырғанын білдіреді, яғни ресурстарды дұрыс, тиімді пайдаланудан нәтиже алынды деген сөз.

Екінші жағдайда шешімді қабылдаудың үш жолын айтуға болады: аналогты тәжірибеге негізделген интуитивті шешім, рационалды, бірақ бір-бірінің арасынан бөлу сызығын жүргізуге болмайды. Интуитивті шешім – қабылданып отырған шешім дұрыс деген субъективті сезім негізінде қабылданады. Егер статистикаға жүгінетін болсақ, онда логикасыз қабылданған шешімдердің дұрыс екеніне аса сенім жоқ, бірақ 80% кәсіпорынның басшылары өз сезімдеріне, интуицаларына сене отырып шешімді қабылдайды. Бұрынғылардың тәжірибелеріне негізделіп қабылданған – шешімнің артықшылығ, оның арзандығы және аз уақытта қабылдануы. Бірақ, алдынғы басшы ескермеген жаңа, тиімді альтернативаны жіберіп алу қаупі бар.

Біздің шындық туралы барлық пікіріміз – бұл моделдер болып есептелінеді. Проблемалық жағдайларда шешімді қабылдау мақсатында компоненттердің өзара қатынастығы туралы гипотезаны қалыптастыра отырып, зерттеуші (маман немесе менеджер) реалды шындық моделін құрады, яғни оның құрылымын айқындайды немесе түпнұсқадан өзгеше қарапайымдалған түрде көрсетеді.

Факторлық анализ тәсілі – көптеген бастапқы белгілерді (признаки) көлемді бірақ аз санды факторларға ауыстыру жолымен ақпаратты жинақтай

3-кесте. Шешімдерді қабылдау тәсілдері.

Факторлық анализ

Телефон аппараттарын сатып алатын сатушылар маңызды деп санайтын факторларды аз көрсеткішке дейін редуцирлеуге бола ма? Осы факторларға байланысты әр түрлі маркалы аппараттарды қалай сипаттауға болады? Операторға қосылуға кететін бағаға байланысты көптеген факторларды белгілі көрсеткішке дейін редуцирлеуге бола ма?

Кластерлік анализ

Клиенттерді олардың сұраныстарына қарай топтарға бөлуге бола ма және оны қалай істеуге болады? Қызметтің әр түрлі тұтынушылары бар ма? Операторларды клиенттерге қызмет көрсетуіне қарай қандай филиалдарға бөлуге болады?

Операцияларды зерттеу тәсілі

Жобаланған аз шығынды қызмет көлеміннің шектелген ресурстарын қалай бөлуге болада? Берілген сенімділік деңгейінде желіні резервтеу үшін шығындарды қалай азайту керек?

Жаппай қызмет көрсету тәсілі

Үлкен жүктеме сағатында берілген көрсеткішті сақтай отырып жүктемені өткізу үшін қанша арна болу керек? Кездейсоқ ағанға берілген қызмет көрсету уақытынан көп емес қызмет көрсету үшін Call-орталықта жұмыс ауысымында қанша оператор болу керек?

Имитациялық моделдеу

Х жобасына ақша салымын салған кезде шығын болу көлемі қанша? Қымбат немесе экономикалық жағынан іске аспайтын тәжірибені ауыстыру қаупі қанша?

Статистикалық тәжірибелер тәсілі

Арнаның кездейсоқ алу уақытын немесе байланыс магистралінің құрылыс процесін қалай моделдеуге болады? Ізделіп отырған шамаларға статистикалық баға беру?

Желілік жобалау

Станциядағы іске қосуды жөндеу жұмыстары бойынша бір-бірімен байланысты жұмыстар комплексін қалай ұйымдастыруға болады? Алдын-ала белгіленген уақытқа дейін комплекс қандай ықтималдықпен бітеді? Комплекстік жұмыстарға кететін уақытты минимизациялау үшін жұмыс резервтерін қалай бөлу керек?

Эксперттік бағалар

Оператордың сапалық деңгейі ИСО стандартына сәйкес келе ме? Бүгінгі күнде саланың маңызды мәселері қандай?

алады. Мұндай ауыстыру мүмкін, себебі жобалатын қызмет көлемі көптеген факторларға байланысты, бұл факторлардың көбі бір-бірімен тығыз байланысты және көбі бірін-бірі қайталайды.

Дәріс сұрақтары:

  1. Басқару ісінің нәтижесі?

  2. Бағдарланбаған шешім қай уақытта қолданады?

  3. Шешімді қабылдаудың жолдары?

  4. Моделдер деген не?

  5. Экспертті шешім қалай жіктеледі

Байланыс қызметі және жоспарлануы.

Байланыс қызметтерінің экономикалық сипаттамасы мен классификацясы.

Жоспарлау принциптері.

Тарату желісінің негізгі жоспарлау принциптері, дыбысты және телевизия тарату желілеріне ортақ болады.

Радиотаратудағы тұрған жалпы талап, тыңдаушылардың программаға қажеттілігін аз шығынмен толығымен қамтамасыз ету.

Жоспарлағанда төменгілерді ескерту керек:

  • Территория көлемін;

  • Бөлінген жиілікті (частота полос);

  • Пайдаланудың талабы;

  • Радиотаратудың каналдар мен трактардың электр параметрінің нормалары.

