Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_zadania (1).docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
54 Кб
Скачать

27 Билет

КСРО Орталықодағының Қарағанды кооператив институты 1966 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 22 наурыздағы N 215 және КСРО Орталықодағы Басқармасының 1966 жылғы 9 маусымдағы N 84 Қаулыларымен құрылды. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін ол Қазақтұтынуодағының қарамағына беріліп, Қазақ тұтыну кооперациясы институты болып қайта ұйымдастырылды. Білім қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, университеттік білім беру деңгейіне сәйкестігі жөнінде 1995 жылғы 9 маусымдағы лицензия алғаннан кейін Қазтұтынуодағы Басқармасының 1997 жылғы 5 шілдедегі N 30 қаулысымен Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне өзгертілді. Қазіргі уақытта бұл Қазақстан Республикасындағы екінші ірі экономикалық оқу орны. Университет құрамында мынадай факультеттер бар, олар: күндізгі оқыту бөлімінің бизнес және құқық, экономика және басқару, есеп – қаржы факультеттері, қашықтан оқыту бөлімінің бизнес және құқық факультеті мен қаржы-экономикалық факультеттеті. Университеттің бай материалдық - техникалық базасы:  үлкен амфитеатрлы лекция залдары, ақпараттық білім беру орталығы, мультимедиялық дәрісханалар, жеке ЭЕМ паркі, 350 мың данадан асатын 250 орындық оқу залы бар, аймақтағы экономикалық  әдебиет жөнінде мамандырылған ең ірі кітапханалардың бірі жұмыс істейді, өз баспаханасы, кооператив қозғалысы және университет  тарихи мұражайы бар.

26,28 Билет.

Біздің болашақ мамандығымыз- мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі. Төрт жылдық оқуды біткеннен кейін көп қызмет салаларында жұмыс істеуге болады. Олар: Қонақ үй бизнесін ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары). Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесінің мемлекеттік және жеке компаниялары. Тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсету саласы, кәсіпорын (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа құрылымдар) .мүлік, мүліктік кешендер (кәсіпорын, мекеме және ұйым) және қонақ үй индустриясының өзге объектілері.

29 Билет

Жастар -ол елдің болашагы. Қазіргі жастар бұрынгы ата бабаларымыздың кезіндегі жастардан кемшілігі мен артықшылығы жоқ.бір ғана айырмашылығы қазіргі жастар жалқау,артық жұмыс істегилері келмейді.өз алдарына мақсаттары жоқ.тек дайынға тап болғылары келеді. Тек жастарға берілетін дурыс тарбие мен қызығушылық аркасында олар ултымыздың суйеніші мен мемлекетіміздің негізі бола алады.