  • Бағдарласы мен негізгі даму жолдары.

Қажетті белгілер:

  • Станциялардың тиімді орналасуы;

  • Әрбір таратқыш желісінің зонасы белгілі болуы керек;

  • Радиостанциялар арасындағы жиілік айырмашылығы неғұрлым төмендеу болу керек;

  • ? станцияларының техника- экономия-

Байланыс саласының негізгі мақсаттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Байланыс қызметтері кәсіпорынның бағдарламасын жоспарлауға, пайдалы жұмыс істеуге база болады және жіберу құралдарының керектігін қанағаттандыру үшін индикатор деуге болады.

Байланыс қызметіәртүрлі хабарларды қабылдау, сұрыптау, жіберу және апару жұмыстарының қорытынды нәтижесі.

Экономиялық сипаттамалар:

  • жасалынған істің сипаттамасы заттарға ұқсамастығында;

  • қызметті жасау мен оны пайдалану процестерінің уақыт бойынша бір мезгілде орындалуы;

  • қызметтерді ұйымдастырғанда оған бірнеше кәсіпорынның қатысуы;

  • хабарды жіберуі процессі әрқашанда екі жақты.

Байланыс қызметі екі түрде жасалынады:

  • біріншісі, жеке хабарларды жіберу, тарату түрінде (хат, телеграмма,телефонмен сөйлесу т.б.);

  • екіншісі, пайдаланушыларға техника құралдарын беру ретінде (каналдар, таксафондар, апараттар т.б.).

Байланыс қызметтері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгілер хабарды жіберу процесінің нәтижесін көрсетеді. Баға құру жағынан байланыс қызметтері төленетін және тегін берілетін болып бөлінеді.

Байланыс қызметтерітериторриялық ерекшелікке қарай халықаралық және жергілікті болып бөлінеді. Байланысқызметінің көлемін табуда натуралды және баға өлшем тәсілдері қолданылады.

Натуралды өлшембайланыс қызметінің физикалық мәнін сипаттайтын көрсеткіштерді қолдануға негізделген (хат, телеграмма, сөйлесу т.б.).

Ақшалай бағаланған өлшем– әртүрлі барлық көрсетілген байланыс қызметтерін бір ақша өлшемін арқылы көрсетуге мүмкіншілік береді. Жалпы байланыс қызметтері көлемінің бағалы өлшемі ретінде негізгі өндіріс табысы көрсеткіші қолданылады.

Қызмет көлемін табу үшін, шартты – натуралды өлшем де қолданылады, өлшемнің біреуі негізге алынады да қалғандар коэффициенттер көмегімен бір көрсеткішке келтіріледі. (кететін, келетін, өтетін, өңделеді 30 мың кететін, 120 мың өтетін, 5 мың келетін, телеграф 1 телеграфтарға кететін уақыт – 0,4 макс., 1,7 мин., 0,4 мин., коэффициент приведения 1,7; 0,9; 1,9 мин, келетін 0,4; 0,9=00,4). (объем услуг қызмет көлемі шартты натуралды түрінде: 301+1201,9+5; 0,4=278 мың келтірілген телеграмма).

Нарық байланыс қызметтерін зерттеу және керектікті болжамдау

Басты мақсат: қазіргі нарық жағдайын бағалау және болашақта қызметтің бағу бағдарламасын дайындау.

Нарық байланыс қызметі деген – өндіру және пайдалану қызметтерінің экономикалық қатынастарының қосындысы ретінде түсінеміз, оған қоса қызметті шығарушылар мен оларды пайдалнушылардың арасындағы өзара әрекет тәсілдер.

Пайдалнушылар құрамына байланысты: жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып бөлінеді.

Керектік (сұраныс) – бұл төлеушілік мүмкіншілігі шектелген қажеттілік.

Байланыс қызметтерін ұсынушылық – бұл кәсіпорынның пайдалнушыларға бере алатын кейбір байланыс түрлерінің сапалыларына байланысты саны.

Зерттеу программасына төмендегі бағыттар кіреді:

  • нарықтың жалпы сипаттамасын талдау;

  • пайдаланушыларды байқап білу;

  • нарықтық сигментациясын әртүрлі жағдайларына қарай талдау;

  • керектіктің қазіргі жағдайы мен болжамын бағалау;

  • альтернативті операторлардың тай – таласты және жұмыс жағдайын талдау;

Нарық байланыс қызметтерініңәр бағытын зерттеугетөмендегі этаптар кіреді:

  • зерттеудің алдындағы мақсаты мен міндеттері,

  • зерттеу объектілерін табу, жүргізутәсілдері;

  • зерттеу программасын жасау;

  • мәліметтерді жинау;

  • зерттеу мәліметтерінталдап нәтижесін шығару.

3- Дәріс сұрақтары

1) Байланыс қызметі дегеніміз не?

2) Ұсынылған байланыс қызметін атаңдар және сипаттаңдар?

3) Қызмет номенклатурасы дегеніміз не?

4) Байланыс қызметінің қаржылай және натуралды өлшеуіштері дегеніміз не?

5) Байланыс ҚТС жэне АТС ақылы қызметінің номенклатурасына мысал келтіріңдер?

6) Негізгі байланыс қызметінің ақпараты не үшін қажет?